Меруерт Түсіпбаева 3 жылға сотталуы мүмкін
Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваның арасындағы дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Себебі, алғашқысы үш рет сот отырысына келмей қалған. Сәнгердің қорғаушысы әнші кешірім сұрамаған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.
“Сот төрағасы әлі де “Кешіресіз бе?” деп сұрап жатыр. Мен көп уақыт ауырдым. Маған Меруерт Түсіпбаева осы уақыт ішінде бір рет болсын қоңырау шалған жоқ. “Қалайсың? Жағдайың осылай болып қалған екен ғой. Кездесейік, сөйлесейік” деп айтқан жоқ. Өзі болмаса да, продюсері, директоры, менеджері хабарласқан болса, бәлкім, кешірер ме едім?! Енді заң өзі шешсін. Мен соңына дейін барамын”, – дейді Жадыра Сахиева.
Бұл Жадыра Сахиева мен Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы алғашқы сот отырысынан кейінгі сұхбатында айтқан сөздері. Ол кезде әнші сотқа келмей қалды. Осылайша отырыс кейінге шегерілді.
“Мен осы жолы кездесейік деп ойладым. Сөйлесіп, сіздердің алдыларыңызда кешірім сұрап дегендей. Ол кісі менің директорым Ринат марзаға хабарласып, қажетті ақпараттарды жинауды өтінген. Айтуынша, сотта кешірім сұрамақ болған. Осы секілді әңгімелер бізде болды”, – дейді сәнгер екінші сот отырысынан кейін.
Алайда Меруерт бұл жолы да келмеді. “Менің сөзім жоқ. Бұдан кейін мен оны қалай кешіретінімді білмеймін. Ол кісі заңды сыйламаса, не айтуға болады? Ештеңге айта алмаймын”, – дейді Жадыра ханым үшінші сот отырысынан кейін.
“Сот бір күнде біте бермейді. Ол – ұзақ үрдіс. Біріншіден, Мерурет Түсіпбаева келе алмады. Шетелде жүр екен. Екіншіден, ол кісінің өкілі қалалық сотқа қатысады екен. Сол себепті ол кісі сұранып, отырысты басқа күнге қалдыруды өтінді… Кешірім сұрамаса, үш мың есептік көрсеткіш көлемінде немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға біздің берген арызымыздың күші бар”, – дейді сәнгердің қорғаушысы.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Жадыра, Меруерт, дейін, кешірім, дейді, Түсіпбаева, қорғаушысы, жылға, кейін, отырысынан, қалған, бостандығынан, арасындағы, келмей, айтты, Сахиева, айтқан, сұрап, сотқа, Сахиеваның, Меруерт Түсіпбаева