Ақыр түбі сезіміме ерік бердім

 Ақыр түбі сезіміме ерік бердім

Тамыз айында бір жыл болар еді деп аңсап жүрген Асылдың қазір келіншегінің жүктілігіне бес ай. Менің суреттерімді сақтап қойғанын білген келіншегі маған хабарласып менің суретімді неге сақтап жүргенін сұрады. Біз ол кезде Асылмен мүлде хабарласпайтын едік, менің де жігітім оған аулақ жүруін айтып хабарласты. Осылайша оның да менің де жеке өміріміз астаң-кестең болды. Барлык проблемадан шаршадым. Оның хабарласып жаткан келіншегіне айғайды салып: Суретті сақтаған күйеуіңнен сура- деп кесіп айттым. Сол күннен бастап ол телефон соғуын доғарды. Мен де өз жігітіммен солар үшін ренжіскен өкпелеримиз жазылып бәри өз орнына келе бастады. Бірақ мен Асылды сағынатынмын, кейде түсімде де көретінмін.

Бір күні жұмыста отырсам агенттен смс жазды /мен оны өшіріп тастаған едім/. /Ассаламалейкум қадір түнді қалай қарсалдыңыз деп/. Сағыныштан сарғайып жүрген біраз ойланып оған суық жауап жаздым. Ол әңгімесін жалғастырып жағдайымды, жігітімді сұрап, қызыңа ие болмайсың ба деген сөзді артық айттым, сіздің сол сөз үшін жауап беретініңізді ойламадым кешіріңіз деп жазыпты. /бұл сөзді ол жігітім оған қоңырау шалғанда айтқан еді/. Ол өтіп кеткен нәрсе мен сіздің келіншегіңізбен ара-қатынасыңыз бұзылмасын деп әлек болсам, солай деп мені кінәлі жасағаныңызға жол болсын дедім де шығып кеттім. Кейін ол телефон соқты, номерін өшірсем де жатқа білетін едім тұтқаны көтермедім. Ол сөйлесуімді сұрап смс жазды. Біраз аптадан кейін, шаруаларым бар деп жұмысқа баралмайтынымды айтып, жұмысқа хабарластым да үйде жаттым демалып. Үйде тірліктерді бітіріп отырсам ол тағы қоңырау шалды, істерге іс жоқ үйде отырғам алып онымен сөйлестім, ұзақ әңгімелесіп кездесетін болып шештік. Онымен кездескенде бар ойымды бірақ айтам деп оқталып шыққан, оны қатты сағынғаным есімнен шығып кетіпті. Баражатырмын ойымда алай-дүлей, ақылым мен жүрегім айтысып келеді. Оны көргенде өзімді конфет ұрлап жеген баладай болып тұрып қалдым, ол да осыншама жағдайдан кейін жасқанып тұрғаны көрінді ме алде меннен ұялды ма амандасып қолын созды... Мектеп оқушысының алғашкы жігітпен кездесуіндей қобалжып тұрмын, жүрегімнің соқаны миымды шайқап барады... Осылай біраз тұрғаннан кейін ол ақтарылып әңгімесін айта бастады. Менің мирымнан біраз суреттерімді сақтап қойған екен. Сол суреттің біреуі әйеленің қолына түсіпті.

Әлгі оған сеніп келлген қыз жылап бұл кім деп жауап күтеді, менің ғашығым деп айтам ба үндемедім дейді, қазір оған званда да боқта оны деп айтты дейді, мен боқтамаймын деп телефонды алайын десем бермей сенің номеріңді алды да маған берді деді. Мен алып сізге енді сөйлеспей-ақ қояйық дедім. Содан кейін ол боқтамадың деп ашуланып содан сабырым таусылып екеміз айқайласын 1 апта сөйлеспей жүрдік. Жерге төсек салы п жаттым, ол кешіріңіз қателестім деп жүгіріп жүрді. Бұл жүрісім дұрыс емес деп сіздің номеріңізді өшірдім, агенттен игнорга жібердім, суреттеріңізді өшірейін деп қарасам тығып жүрген 128 сурет, соның үшеуін алып калып қалғанын өшірдім. Бірақ сіз бір сәтке ойымнан кетпедіңіз, тіпті келіншегімнің қасында сізді армандаймын деді. Мен енді естімеген осы қалып еді, ештеңе білгім келмейді оны сыйлаңыз, оған үйлендіңіз, мен жігітімнің ата-анасымен танысам дедім. Осыдан кейін екеуміз үнсіз тұрдық. Жұмыс бабы, бос әңгімелер тағы да үнсіздік.

Ол маған ұзақ қарап тұрып, жаным сізді қатты сағындым деп қатты құшақтап, сізді ұмыта алмаймын деп сыбырлады. Оның әрбір демінде сағыныштың лебі болды, Құдай-ау олай болса сізді біреу қинап үйлендірді ме дедім, ол жаным ол кезде мен бұлай боларын білмедім, сіз биыл күйеуге шықпаймын дегенде асығыстық жасадым, аяғыңызға жығылып сұрағанда жоқ дедіңіз, мен ашумен қайттым да қателестім деді. Ойым он жақта, оның әр бір жаным деген сөзінен еріп барам. Ақыр түбі сезіміме ерік бердім, байлауда тұрған аңды жібергендей, арманым орындалғандай, тұла бойым осы уақытқа дейін тек соны аңсағандай, жүрегім тулап барады. Бұл ұзаққа бармайды білем, әке болғанда мені ұмытып кетеді оны да білем, мен онымен бірге бола алмаймын арым жібермейді, мен ондай адам емеспін оны да білем, бірақ оның әр бір сүйісі мен үшін қымбат екен соны ұқтым. Біз тыныш өз жолымызбен жүргенде звандап шулатып өтіп кеткен жағдайды мазалап ұйықтап жатқан сезімді оятқан келіншегі, жоқ бәлені бар қылып, болмағанды болдырып, енді міне оның күдігі орындалып жатыр, сол бір жағдай біздің құштарлығымызды арттырғандай.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру