Танымал отандық әнші "тоқал алуды еріккеннің ісі" деп атады

Танымал отандық әнші "тоқал алуды еріккеннің ісі" деп атады

Көпшілікке «Махаббат», «Астана» әндерімен танылған белгілі сазгер Қайрат Баекенов тоқал алуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, махаббатқа қашан да адал болу керектігін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазақ ән өнеріне көптеген хит-әндерді дүниеге әкеліп, эстрада жұлдыздарының көпшілігіне өз әндерін сыйға тартатын Қайрат Баекенов, «тоқал алу еріккеннің ісі» деп, «бүгінгі ер-азаматтар көп әйел түгіл, бір әйелді асырай алмайды» деген пікірімен бөлісті.

Танымал әншінің айтуынша, ер адам қашан да өз отбасына, сүйген жарына адал болуы тиіс.

"Тоқал алып жатқандар қазір күннен-күнге көбейіп кетті ғой. Ондай азаматтарға алса ала берсін, ақжол дегім келеді. Мен өз басым «однолюбпін» және ондай әрекетке барғандарды түсіне алмаймын. Кей кезде еркектер бір әйелдің өзінің көңілін аулай алмай жатады, ал көп әйел болса, әлгі отбасы мен балалардың жайы не болмақ", - деп кейіді әнші.

Сонымен бірге, танымал әнші әндерін сатпайтынын, алайда сазгердің әндеріне тапсырыс берушілердің қарасы қалың екенін мәлімдеді.

«Бұрындары әндерімді сатқанмын, жасырмаймын, қазір жоқ, сатпаймын, алдағы уақытта та сатпаймын деп ойлаймын. Бірақ менің әндеріме «кезекке» тұратындар көп. Мәселен, «Кешью» тобынан бастап, Эрик Тастембековтың жобаларындағы әншілерге дейін әндеріме тапсырыс беріп жатады. Ал кейде бұрындары жазған әнімді біреулер ұнатып, соларға да өз әндерімді сыйға тартып жатамын», - деп құпияларымен бөлісті әнші.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру