Ақыл-кеңес сұрағым келеді?!


Сәлеметсіздерме! Менің сіздермен бір сырымды бөлісіп ақыл сұрағым келіп тұр! Менің жасым 24 те, осыдан бір жыл бұрын бір қызды универден көрдім. Маған ұнады бірақта танысу сәтін 3 ай бұрын салды. Содан екі аптадай сөйлесіп бір-бірімізді танып біліскеннен кейін ол қызға сөз салып едім ол қыз жылап жіберді мен таңқалып нені дұрыс жасамадым деп ойлап одан сұрасам ол айта алмаймын деп жылады бір сағат жылап айтты "мен қыз емеспін" деп сол кезде төбемнен жай түскендей болды. Содан не айтарымды білмедім, одан сұрадым неге сол жігітпен бірге болмадың десем ол ең алғашқы жігітім болды сүйдім, ол үшин бәріне дайын болдым, бірақта ол көп ренжітті, содан жолымыз екі айырылды деді, сол үшін оқу біткен соң шетелге кетемін, Қазақстанда жүруге шамам жетпейді, ата-анамның бетіне карай алмай жүрмін 2 жылдан бері" деді. Қиналып тұрған қызды одан ары қинамайын деп ары карай сұрамадым оны құшақтап жұбатып, оны аяп бәрібір суйемин деп уақыт өте келе шын сүйіп қалғандай болдым! Содан махаббат басталды катты қиналған қыз менің қасымда қазір өзін бақытты сезініп, шетелге барудан бас тартып тіпті 3 ай сөйлескен мені қатты жақсы көріп қалды менде ол қызды қатты жақсы көріп қалдым мәселе мұсылман және қазақ болган соң өмірімде жатпаған қыз аламын деген оймен жүрген тұғынмын, ал ол қызды тастап кетейін десем ол өмір бойы қиналама деп қатты қорқамын, Жанағы әңгіме қайта-қайта қозғалып кетеді да ол жылай береді және мағанда қатты тиеди сүйген қызымның осындай болганы...


Әрі қарай не істерімді білмеймін, қалай жасағаным дұрыс?

Сіздерден дұрыс жауап күтемін деп ойлаймын!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Гулмира
    1 + 2 -
    Уйленбегин дурыс менде де сондай маселе олгим кеп кетет бир уакыттары куйеуим жаксы корем олда мени бирак сол маселе бизге толык бакытты болумыз жаксы жасаумызга кедерги .
  2. Гость Айка
    Гость Айка 21.10.2020 00:17
    4 + 3 -
    Өз жүрегіңді тыңда.
  3. Райхан
    Райхан 20.10.2020 23:45
    1 + 3 -
    Енды расымен озын былесын. Быракта сен соны естыгенсон Оз талабындыда естен шыгармау керек едын. Сенде махаббат емес просто жалость. Олай жасама щетелге окуга оны угытте. Кеткенсон жаксылап ойлан журегынды Тында. Сен расымен оны кабылдай аласынба осы калпында жокпа деп ой елегынен откыз. Жанеде екеуыннын аракашыктарын сол проблеманы щешеды. сен ол кызсыз омыр сураласцнба жокпа сол расстояние между вами точка койып береды.
  4. Гость Ерболат
    Гость Ерболат 20.10.2020 23:20
    2 + 3 -
    Бәрі оңай ғой?
    Ұнатсаң үйлен.
    Ұнатпасаң, үйленбесең басын қатырма.
  5. Гость Ерболат
    Гость Ерболат 20.10.2020 23:19
    1 + 3 -
    Бәрі оңай ғой? Ұнатсаң үйлен. Ұнатпасаң, үйленбесең басын қатырма.