Алматылық келіншек кредитінен құтылу үшін жатырын миллионға бағалады
Жасанды бала, жалдамалы жатыр. Құлаққа түрпідей тиетін бұл тіркестер елімізде қалыпты жайтқа айналып келеді. Жыл сайын құрсағын жалға беретін аналардың қызметін 250 отбасы пайдаланады екен, деп хабарлайды NUR.KZ.
Ал өзгеге бала туып беруге келісетіндер қызметін көлік, пәтер немесе бірнеше миллион теңгеге бағалайды деп хабарлайды 31 арна.
Жанар Исмаил кіндігі кесілгенше біреудің перзентін құрсағында тоғыз ай көтеріп беруге келіскен келіншектердің бірі. Бүгін ол дәрігер тексеруінен өтіп, жатырындағы шарананың жағдайы жақсы екендігіне көз жеткізді. Тапсырыс бойынша жүкті болған ана қызметін 1 миллион теңгеден астам сомаға бағалаған. Айтуынша, бұл амалға оны мұқтаждық итермелеген.
"Осы суррогат ата әрекетіне барған себебім, басымда кредитім болды, соны жабу үшін келістім. Ал екіншісінде жағдайымды сәл көтеру үшін келісіп отырмын", - дейді Жанар.
Жанар сияқты жатырын жалға беріп, перзентке зар болып жүрген отбасыға көмектесуге әзір екенін жазған аналар жарнамасы ғаламторда қаптап жүр. Тегін емес әрине. Бала табуды бизнеске айналдырып алғандар ақысын үй немесе көлікпен алуға да даяр. Бір реттік сыйақысы мен 9 ай төленетін жалақысын да пысықтап жазып қойған. Құрсақ көтеруді кәсіп еткендердің ең жасы 18-ге енді толған қыздар.
"Басқа мемлекеттерде құрсақ ананың құқығы көбірек болады да, басқадай биологиялық ата-аналарды шантаж жасауға, ақшаны көп алуға, криминалдық жолға итермелейтін заңдар бар", - деді репродуктолог дәрігер Бибігүл Сағындықова.
Елімізде жылда шамамен 150 мың неке тіркелсе, олардың 15 пайызы, яғни 20-21 мың отбасы бала сүю бақытынан айрылған. Бедеулік пен белсіздікке шалдыққан жұптардың 60% гормонды дәрі-дәрмек ішіп, ота жасату сияқты түрлі медициналық жолдармен емделсе, 40% репродуктивті технологияларға жүгінеді.
Осылайша жыл сайын қолдан ұрықтандыру тәсілімен 6500 жұп, ал суррогат ана көмегімен 250 жұп сәбилі болады екен.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қызметін, хабарлайды, сайын, жалға, отбасы, Жанар, дәрігер, пайдаланады, беруге, суррогат, болады, Жасанды, миллион, сияқты, алуға, немесе, жалдамалы, беретін, тиетін, тіркестер