Айболит және оның достары

 Айболит және оның достары

Сабақтың мақсаты: Балаларды әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру. Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорын дамыту. Денсаулықтарын күтіп ұстауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: Сабын, орамал, тарақ суреттері, Үй жануарларының суреті
Қос тілді түсінік: сүлгі – полотенце, сабын – мыло. тарақ – расческа, айна – зеркало.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Шаттық шеңберіне балаларды тұрғызып өлең жолдарын қайталау.
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын келді күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін күн!
Сабақты әңгімелесу түрінде жүргізу. Балаларға «Дәрігер Айболит» ертегісін еске түсіруден бастау.
- Дәрігерге нелер келді?
- Ол қалай емдеді?
- Сендер үй жануарларына қандай көмек көрсетер едіңдер?
- Өз бетінше жануарларды емдей аласыңдар ма?
Біздің қамқорлығымызға жануарларға өте қажет. Адамдар сияқты жануарлардың да денсаулығы мықты болуы керек. Ауырған жануарда микроб болып, ол адамдарға жұғуы мүмкін. Сондықтан барлық жануарларды арнайы дәрігерге көрсетіп, егу және жақсы күтім болуын, дұрыс тамақтануын қадағалау қажет. Егуден басқа, әр 2 - 3 айда жануарларға ішекқұртқа қарсы дәрі беру керек. Жануарлармен бірге ойнаған кезде міндетті түрде қолды жуу қажет.
Амандасу.
Ертегіні айтып беру.
Түсіндіру.
Ұйымдастырушылық ізденушілі кезең. Әңгімелесу
«Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, жәндіктер, балықтар, құстар аңдар мекендейді және онымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар. Бірақ адам осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді».
Аурудың алдын алу - денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.
Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады»
Микроб, вирус, бактериялар судан қорқады
Егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек, денеміз сау болып, ауырмай жүреміз. Көп микробтар сумен шайылып, сабыннан өліп қалады. Микроб, вирус, бактериялар шынығудан қорқады. Шынығу кезінде негізінен табиғаттың үш сыйы күн, су, ауа біздің ағзамызға әсері етеді және ауруларды тұншықтырады.
Доппен ойын «Жақсы – жаман».
Тіс тазалау, бет жуу, алманы жумай жеу, жүгіру, тамақты асығыс ішу т. с. с сөздер айтып отырады.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты емдейміз».
Әңгімелесу
Төмендегі ережелерді есте сақтаңдар.
- Қолды жиі жуу керек.
- Ит, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.
- Егер үйдегі жануарларың ауырған жағдайда, дереу мал дәрігеріне қарату қажет.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс.
Байқау - «Ең таза қол» байқауын өткізу.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Арша. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1 - 3, 5 метр, қысы - жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік.
Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден - ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.
Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы дизентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жараларға; қышыма, бөріткен, ескілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.
Алоэ – Оңтүстік Африкадан таралған, сондықтан ол бөлмеде ғана өсіріледі. Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.
Бақбақ - оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады. Сұрақ жауап

Ойын «Микроб»
«Жақсы мен жаман» ойын.
Ережелерді сақтау.
Байқау өткізу
Сергіту сәтін қимылмен орындау
Дәптермен жұмыс
Емдік қасиеті бар
шөптермен таныстыру.
Рефлексивті – түзетуші кезең Сабақты қорытындылау.
Тазалық көптеген ауруларға қарсы күреседі. Тазалықты сақтау әр адамның басты міндеті.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Әр бала жеке бас тазалығын сақтау
Нені білу керек: Өз денесін микроптан қорғау керек.
Білу керек: Әр балаға жеке бет орамалы болу керек.
Көрсете білуі: Суреттен емдік шөптерді көрсете білу .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру