Келін

Келін

Келін жаксы болса
үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса
Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең төккісі келеді,
"Төкпей құй" десең сөккісі келеді (Шал ақьн).

Келін жаман емес, келген жері жаман.

Келін кейін отырар болар, көтерілуге бейім отырар болар.

Келін, келін, келін бақ,
келмей жатып сөзің бақ.

Келін қыз болмас, күйеу ұл болмас.


Қарап көріңіз:




Келіннің аяғынан,
Қойшының таяғынан.

Келіннің бетін кім ашса сол ыстық.

Келіннің зекіп айтқаны
езіп құйған умен тең.
Көңілсіз берген тамағы
құм аралас күлмен тең (Құлтума).

Келіннің сөзі кетпендей
Баланың сөзі батпандай.

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

Кетеген болса түйең жау,
Тебеген болса биең жау.
Ұрысқақ болса ұлың жау,
Керіскек болса келін жау (Үмбетей).

Қызым саған айтам,
келінім сен тында.

Төркіні тентек келіннің тілі ұзын,
Төркіні момын келіннің жібі ұзын.

Ұлттың жауы диуана,
Келіннің жауы кейуана.

Әр елден келін келер,
әр түрлі ырым етер.

Баланың өзі болғаңдай,
Келіннің өзі келгендей.

Балаң жаман болса да
Келінің жақсы болсын.

Жақсы ауылға келген келінкелін,
Жаман ауылға келген келін — келсап.

Жақсы енені жаман келін жер қылады,
Жақсы келін жаман енені ел кылады.

Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.

Жақсы келінкелін,
Жаман келін — өлім.

Жақсы келін кұрдасындай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.

Жақсы келін қызындай,
Жақсы күйеу ұлындай.

Келін бой жасырады,
дауысын таудан асырады.

Келінге өкпе тисе
төбесі көкке тиеді.

Келінді келін демесең
жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең
жақсы болса өз ұлың.

Келін жақсы болса немере тәтті.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Гулизат
    Гулизат 29.01.2023 13:36
    0 + 0 -
    Сәлеметсіздерме меніңде енем түсініксіз әр күн әртүрлі кас кабакта оянады күйеуіміз екеуміз бір бірімізді жаксы кореміз бірак енем себеп урсып кала береміз күйеуім тіптен уруға дейін барды. енем арак ішеді ішіп ап жанжал бастап баласына мені урғызып акырында жылап өзін актап алады. Менің әке шешемді аяк асты кылады. Енем менің адам орнында кормиді. Не стиміз не стеу керекпіз үндемимізде әрдайымғыдай????
  2. Айгерим Етекбаева
    1 + 1 -
    Казирги енелер кутырган уйде оыргысы келмит бала багып кошеде еркек издит кангырат тойдан тойга ишет кайдан силасын сосын келин бари солай проста билдиртпейт .
    1. Оқырман Анар
      Оқырман Анар 02.08.2022 10:29
      0 + 0 -
      Ененынде енесы бар . бес саусак бирдей емес. Казырги кезде ене боп емес , келинге Келин боп жугирип журген заман осылар дурыс болсыншы. Келиннын конилин калай табам деп жугирген заман боп кетти гой
  3. Айгерим Етекбаева
    1 + 0 -
    Киеуи енеси жаксы болса келир жаман болмайды келинди куртатын ене мен киеуи биринши ене мен киеу тузелу керек биз бреудин кызымыз а бизди кул болу ушин туган жок казактардын бир жаман ырымы келин жаман деп шыгарып койган келин бакытты болам деп келет киеуи айтканын орындамайт енеси акшаны барин алып койып ози ишип кангыра берет еркек дурыс акша таппайт бирак жаксы тамак ишкиси келет
    1. Оқырман Бакыт
      Оқырман Бакыт 27.12.2020 15:54
      0 + 0 -
      Оз басындагы проблеманмен копке тил тигизбе
    2. Оқырман Анар
      Оқырман Анар 02.08.2022 10:33
      0 + 0 -
      Келин ози бакытты болам деп емес , сол келген жерин бакытты етем деп келеди. Сонда енесыде , куйеуы де Бари жаксы тату болады. Келин енемен ашылып жаксы тил табыса билсе сыйласа билсе сол барине ортак Бакыт. Сол кезде куйеуыде жаксы козбен карайды айелине. Шешесын сыйламаган айелди кым жаксы дейди