file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ерлерге кеңес: Қол күреске арнайы жаттығулар

Ерлерге кеңес: Қол күреске арнайы жаттығулар

Бірде жаттығу залында қол күрестен арықша келген жігіттен жеңіліп қалдым. Жалғыз мен емес, бүкіл залдың нардай жігіттерін бірінен соң бірін майыстырып берді. Ер сүрінбей, ел танымас деген, сол қолкүресшіні бақылап, жаттығуының мынадай ерекшеліктерін байқадым:

1) Штанганы жерден екі қолмен тұра тарту. (4 рет ауыр салмақпен)

2) Екі қолдап бицепске көтеру. (4 рет ауыр салмақпен)

3) Екі қолыңды жайдақтан салбыратып қойып, штанга ұстап жұмған жұдырығыңды білегіңе бүгіп жаттығасың.

4) Бір қолмен турникке тартылу. Жалпы бұлар, көп қайталай беруден тұратын жаттығуларды бос әурешілік деп ойлайды. Себебі бастапқы жұлқыныс бұл спорт түрінде өте маңызды. Сосын жаттығуларында бұлшық ет өсіру деген мақсат болмағандықтан, олардың қозғалыс аясы да (амплитудасы) қысқа, жаттығулары көбіне статикалық (бір салмақты көтеріп бүгілген қолмен ұстап тұру).

5) Турникке екі орамал байлап, содан ұстап тартылу. (әлің құрығанша)

6) Арқанға өрмелеу.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру