Дымқыл - құрғақ

 Дымқыл - құрғақ

Білім саласы: «Таным»
Кіші сала: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Ұ. О. Ә. Тақырыбы:«Дымқыл - құрғақ»
Мақсаты: 1 жас 6 айдан асқан балаларды топырақтың қасиеттерімен таныстыру: құрғақ - сусылдайды, ал дымқыл – пішінін жақсы сақтайды.
Көрнекі құралдар: Құм, ыдыстар, дымқыл салфетка, суқұйғыш, ойыншықтар.
Әдіс - тәсілдер: Балалармен эксперимент жасау.
Сөздік жұмыс: Құрғақ, жеңіл, дымқыл, сулы.

Мотивациалық қозғаушы
Шаттық шеңбер:
Амансың ба, алтын күн!
Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер ана!
Амансын ба, достарым!

Іздену ұйымдастырушы
Қоян жылып кіреді:
Тәрбиеші: Қоян не болды саған?
- Қане балалар, сұрайықшы қоян неге жылап тұр екен.

Қоян: - Мен құмда ойнап отыр едім балалар келіп, маған құм шашты.
Ой, ой, ой көзім – ай деп жылайды. Көзіме құм кіріп кетті жаман құм.
Тәрбиеші: Қоянжан жыламашы балалар қоянға аяушылық танытайықшы.
Жылыма, жылыма.
Тәрбиеші:- Балалар құмды бетке шашуға бола ма?

- Құммен не жасауға болады?
- Ойнауға болады, үй жасауға, торт жасауға, мұнара жасауға болады.
- Құмды (топырақты) аузымызға салуға бола ма?
Тәрбиеші: Қоянжан мұңайма біздің балалар құммен ойнауды үйретеді.
- Ал қазір сенің бетіңді сүрту керек.
- Жаңдос қоянға көмектесші бетін сүртуге.

Тәрбиеші: - Ал мынау не?
Құм қандай ұстап көрейікші.
Құм құрғақ, жеңіл, ол ұшады, шашылады.

Тәрбиеші ыдысқа салынған топырақты үстелдің үстіне қойып бір - бірлеп алып таныстырады. Балаларға топырақты ұстатып көрсетеді. Мынау құм (топырақ) ол жерде жатады. Оны аузымызға салуға болмайды ол лас.

Тәрбиеші: - Балалар кәне құмды ойыншыққа салып торт жасап ойнап көрейікші деп кұмды ыдыстарға салып қарайды.

Тәрбиеші: Балалар неге жасалмай жатыр?
Тәрбиеші:- Кәне балалар құмға су құйып көрейікші.
- Қоян бізге көмектессін. Суқұйғышпен су құяды.
- Құмға қараңдаршы, құм өзгерді ме?
Тәрбиеші: Ия құм өзгерді ол дымқыл болып қалды.
Тәрбиеші: - Ал енді біз торт жасай аламыз ба?
Тәрбиеші: Ия енді торт жасай аламыз өйткені ол дымқыл бір - бірімен тығыз байланысты, шашылмайды.

Тәрбиеші: - Балалар қолдарыңды дымқыл салфеткамен сүртіп, бері қарай жақындаймыз.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Қоян:
Балалар сендерге көптен - көп рахмет сендердің арқаларыңда құм туралы көп нәрсені білдім.
Енді мен қайтайын деп балалармен қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: - Балалар біз бүгін немен таныстық?
Құм қандай болады?
Құммен не жасауға болады?
Құрғақ, дымқыл.
Торт, мұнара, ойнауға болады, үй жасауға болады.
Бүгін қонаққа қандай аң келді?

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
«Балбөбек» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі
Джанбусинова Айнаш Жылкыбаевна
Үздік тәрбиеші бәйгесіне
қатысатын категория: мектепке дейінгі тәрбие
Дымқыл - құрғақ жүктеу .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру