Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді
Көктемнің соңғы айының басты жаңалығы он бірінші мамырда төтенше жағдай режимінің аяқталуы болмақ, осы айда қазақстандықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралады деген үміт бар
Бірінші мамырдан қалалар арасында әуе рейстері ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен валюта айырбастау пунктерінің жұмысы жанданады. Банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін алынатын комиссияны төмендетеді. Осы және өзге де өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Ұшақ қатынайды
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейсі іске қосылады.
Ал 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семей қаласына ұшуға болады.
Рейстерде санитарлық талаптар күшейтіледі. Ал әуе жолаушыларына бірқатар талап қойылады.
Ұшақ бортына коронавирус табылмағаны туралы анықтамасы бар жолаушылар ғана кіргізіледі. Сонымен қатар, олар міндетті түрде маска тағып және араға бір орындық қалдырып отыруы тиіс. Вирусқа тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге жарамды.
Анықтаманы жекеменшік және мемлекеттік зертханалардан алуға болады. Жекеменшік зертханаларда тест 19-20 мың теңге, ал мемлекеттік орталықтарда 11 500 теңге тұрады.
Шаштараз бен тіс емханалары ашылады
4 мамырдан бастап еліміздің барлық өңірінде бірқатар нысанның жұмысы жанданады.
Олар:
аумағы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік cатпайтын дүкендер (17:00-ге дейін ашық);
фотосалондар;
гүл сататын дүңгіршектер;
шаштараз (алдын ала жазылу бойынша);
медицина орталықтары (алдын ала жазылу бойынша);
тіс емханалары (алдын ала жазылу бойынша);
жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, валюта айырбастау пунктері;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сонымен қатар, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
Ал ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.
Төтенше жағдай 11 мамырда аяқталуы мүмкін
Коронавирустың таралуына жол бермес үшін елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды. Алғашында режим 15 сәуірге дейін созылуы тиіс еді. Індет өршігендіктен, төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
Ал жуырда президент елдегі ахуалға байланысты режимді тағы да ұзарту туралы жарлық шығару жөнінде шешім қабылдағанын жариялады.
"Заңға сәйкес 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады. Әрине, эпидемия қайта өршіп кетпесе ғана режим тоқтайды. Ахуал күрделене қоймайды деп үміттенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осылайша мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 11 мамыры 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылды.
ХҚКО жұмысы жанданады
4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды.
Енді ХҚКО-да egov.kz порталында электронды форматта қолжетімсіз қызметтерді ғана алуға болады.
Астана мен үш облыстың тұрғындары ХҚКО-ға бару үшін 1414 нөмірі немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис арқылы алдын ала кезекке тұруы тиіс.
Банктер комиссияны азайтады
1 мамырдан бастап банктер жекелеген салаларда қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін комиссияны төмендетеді.
Өзгерістер экономиканың әлеуметтік мәні бар жекелеген салаларын қамтиды: білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындарына, ақылы жолдарға ақы төлеу, ауыл шаруашылығы сервистері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер.
Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері банкаралық комиссияның мөлшерлемесін қазақстандық банктер үшін 2 есе – 1%-ке дейін, ал фармацевтика сегментінде 1,3%-ке дейін төмендетеді.
Сауда комиссиясын төмендету бастамасын "Қазақстан Халық банкі", "Kaspi Bank", "Forte Bank", "Сбербанк", "АТФБанк", "Банк ЦентрКредит", "Jysan Bank", "Еуразиялық банк" қолдады. Бұл банктер сауда (эквайрингтік) комиссиясын орташа алғанда 35%-ке, ағымдағы орташа мәннен, яғни 2,3%-тен транзакция сомасының 1,5%-не дейін төмендетеді.
Балаларға екпе салу қайта басталады
Нұр-Сұлтанда 11 мамырдан бастап бір жасқа дейінгі сәбилерге екпе салуды жалғастыру жоспарланып отыр.
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2 сәуірден бастап бұл жұмыс уақытша тоқтатылған болатын. Екпені тек перзентханада ғана жасайды.
Дәрігерлер үйге барып екпе салмайды. Медициналық ұйымдар баланы емханаға алдырып, екпе егуді жоспарлап жатыр.
ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш
ҰБТ-ға қатысатын түлектер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн өтініш тапсыруы керек.
Тіркеуден өткен кезде, заңды өкілдері 18 жасқа толмағандардың жеке мәліметтерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
Әзірге ҰБТ мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Тестілеу форматы да өзгермейді, тек коронавирусқа байланысты қосымша санитарлық шектеулер енгізіледі. Тест тапсыратындар бір-бірінен алыс отырады. Жергілікті жерлерде барлық оқушының дене қызуы тексеріледі.
Сонымен қатар, биылғы тестілеуде 11-сыныпта 4-тоқсанда өткен бағдарлама сұрақтары болмайды.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақстан жаңалықтары Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді казахстанские новости, новости Қазақстанда 1 мамырдан бастап не озгереди на казахском языке ережелер скачать бесплатно, вирусқа байланысты Қасым Жомарт ережелері, жаңалықтар түрі на казахском языке, Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді