Нұрлан Әлімжан өзін "үш баласын тастап кетті" деп сөккендерге жауап берді

Нұрлан Әлімжан өзін "үш баласын тастап кетті" деп сөккендерге жауап берді

Танымал актер Нұрлан Әлімжан өзінің жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойып, "балаларын тастап кетті" деп айып таққандарға жауап берді деп хабарлайды nur.kz.

Бұл туралы актер "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Бағдарлама барысында жүргізуші әншінің жаңадан шыққан "Қоштасайық" әні туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, бұл әнді ол үш баласының анасына арнаған.

"Бұл жаңа әнім елге әлі тарала қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтік желіде тыңдап, маған қолдау білдіріп, әнімді түсініп жатқандар көп. "Қоштасайық" әнінің өзіндік тарихы бар. Ол менің өмірім", - деген әнші өзінің жеке өміріне, әйелі мен бала-шағасының өміріне ешкімнің араласпаса екен деген тілегін білдірді.

Сонымен бірге ол "үш баласын тастап кетті" деп сөккен тыңдармандарына жауап берді.

"Мен туралы түрлі сөздер айтып жатқандар ертең не күйге түсетіні ешкімге белгісіз. Себебі, Алла құдіретті. Ал бұл - менің өмірім, менің құпиям, менің тағдырым. Мен одан құтырып, керемет болып, асып-тасып кеткім келмейді. Ал кімнің басына не беретінін оны құдай ғана біледі. Балалар жайлы айтар болсам, балалар туралы мүлдем сөз қозғамауларыңызды сұраймын. Өйткені балалар - менің ұрпағым, менің қаным, менің жалғасым. Оларға мен өзімнің әкелік материалдық тұрғыдан, рухани болсын, имани тұрғыдан болсын, өзімнің берерімді беріп жүрмін. Барлығы уақыттың еншісінде.

Ал жарымыз жайлы айтатын болсақ, "Қоштасайық" әнін жарыма арнадым. Ол балаларымның анасы, оған үлкен құрметпен қараймын, өзінің көзқарасы, принципі бар, жақсы жан. Балалардың бұл жерде еш қатысы жоқ. Ажырасса балалармен ажыраспайды, өзінің жарымен ғана ажырасады. Осыны шатастырмаңыздар", - деді ол.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру