file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Халық емі: Пайдалы тұнба

Халық емі: Пайдалы тұнба

Халық емі
Пайдалы тұнба

Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру қайталай беретін. Сонда медбике бір ем айтып, соның арқасында жазылдым деп отыратын. Бүгін сол адамның өтінішімен осы ем түрін сіздерге жолдап отырмыз.
Кешке қарай стаканның 1/3 бөлігіндей зығыр (лен) дәніне 1 литр су құю керек. Оны 5 минут қайнатып, сосын су моншасында 2 сағат ұстайды. Сосын зығыр салынған ыдысты түнімен бөлме температурасындай жерге қояды. Таңертең сүзіп аласыз. Ол шамамен 850 миллилитр кисель секілді қоюлау қайнатпа болады. Оны 5 күн, күнделікті таңертең және кешке стаканның 1/3 мөлшерінде ішеді. Екі күн демалып, емді қайталау керек. Бұл жолы қайнатпаны 10 күн ішеді. Үш айдан кейін 10 күндік емді тағы бір қайталап жіберу керек.
Қол - аяқтың ұйып қалуынан қиналып жүрген анашым осы емнен кейін тәуір болды. Одан бері де үш жыл өтті, бұл ауру қайта мазалаған емес.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу