Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Танымал қазақ ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, жат елдің азаматының етегінен ұстап кеткен мұндай азаматшалар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Шаханов өзінің Facebook-тегі парақшасында:

«Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар азаматтықтан шығарылсын. Адамның құқынан гөрі бізге мемлекеттің қауіпсіздігі маңызды. Қазақстанның тұтастығы, бүтіндігі, болашағы маңызды. Қолдауларыңызды сұраймын!

Әр адамда әртүрлі ойлар болуы заңды. Бірақ бұл мәселеде дауласпай, қырық пышақ болмай шешейік. Осы күнге дейін өмір сүріп кеткен бабаларымыздың рухы мен болашақ ұрпағымыздың алдында жауапты шешуші тарихи қадам.

Атам қазақ «Жиен ел болмас» деген нақыл сөзін жадыңыздан шығармаңыздар», – деп жазды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхтар Шахановтың бастамасын қоштай түсті.

«Өте дұрыс шешім. Ондай қыздар біздің қазаққа жиен тауып қарық қылдырмай-ақ қойсын. Одан да енді оларды қазақ жеріне аяқ баспайтындай ету керек», – дейді Әсел Махмұтова есімді оқырман. Сол сияқты Ақсұңқар Рысбек есімді желі оқырманы:

«Мұхтар аға, қолдаймын әрі кеудесінде намысы бар әрбір қазақ сізді қолдайды деп сенемін», – деп қоштады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Yergazy Myrzatayev
    Yergazy Myrzatayev 10.05.2017 14:55
    0 + 0 -
    Мұхтар аға өте орынды қозғады бұл мәселені. Қазақпын деген адам қолдауы тиіс.
  2. Гульнур Сыдыкова
    0 + 0 -
    Толықтай келісемін заңды өзгерту қажет. Қыздарымыз өзге елге кетпесін!
  3. Гульнур Сыдыкова
    0 + 0 -
    Салеметсіздерме? Қазақ қыздарының өзге елдің жігіттеріне тұрмысқа шығана менде түбегейлі қарсы мын! Өзіміз деде Жақсы жігіттер көз! Тек қыздарымыз дың өзге елге барып қызық көреміз дейтіндері аянышты-ақ! Жүрегім сыздайды! Өзге елдің жігітін бақытты еткенше өз ел інде Ата анасының жанында болғаны абзал ғой ! Мен сізбен толықтай келісемін заңды өзгерту керек!
  4. Ильяс Мукашев
    Ильяс Мукашев 10.05.2017 06:45
    0 + 0 -
    Өте дұрыс көтерілген мəселе
  5. Урхия Жолшибекова
    0 + 0 -
    Мұхтар ағаны 100 пайыз қолдаймын.Ащы шындықты айтып, мәселені шешудің нақты жолын ұсынып отыр.Мұхтар аға, халқына шын жаны ашитын сіздей жанға Аллам күш-жігер, қуат, зор денсаулық берсін!
  6. Амангелді Естай
    0 + 0 -
    Мұхтар ағамыздың ұсынысын қолдаймыз.Өз елінің азаматтары жоқ болғандай,шет ел азаматтарының етегінен ұстап ел асып жатқан қаракөздеріміздің саны күннен күнге өсіп келеді.Жеке адамның құқығы емес,ел намысы,ел қауыпсыздығы қорғалу керек.Мүмкін азаматтығынан айырлса,шет ел асып кеткендердің саны азаятын шығар. Ұсыныс орынды,әрі дер кезінде айтылып отыр.Ойланайық ағайын!
  7. Нұрғазы Жанабаев
    0 + 0 -
    Мұхтар аға! Өте орынды мәселе.Егемендік,тәуелсіздік бізге алланың берген сыйы.Осы сыйды орынды пайдаланып,мемлекеттігімізді қалыптастыруымыз керек.Жымысқы оймен үйленген жаңағыдай аралас некелер мемлекеттігіміздің қалыптасуына нұқсан келтіреді.Ер деп етегінен ұстаған екен,кетсін сол адамының ізінен.Елді бүлдірмесін.Мұхтар аға!Алла сізге зор денсаулық,қажымас қайрат берсін.Халқыңыздың бақыты үшін,өмір сүре беріңіз.Сәлеммен қарапайым көп інілеріңнің бірі.Нұрғазы Қайырлаұлы.Аралдан