Рамазан айы. Жүкті немесе емізулі әйелдер ораза ұстау керек пе?

Рамазан айы. Жүкті немесе емізулі әйелдер ораза ұстау керек пе?

Құрсақтағы немесе емізулі балаға зияны тиеді деп қауіптенген (жүкті не емізулі) анаға Рамазан оразасын тұтпай кейінге қалдыруына рұқсат.

Әнастан (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауырпалығынан босатты». Әт-Тирмизи 715, Абу Дауд 2408, ән-Нәсаи 2277. Имам Абу Иса әт-Тирмизи хадисті хасан деді, ал шейх әл-Әлбани оны сахих деп атады.

Жүкті және емізулі әйелдер өздері немесе балалары үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Аллаһ Тағала: «… ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» (әл-Бақара 2: 183), – деді.

Ол үшін ең алдымен, парызын өтегісі келетін жандарға бала және өз денсаулығы жөнінде дәрігермен кеңесіп алған жөн. Егер, қорқатындай ешнәрсе болмаса ораза ұстау міндеттелінеді.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру