Халық емі: Бронхит
Халық емі
Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын жұту пайдалы. Әр жолы 15 - 20 минутқа созылған ем барысында судың салқындап қалмауын, сондай - ақ қатты ыстық болып, тамақты күйдірмеуін де қадағалау керек. Емді 20 күнге дейін жалғастыра беруге болады, бірақ одан кейін тамақты жылы ұстау керек.
Демікпе кезіндегі халық емінің бір түрі – ит майы. Майды суға қайнатып, сорпаның бетінен қалқып алады. Кешке жатарда кеудені, қос жауырынның жоғарғы жағын лампамен қыздырып отырып жағады. Қолқа тұсын майлап, сыртынан шамалап қыздырса жақсы нәтиже береді. Иттің майын ішкеннен гөрі осы ем түрі тәуір нәтиже береді.
Жарты килограмм сәбізді тазалап жуып, суға салып, езілгенше қайнатады. Үстіне 100 грамм бал қосып араластырады. Күніне 2 рет ас алдында шай қасықпен таусылғанша жеу керек.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бронхит, халық емі