Ата-ана, ұл бала, қыз, әке, мама, папа

 Ата-ана, ұл бала, қыз, әке, мама, папа

Атамыз - Алаш , керегеміз - ағаш.

Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.

Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

Ата - кеме, ана - дария.

Ата сөзі - бата сөзі.
Ата сөзі - ақылдың көзі .

Ата ұлын күндеген,
Атасына жаумен тең.
Ата сөзін білмеген,
Бұлагы жоқ таумен тең.

Ак қалпақты көрінсе,
Ата-екем менің демеймін бе?
Ақ жаулықты көрінсе,
Ене-екем мснің демеймін бе?

Атадан бала туар, ата жолын қуар.

Алтыдағы бала атқа мінсе,
Алпыстағы ата алдынан шығар.

Ата үйі - алтын бесік,
Кірсем-шықсам, сипалар

Тай өссе, ат шығады,
Ұл өссе, әке тынығады

Әкеге бағыну - Аллаға бағыну,
Әкеге қарсылық - Аллаға қарсылық.

Әкеміз күйеу,
шешеміз қалыңдық болған.

Алтыдағы бала ауылға келсе,
Алпыстағы ата келіп сәлем берер.

Жеті атасын білмеген - жетімдік белгісі.

Жеті атасын білген ұл,
Жеті елдің қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.

Қанша жақсы болса да,
Қайын атаң әкеңдей,
Қайын енең шешеңдей болмас.

Әке-шеше бар болсын,
Аузы, мұрны жоқ болсын.

Тегінде бар тегі озар.

Ата-анасыз үйлерде насай-топыр.

Тең атаның баласы теңдікке тұрса да,
кемдікке көнбейді.

Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.

Ата өліп, бала қалса,
Мұратына жетеді.
Бала өліп, ата қалса,
Арманы іште кетеді.

Ата тұрып, бала сөйлесе - шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе - еркіндігі.

Атадан бала, мойыннан жаға озбайды.

Анасы басқа аттан түс,
Атасы бір артқа мін.

Алыссаң, атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.

Ата баласы азарында асық ойнайды.

Құлынында кісінемеген ат болар,
Атасын көрмеген ұл жат болар.

Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әр үйлі жанға ортақ.

Өзіңді көрген өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.

Суға сиген - атасының сақалына сиген.

Ата даңқымен ұл өтер,
Ана даңқымен қыз өтер.

Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса - ізі қалғаны.

Құс балапаны үшін торға түседі,
Ата баласы үшін азапқа түседі.

Тай ат болса, ат тынар,
Ұл ер болса, ата тынар.

Әке - жезде, шеше - күйме.

Әкенің таяғы аса-аса тиеді.

Әке өлсе - мүлкі мұра,
Аға өлсе - жеңге мұра.

Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.

Өз қолыңда болмаса, әкең де жат.

Соры қалың әкенің -
кер бағып ұлы өседі,
сөз бағып қызы өседі.

Баланың балалығына әкенің даналығы бар.

Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

Отыз ұлың болғанша,
Осырақ шалың болсын.

Жөке жамылған әкеден,
Туырлық жамылған бала дәметеді.

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

Ата қарғысы - оқ.

Атасыз ұл ақылға жарымас ,
Анасыз қыз жасауға жарымас .

Үйінде атасы бардың
берер батасы бар

Дана, дананы туған - ана.

Әке - тірегің, ана - жүрегің.

Ана тілегі балада,
Бала тілегі далада.

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол - еркектің баласы.
Еркек көктен түскен жоқ,
Әйел - оның анасы.

Анаңның емген сүті үшін, нағашыңды сыйла.
Балаңның емген сүті үшін, әйеліңді сыйла.

Алты ұл туған ананы, ханым десе болады.
Кезек сыйласқан ағайынды жаным десе болады.

Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.

Бір анадан жақсы да, жаман да туады.

Ата-анаң бар болсын,
Бала кезде жар болсын.

Шешесі бар жетімнің басында
тарақ пен қол ойнар;
Шешесі жоқ жетімнің басында
бит пен сірке ойнар.

Ананың қақы - Құдайдың қақы.

Ұл таппас әйел болмас, тұрарын айт.
Мал таппас еркек болмас, құрарын айт.

Ағайынның алтын сарайынан,
Ананың жыртық лашығы артық.

Әр бала анасының бір тісін алады.

Әжім - әжемнің әрі,
Демеңіз оны кәрі,
Кәрінің сөзі - дәрі.

Ұлыңа ұлтарақ бол,
Келініңе көпшік бол.

Ана болған дана болады.

Ана баласын арыстанның ауызынан алады.

Ұлының кімнен туғанын анасы білер.

Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.

Ұл туғанмен ұятын бірге тумайды,
Қыз туғанмен қылығын бірге тумайды.

Қызымның баласы - Балдан тәтті анасы.
Ұлымның баласы - Қара жылан анасы.

Туғанына мекіренбеген ана - безбүйрек,
Тумысында уызға жарымаған төл - қатпа.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат.

Әкемді алсаң, ал, Құдай, шешемді алма.
Шекпен тоқып берсе де, өлмеймін ғой.

Бұтақтың жақсылығы сағасынан,
Баланың жақсылығы анасынан.

Өз анасын зор тұтқан,
Кісі анасын қор тұтпас.

Тапқан ана емес, баққан ана.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру