Назарбаев заңсыз иемденген баспананы банк қызметкерлерінен тартып алуды тапсырды


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" басшылары Президенттің сынына ілікті.

Фото: total.kz
Фото: total.kz

Ақордада "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің" басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевты қабылдаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банкте тәртіп орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, "басшылар иемденіп кеткен пәтерлер қайтарылсын" деп қадап тапсырды.

Өз кезегінде Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингін құрудың мемлекетке келтіретін пайдасы жайлы баяндады.

Айтуынша, қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, Президент "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысын саралады.

Бұл жайлы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов тапсырмалардың жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және үнемі бақылауда екенін айтты. Президент "ЭКСПО-2017" көрмесіне қаржыландырудың қосымша көздерін тартуды ұсынды. Алаңның әр азаматқа қолжетімді болып, оны аралап шығуға мүмкіндік жасалуы тиіс деді.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру