Отандық неке агенттіктерінің "Қытай жобасы" бастамасы қоғамды дүр сілкіндірді

Отандық неке агенттіктерінің "Қытай жобасы" бастамасы қоғамды дүр сілкіндірді

Қытайлық бір топ жігіт Қазақстанға қыздармен танысуға келеді деген жаңалыққоғамды дүр сілкіндірді деп хабарлайды Астана арнасы.

Біздің елдің бойжеткендерін Аспан асты елінің жігіттеріне күйеуге беретін болып, құдаластырып жүрген - отандық неке агенттіктерінің бірі. Оның бастығы шараның саяси астары жоқ, мақсатымыз әйелдерді бақытты ету дейді.

Қыздармен танысайық деген ұсыныс әу баста қытайлық бойдақтар тіркелген элиталы клубтан шыққанға ұқсайды. Сөйтіп жеңгетайлық басталып кеткен. Шығыс көршімізде қыздар тапшы, 1 әйелге 4 еркектен келеді, ал бізде, керісінше, 1 еркекке 8 әйелден келеді, - дейді таныстыру агенттігінің басшысы.

Ал қоғам бұл сорақы бастаманы үрке қабылдады.

Руслан Ескаиров: Бұл агенттіктерді сотқа беру керек!

Назгүл Ашытайқызы: Ақылы бар қыз қанша бай болса да, қытайлыққа бармас...

Рашид Жақсылықов, қоғам белсендісі: Біздің жерімізге, тұтастығына міндетті түрде кері әсер ететіне сенімдімін және бұны шамамыз келгенше, ел болып, жұрт болып, тоқтатуымыз керек.


"Қытайлық күйеулер" - көшеде жүргендер емес. Әрқайсының жоғары білімі бар, бірнеше тілді меңгерген және тұрмыс жағдайы жақсы, - дейді неке агенттігіндегілер.

Бастама "Қытай жобасы" деп аталады. Сондай ақ, жобаға кез келген ұлттың өкілі қатыса алады.

"Әркімнің жеке өміріне өз құқы бар. Біреу екінші біреуді қатысуға мәжбүрлемейді. Неге біз көп ұлтты Қазақстанда тұратын орыс, украин, белорус, ұйғыр, татарларды ойламаймыз? Олар бұл жобаға қызықпайды деп кесіп айтуға болмайды", - дейді неке агенттігінің бастығы Татьяна Логвиненко.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру