Мақтаншақ қоян ертегісі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона
Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана!
Жұмбақ жасыру:
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Балалар: Қоян - деп жауап береді. Қоянның баласын қалай атайды?
Билингвальды компонент: қоян - заяц, көжек - зайчонок
- Қоян - сөзін жаңғырық әдісімен қайталатамын.
Тәрбиеші: Қоянның құлағы қандай? Құйрығы қандай? Жазда терісі қандай түске өзгереді? Қыста ше? Қоян не жейді? Қоянның терісінен не жасайды?
Балалар: Құлағы ұзын. Құйрығы қысқа. Жазда терісі сұр, қоңыр болады. Қыста ақ болады. Қоян сәбіз жейді, ағаш бұтақтарын кеміреді. Қоянның терісінен малақай жасайды.
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Тәрбиеші: Бүгін біз «Мақтаншақ қоян» ертегісімен танысамыз. (Мультфильм желісімен көрсете отырып, мазмұнын айтып беру.)
- Ертегі сендерге ұнады ма?
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ян - ян - ян - қорқақ қоян
Ек - ек - ек - кішкене көжек
Лақ - лақ - лақ - ұзын құлақ
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
- Қоян қалай мақтанды?
- Қоян қайда өмір сүреді?
- Қазір бізде қай мезгіл?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қыс мезгілі. Қар жауады, күн суытады.
Тәрбиеші: Қыста қарда неше түрлі іздер жатады.
Ойын: «Қай аңдардың ізі?»
Шарты: іздер арқылы секіре отырып, қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.
Ойын: «Айырмашылығын тап»
Шарты: Үй және жабайы қоянның айырмашылықтарын табады.
Тәрбиеші: Кәне, енді «Мақтаншақ қоян» ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық. Міне, балалар қоян мақтаншақ емес, ол мықты екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Қоян мықтылығын қалай көрсетті?
Балалар: Иттерді алдап, қарғаны құтқарды.
Тәрбиеші: Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Мақтаншақ қоян ертегісі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Мақтаншақ қоян ертегісі