Мен таңдаған өмір жолы

 Мен таңдаған өмір жолы

Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі,сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Қыздардың еркектерге сенбейтіні ақиқат,оны өмірден де мысал етіп алуға болады.Менің айтайын дегенім бұл емес-ті.
Өз басым кезінде жігіт атаулы жандарға сенбейтінмін, шынын айтқанда қызықпайтынмын. Мүмкін отбасымда ұлдардың арасында өскендік болар. Мектеп кезінде балалық махаббат деген болатын, біреуді өзінше жақсы көріп қаласың,ол кезде солай көрінетін. дискотекаға сол үшін барасын, одан курткасына басқа біреудің атынан хат жазып жіберу айта берсең көп-ау. Қазір соны ойласаң не деген ақымақ болдым десейші деп ойлайсың. содан мектеп бітіріп,өмірге араласасың......
Бір күні курстас қыздардың арқасында жігітпен жүрдім,алғаш рет. Ондағы ойым бәрі жігітпен жүреді,оның несі қызық екен деп өзімше - зерттеу болатын. Содан ол жігітті 2 күннен кейін тастап кеттім, ұнатпадым өзін де, қылығын да, тым мақтаншақ болатын. Содан жігіт көрсем бәрі мақтаншақ көрінетіндей болды. Арада жарты жылдай уақыт өткеннен кейін , курстас қыздың ауылына қыздар болып отырысқа бардым,сол отырыста бір жігітпен таныстым, ол өзінің маған деген көңілі бар екенін де айтып салды, бәлкім енді көрмей кетем ба деп ойлаған болар - ау, мен туралы қасымдағы қыздардан бәрін сұрап алыпты. Әрине мен қыз емеспін бе, бірден келіскен жоқпын. Содан кейін оның маған келуі жиіліп кетті,бірте- бірте мен оған ғашық бола бастадым. Бір айдан соң ол ауылға барып келем деп, бір ай із-түссіз ,хабарсыз кетті. Қарындасымен жақсы таныс едім, хабарласып мән-жайды сұрасам,жауаптан қашқақтай беретін, Содан соң мен оған хабарласпайтын болдым , ұялы телефонның номерін де ауыстырдым, өйткені ол маған сатқындық жасады, егер де мені сүйсе бір күн де тұра алмас еді. Оның рұқсатынсыз енді онымен кездеспеймін деген шешім шығардам. Өйткені менің жүрегім жаралы еді, сондай кезде басыңа түрлі арам ойлар келеді емес пе,
Жыл өтсе де мен оны ұмыта алмадым,мен оны шын сүйіп қалған екем,ол осы уақытқа дейін телефон соғатын, бірақ мен үндемей қойып тастайтынмын. Кезекті жаңа жыл кешінде құрбым екеуміз вечерге бармақ болып,құрбымның үйіне бардым. Сол кеш менің өмірімді өзгертті. Құрбымның құда баласы да қонақ болып кіріп шығайын деп келген екен. Бәріміз дастархан басында отырып шай ішіп отырған кезде, маған біреу көз алмай қарап отырғандай болып, сол жаққа жанарымды бұрдым. ...Құда бала. ......
Келесі күні смс- келіп тұр, "сізбен жақын танысуға болама. мен ...... құда баласымын ғо " Содан таныстығымыз жалғасып , екеуміз отау құрдық. Қазір екеуміз бақыттымыз, бір баламыз бар, бұйырса екіншісі де дүниеге келеді.
Ләйім солай жалғаса беруге жазсын.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру