"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)

"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының онлайн форматтағы соңғы қоңырауы қалай өткенін баяндап берді. Ақпарат өкілі мектеппен видеобайланыс арқылы қоштасатын заманға куә боламын деп ойламаған. Ол әрбір оқушыға естен кетпес әсер сыйлайтын шараның мұндай жағдайда өткеніне қынжылды деп жазады NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында ұлының соңғы қоңыраудан кейінгі суретін жариялап, карантин кезіндегі мектеппен қоштасу шарасы жайлы айтып берді. Ол видеобайланыс арқылы өткен жиын оқушыларға мүлдем ешқандай эмоция сыйламағанын алға тартты.

Тележүргізуші келесі соңғы қоңыраулар онлайн түрде емес, мектеп алдында өтетініне үміт білдірді.

"О заманда бұ заман, наушник арқылы тілек айтып, видеоқоңыраумен мұғалімдерге денсаулық тілеймін деп кім ойлаған?! Онлайн соңғы қоңырауда ата-аналар атынан сөз сөйлеңіз деп қолқа салғанда «жақсы» деп ем. Біраз қызыққа куә болдым-ау.

Құлаққап арқылы дайын роликтер көріп, директордың тілегін интернеттің баяу күшімен әзер көріп, стоп кадрда тудың фонымен гимн тыңдап, балалардың өшірулі микрофоны қосылмаған күйі мектеппен де қоштастық. Эмоция жоқ.

Әрине, балалар іштей қуанышты шығар. Бірақ тым біртүрлі. Арасында ұлым әзілдеп қояды: «Анашым, қыркүйекте те бәрі бір виртуально оқысақ, несіне қоштасамыз?!» - деп. Қызық. Сіздерде қалай өтті соңғы қоңырау? " , - деп жазды ол.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру