Талдықорғанда көшеде жүрген жігіттерді ештеңе ескертпестен әскерге алып кетті

Талдықорғанда көшеде жүрген жігіттерді ештеңе ескертпестен әскерге алып кетті

Талдықорғанда әскерге баратын жасқа келген жігіттерді борышын өтеу үшін көшеден алып кетіп жатыр. Көбі не болғанын түсінбей, аң-таң болса да, сарбаздан борышын өтеуге әзірлігін байқатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Қорғаныс істері бойынша департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскерге әкетеміз деген әскери адамдардың сөзі шын мәнінде әзіл болып шыққан. «Ел қорғайтын сарбаз бол!» акциясын өткізген әскерилер, осылайша жастардың патриоттық деңгейін сынап көрмек болыпты.

Талдықорғанда көшеде жүрген жігіттерді ештеңе ескертпестен әскерге алып кетті

Акцияны Қорғаныс істері бойынша департамент пен Коммуникацияның аймақтық қызметі ұйымдастырды.

"Біз жастардың борышын өтеуге деген көзқарасын білгіміз келді. Бұл пранк-акцияның мақсаты - Қарулы күштердің имиджін көтеру, жастарды патриоттыққа баулу", - дейді идея авторы әрі Коммуникацияның аймақтық қызметі бөлімінің басшысы Ерасыл Толымбекұлы.



Жастардың бұл әзілге қалай қарайтыны жасырын камераға түсіріліп отырды. Әзіл тексерістен сүрінбей өткен жігіттерге "Сарбаз" жазуы бар алқа сыйға тартылып отырды.



Жастардың дені әскерде борышын өтеуден қашпайтынын алға тартқан. Енді бұл әзілдің видеосы Отан қорғаушылар күнінде жарияланатын болады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Марат Сугуров
    Марат Сугуров 25.04.2017 09:56
    0 + 0 -
    Мен қазақпын деғен азамат отан алдына борышын атқару қерек, бізідін азаматтар қорғамаса кімге сенеміз,өз жерім,өз отаным деп жұректері соқса біз қорықпаймыз