Әйелдер аяғының ауыр екенін түс көру арқылы қалай білген?


Құрсағыңызда тағы бір тірі жанның пайда болғаны туралы түс арқылы көрінетін белгілерге сенесіз бе? Жүктілік кезінде екіқабат әйелдерде интуиция жақсы жұмыс істей бастайды. Сондықтан сәби туралы түсінде көруі ғажап емес. Жүктілік кезінде түс көру ежелгі Үндістанда жақсы дамыған, онда әйелдер тіпті баланың жынысына дейін нақты біле алған. Олай болса аяғы ауыр әйелдердің түсі нені білдіретінін назарыңызға ұсынады. 


жүктілік, қалай біледі, аяғы ауыр, екі қабат, екі қабат болу


Балық

Біреулер өзеннен балық аулап жатады, еенді буреулері теңіз жануарларына толған суға қарап тұрады. Тіпті түсінде балықты базардан сатып алатындар да бар. Айта кетейік бұл жүктілікті дәлелдейтін бірден-бір нақты түстердің бірі.

Егер баланың жынысын да білгін келсе, балықты сатқан адамды есте сақтап қалуға тырыс. Сатушы жігіт болса ұл бала, әйел адам болса, қыз болады деген сөз. Кейде қатарына екі балық ұстап алып жатады, онда егіздер болуы мүмкін деген сөз.

Жылан

Жүктіліктен хабардар ететін екінші түс – жыландар. Түсіңізде жыланның шағып алуы ежелден бері екіқабаттылықтың белгісі. Әрине ғылым бұны әлі күнге дейін дәлелдей алмай келеді, бірақ әйелдер сенуді жалғастыруда.

Су

Ата-ана болу туралы жаңалықты су арқылы да білуге болады. Түсіңізде мөлдір бұлаққа шомылсаңыз, ағып жатқан өзеннен су ішсеңіз немесе таза теңізде жүзіп бара жатсаңыз балалы боласыз деген сөз. Себебі су өмір бесігінің символы болып табылады.

Бүлдіршіндер

Ұйықтап жатып кішкентай балалрды көру – отбасыныңызға жаңа адамның қосылатынына дәлел. Көптеген әйелдер жүктіліктің алғашқы күндерінде түсінде сәбимен ойнап жатқанын немесе қыдырып жүргенін көреді.

Жүкті әйелдердің түсіне тағы не кіреді:

Жұбайыңызбен оңаша демалысқа бару, жануарлардың балалары, жұмыртқа, тауық, үйрек, алма, гүлдерге толы ваза, бақша, саңырауқұлақ теру, қарбыз жеу


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Нан
    Нан 07.01.2021 14:59
    2 + 1 -
    Керемет ?