"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева анасының туған күніне орай аса әсерлі жазба жариялап, жоқшылық көрген кезін есіне алды. Әншінің анасы отбасын асырау үшін әр баласын босанғаннан кейін, үш айдан соң бірден жұмысқа шығып жүрген деп жазады NUR.KZ.
Меруерт Түсіпбаева Instagram оқырмандарына барынша ашылып, басынан өткен қиын кезеңдер туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі ақша жоқта бала-шағасының қамы үшін шапқылап еңбектенген анасының ерлігі туралы айтып берді.
"Жақында бізде мерейтой. Меруерт Түсіпбаеваның бұл өмірде жеткен әрбір жетістігі алтын әйелдің арқасы деп біліңіз. Ол менің анам. Менің анам - менің мотиваторым, бағыттаушым. Ол мектепте 35 жыл еңбек етті. Ол бізді босанып, үш айдан кейін жұмысқа шығып кететін. Осылай тоғыз мәрте жасады. Жоқшылықты көрдік, ақша мүлдем жетіспеді. Оның матадан жасалған аяқ киімі әлі есімде. Соны киіп алып, мектепке баратын еді. Көктемде ол аяқ киімінен су өтіп, ол үйге келген бойда оны кептіретін" , - деп жазды әнші.
Өміріндегі бұл қиын кезең өнер иесін алға мақсат қойып, оған қалай болса да жетуге итермелеген. Түсіпбаева анасы үшін барынша тырысып, ол қиналмас үшін бар жағдайды жасауға серт береді.
"Бұл көрініске куә болып, мен балалық шағымда-ақ өзіме серт бергенмін. Міндетті түрде тұлға боламын деп. Кемінде анама былғары етіктің жүз түрін сатып алып бергім келді. Алла тағалаға дәл осы әйелдің қызы болғанымды бұйыртқаны үшін алғыс айтамын. Анашым жақында 75 жасқа келеді. Жүрегім сыздап ауырады, кейде тіпті ұяламын өзім үшін. Анашыма әрдайым түсіністікпен қарай алмағаныма өкінемін. Әртістік өмірмен шапқылап жүріп, ол үшін маңызды сәттерді жіберіп алдым, бағаламадым. Кейде кешірім сұрауға тым кеш болып та жатады. Кешірші мені анашым. Алла сізді саұтасын" , - деп жазды ол.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаңалықтар түрі на казахском языке, шоу бизнес туралы пікірлер шындық, шоу бизнес туралы пикирлер шындык, Казахстанские новости о шоу бизнесе, шоу бизнес туралы жаналык, қазақстан жаңалықтары, "Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады