Көкөністер
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көкөністер
Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын - терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
ОІӘ - інің барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аударту.
ІІ. Негізгі бөлім.
1) «Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады.
2) Балалардан жылдың қай мезгілі екенін, күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшеленетінін сұрап білу. Күзде барлық жеміс - жидектер, көкөністер пісіп, оларды жинау науқаны басталады. Күз айларын молшылық, береке, мереке сыйлайтын мезгілге жатқызатынымызды айтып түсіндіру.
3) Бүгін көкөністерді ермексаздан жасайтынын хабарлау. Жұмыс барысында қай бала көкөністердің қай түрін жасайтынын таңдап алады. Көкөністің ол түрін жасау үшін ермексаздың қандай түсін таңдайтынын көрсетеді. Көкөністердің пішіндері әртүрлі болатындықтан балалардан сәбіздің пішіні қай геометриялық фигураға ұқсайтынын, сондай - ақ картоп, қызылша, шалқандардың пішіндері неге ұқсайтынын сұрап анықтау.
4) Балалар мүсіндеу кезінде қандай тәсілді қолданатынын айтады.
Көкөністердің жұмыс дәптеріндегі жасалу жолын көрсетіп, түсіндіріп беру.
Жұмыс барысы:
- Қызыл, күрең қызыл, жасыл, қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.
Көкөністі жасау:
қызанақ - қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз, ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы менжапырағын орнатамыз;
қияр - жасыл ермексаздан жасалған цилиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз, тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз;
қызылша - күрең қызыл домалақтанған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз.
сәбіз - цилиндр пішінді ермексаздың бір ұшын аздап созып, тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын біріктіреміз;
бұрыш - жасыл түсті ермексаздың бір ұшын аздап созып, домалақтап тегістейміз, жоғарғы бөлігін саусағымызды батыра басып, шағын ойықша жасаймыз да, оған ермексаздан жасалған жапырақтың сағағын бекітеміз.
Балалар жұмыс дәптерін алып, мүсіндеудің орындалу ретімен танысып, жұмысты орындайды.
ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорыту.
Дайын болған көкөністердің мүсінін үстел үстіне қойып,
«Біздің өнім» атты көрме ұйымдастырады. Балалармен бірге жұмыстарды бағалап, кімнің жұмысы сәтті шыққанын анықтап, сабақты қорытындылау. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мектепалды Көкөністер дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Көкөністер