file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Алматы облысында мәдениет үйінің қызметкерлеріне ЭКСПО-ға күштеп билет алғызып жатыр

Алматы облысында мәдениет үйінің қызметкерлеріне ЭКСПО-ға күштеп билет алғызып жатыр

NUR.KZ порталына Алматы облысы, Райымбек ауданының мәдениет үйі қызметкерлері хабарласып, ЭКСПО-2017 көрмесіне еріксіз билет алдырып жатқанын айтты. Жұмысына кесірі тиеді деп қорыққан мамандар есімдерінің жасырын қалуын өтінген.

" 12 сәуір күні аудандағы 22 мәдениет үйінің басшылары жиналысқа барып келді. Жиыннан оралған соң, толық ставкадағылар 4000, жарты ставкадағылар 2000 теңгеден жинау керектігін ескертті. Жақында ғана ЭКСПО-ға күштеп ақша жинатпайды деп теледидардан айтқан еді. Енді әр ауданға бәленбай мың билетті бөліп тастапты. Сол билетті алған қарапайым халықтың қайсысы ЭКСПО-да шалқып жүре алады?!" - деп қызметкерлер өкпесін айтты.

Райымбек ауданы, Кеген округінде 22 клуб бар. Әр мекемеде директор, көркемдік жетекші, тазалық қызметкері және екі күзетшіні қосқанда бес адамнан жұмыс істейді.

"Олар ақшаны осы айдағы жалақыдан ұстайтындарын ескертіп, бәрімізге қол қоюға міндеттеді. Әр адамнан төрт мыңнан алса, қанша ақша жиналатынын есептей беріңіз. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары "барсаң да бересің, бармасаң да бересің" деп отыр",- дейді редакцияға хабарласқан мәдениет бөлімінің қызметкерлері.

NUR.KZ тілшісі Райымбек ауданы әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрастырған болатын. Әкімдіктегі жалпы бөлім басшысы Ербосын Алмабекұлы бұл жаңалықты енді ғана естіп отырғанын айтты.

"Ондай тапсырма болмады, ешкім оларға ақша жинатқан емес. Қазір мәдениет бөлімінің бас маманымен сөйлесемін", -деп жауап берді.

Райымбек ауданындағы Ішкі саясат басқармасы мен Мәдениет бөлімінің мамандары телефон тұтқасын көтерген жоқ.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру