Ыдыстар

 Ыдыстар

Мақсаты: Ыдыстардың түрлері және оның қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ұсақ қол қимылдарын дамыту. Мүсіндеу іскерлік дағдыларын
жетілдіру (созу, есу, домалақтау, тегістеу)
Тәрбиелік мәні: Бір – біріне өзара көмекке дайын болу сезімдерін тәрбиелеу.
Қос тілді түсінік беру: Ыдыстар – посуда, қасық – ложка, шанышқы – белка, қазан – кастрюль.
Көрнекі құрал: Ермексаз, тақтайша, су, сүрткіш.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне
жылы лебіз білдіреді.
Жылулық шеңбері.
Ризамын, ризамын, Өткен күнге ризамын
Ризамын, ризамын. Осы күнге ризамын Амандасу

Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезең
2. Тақырыпты хабарлау.
Балаларға сабақты жұмбақ шешуден бастау.
Кесе – шыны, пиала,
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің атын не дейді? (ыдыс – аяқ )

Сергіту сәті
Ыдыстар туралы түсінік беру.
Ыдыстар темірден, шыныдан, пластмассадан және ағаштан жасалады. Қазіргі уақытта адамдар барлығы шыныдан, керамикадан жасалған ыдыстарды пайдаланады. Балаларға бүгінгі сабақта ыдыстарды натюрморттап саламыз. Натюрморт дегеніміз француз сөзінен алынған. Қазақ тілінде «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағынаны білдіреді. Балалар бүгін Меруерттің туған күні екен, шақырылған қонақтарға ыдыстардың жетпей қалғаның бізге хабарлап тұр. Біз Меруертке қалай көмектесеміз. Олай болса Балалар біз Меруертке ыдыстарды мүсіндеп берейік. Ол үшін үш топқа бөлінеміз.
Жұмыс барысы:
1 топ Шәйнекті мүсіндеу -
Шәйнектің негізгі бөлігін домалақ пішінді етіп мүсіндейміз. Шәйнектің шүмегін ермексаздан жіңішке сәбіз секілді етіп есіп алып, бір ұшын таяқшамен қиғаштап кесу арқылы жасаймыз. Шүмекті шәйнекке жапсырамыз. Кішірек ермексаздан домалақтап, басбармақ және сұқ саусақпен жаншып қақпағын жасап, оның үстіне кішкентай домалақ ермексазды жапсырамыз.
2 - топ шыны – аяқты мүсіндеу
«Шыны – аяқты» домалақ ермексаздан жасалады. Сұқ саусақпен домалақ ермексаздан бір жағын жаншып, ойық жасап аламыз, осы айықтың біртіндеп саусағымен басу арқылы тереңдетіп, жан – жағын домалақ шыны аяққа ұқсатып, жалпақтайды. Шыныаяққа ермексаздан тұтқа жасаймыз.
3 – топ. Үстел үстіне жеміс салатын вазаны мүсіндеу. Балалармен бірге жұмыс соңында барлық ыдыстарды үстел үстіне әкеліп әдемілеп қояды. Мұқият тыңдап отыру, түсіндіру

Сергіту сәтін қимылмен орындау

Ермексазбен жұмыс
Рефлексивті – түзетуші кезең Мұғалім түсіндірмесі. Балаларға қазақта «Асыңды берме, қабағыңды бер»- деген мақал бар, яғни қандай қонақ болмасын, риза етіп қолдан келгенше сыйлап жіберу керек.
Қонақжайлық белгісі,
Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алысу.
Бірінші еткен – құрметің
« Түсіңіз»- деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң.
Екінші еткен – құрметің,
Есікті ашып енгізіп
Көрпе төсеп құра алсаң,
Үшінші еткен – құрметің. Сұрақтарға жауап береді, бір - бірінің сұрақтарын толықтырып
айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Ыдыстардың аттарын білу
Түсінігі: Ыдыстар әр түрлі болатынын түсіндіру.
Нені игерді: тапсырманы дұрыс орындап көрсету .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру