Қыздарды сорлатып жіберген: Танымал заңгер Ләйлә Сұлтанқызының масқарасын шығарды

Қыздарды сорлатып жіберген: Танымал заңгер Ләйлә Сұлтанқызының масқарасын шығарды

Танымал заңгер Айгүл Орынбек елдің ерке қызы атанған жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының былығын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ . Қоғам белсендісінің мұндай қадамға баруына отандық арнадағы бағдарламаның біріндегі жағдай себеп болыпты.

Айгүл Орынбектің «Əйел бақыты» бағдарламасы шын өмірде құлдықтағы қыздарды сорлатып жіберді» деген жазбасында Ресей жерінде құлдықта болып қайтқан қыздарды әбден әуреге салып, аш қалдырғаны және қорқытқаны туралы ашық жазылған.

«Алтынай Жорабаева дұрыс айтады. Шоу, рейтинг үшін бұлар адам өлтіруге дейін барады. Астанаға құлдықтағы қыздармен "Әйел бақытына" барғанымызда, қыздарды вокзал түбіндегі бір бөлмелі сасып кеткен пəтерге жайғастырған.

Түсірілімнен кейін мен сот процестеріме кеттім. Кешке қыздардың жағдайын білу үшін Айданаға звондадым. Қыздар өздерінің аш отырғанын айтты. Дереу жейтін тағамдарын алып, пəтерлеріне бардым. Подъезге кіргеннен сасық иіс мүңкіп тұр. Сегіз қыз, екі жігіт тар бөлмеде масаға таланып, аш отыр екен. Бірден бағдарламаға шақырған қызға звондадым. Телефон көтермеді. Сосын заңгер Айнұр ханымға звондадым.

Қыздарды сорлатып жіберген: Танымал заңгер Ләйлә Сұлтанқызының масқарасын шығарды

"Ресейде құлдық көріп сорлап келгендері аздай, енді қазақтардан қорлық көргені қалып еді"- деп айқайладым. Бəрі жауап беруден бас тартты. Кейін Facebook параөшама: "Мұндай бағдарламаларың құрсын, рейтинг үшін жасалған " деп жазып, қыздар мен жігіттерді алып кеттім. Кафеге апарып тамақтандандырып отырған кезде жан-жақтан қоңыраулар түсе бастады. Бәрі постты алып тастауымды сұрады. Бірақ өшірмедім. Себебі, қыздардан продюсердің қоқан-лоқы жасағанын естіп одан сайын қатты ашуым келді.

Қыздарды шақырғанда "қонақ үй, жол ақыны өзіміз көтереміз" деген екен. Қыздардың бəрі ол кезде жұмыссыз, бір-екеуінің жол ақысын өзім көтерген болатынмын. Қыздар келген соң "сасық пəтерге жатпаймыз, бағдарламға түспейміз" деп шу шығарған.



Сонда продюсер "билеттеріңді өткізіп жібереміз, жаяу қайтасыңдар" деп қорқытқан екен қыздарды. Бағдарламалары біткен соң қыздардың қарны тоқ па, аш па жұмыстары болмаған. Сасық пəтерге əкеліп тастап, пойыз жүретін уақытты күтуді бұйырған.

Қыздарды пойызға өзім шығарып салдым сол түні. Сол кезде білгем, Лəйлəнің əңгімесі тек тікелей эфирде əдемі екенін. Ал шынайы өмірде адамның аузына бір тамшы су тамызуға жарымайтынын. Əйтпесе түнгі бірге дейін кафеде қыздармен пойыз күтіп отырдық, келіп қыздардан кешірім сұрап, қазақ қызы ретінде қыздардың жанынан табылуы керек еді.

Адамдардың басындағы қайғы біреулерге рейтинг шоу болуы мүмкін, ал мен үшін қазақты қазақ қорлап жатса үлкен қасірет. Менің сөздерімді Мəскеуде құлдықта болған барлық қыз-жігіттер дəлелдеп береді», - дейді facebook парақшасында жазба қалдырған Айгүл.

Шулы жазба аз уақыттың ішінде қызу талқыға түсіп, бірі Ләйлә ханымды даттап, енді бірі «ол жай жүргізуші, бар кінә ұйымдастырушыларда» деп ақтап жатыр.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру