file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілеттілер тізімінде алға жылжыды

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілеттілер тізімінде алға жылжыды

Әлемдік экономикада "бәсекеге қабілеттілік" жөнінен Қазақстан бір сатыға жоғарылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, Қазақстан республикасы 51-ші орыннан 50-ші орынға көтерілді

Дәлірек айтсақ, еңбек нарығында 15-орын, тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштері жөнінен 23-орынға ие болды. Дегенмен, бұл есепте Қазақстан экономикасының проблемалық тұстары да көрсетілген.

Мысалы, денсаулық сақтау және бастауыш білім беруден Қазақстан 97-орынға тіркелді. Бизнесті жаңғыртудан - 94-орын, инновациядан - 84-орын. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы 2011-2012 жылы 72-орында болған.

Бұл рейтингте көрші Қытай 29-шы, Ресей Федерациясы 6-орынға тіркелді. Ал алғашқы үштік бәз баяғы қалпында, олар - Швейцария, Сингапур және Финляндия.

Әлемдік экономикада "бәсекеге қабілеттілік" жөнінен Қазақстан Республикасы 50-орынға көтерілді.

- Еңбек нарығында - 15-орын
- Тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштері жөнінен - 23-орын
- Денсаулық сақтау және бастауыш білім беруден - 97-орын
- Бизнесті жаңғыртудан - 94-орын
- Инновациядан - 84-орын
"Бәсекеге қабілеттілік" рейтингісінде:
- ҚХР - 29-орын
- РФ - 6-орын
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру