Бақытты жанұя құрудың жолы
Адам баласы - сүйіспеншілік, таң қалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат т.б. әр түрлі сезімдердің жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Осы сезім құбылыстарын тізгіндей білген адам бақытты жанұя құра алады. Ішкі сезімдері құбылмалы жандар құрған шаңырақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкаппар адамдар да жанұя бақытын толық түсіне алмайды.
Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал толқындардың ығырынан шаршаған пенде бір сәт жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып демалғысы келеді ғой. Ендеше, жанұя дегеніміз – сол бір ыстық жағажай. Адам арпалысып жатқан тірліктен шаршағанда барып жан тыныштығын табатын орын – өз шаңырағы. Өйткені, осы шаңырақ астында сыртқа шықпайтын қайғы-мұң, қуаныш-реніштер бөлісетін жүректі табады.
Жалпы «Адамдар не үшін үйленеді?» деген сұраққа: «Өмірді бөлісу үшін» деп жауап беруге болады. Бақытты отбасында ерлі-зайыптылар өздеріне тән жақсы қабілеттерін тұмшаламай, бірін-бірі бағалап, санасып отырады. Мәселен, ері әйелінің өзгермелі кездеріндегі сезім ауытқушылығына жылы шырай танытып, көңілін аулайды. Әйелі де күйеуінің жұмыстан арқалап келген бар ауыртпашылығын ұмыттырып, жұбата біледі. Жанұядағы талас-тартыс есікті жапқан кезде сыртта қалуы керек. Ішке кірген бүлік отбасын бүлдіреді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз, Сурет: qianlong.com, дереккөзі
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Бақытты отбасы, бақытты жанұя, жанұя бақыты, жанұя, отбасы, бақытты жанұя құрудың жолы, жанұя бақыты дегеніміз не, білген, сезім, қайғы, қуаныш, бақытты, тізгіндей, өкінішке, ұрынбайды, құбылыстарын, құбылмалы, ыстық, барып, баласы, жатқан, ұстай, шаңырақ, алады, сезімдері, сезімдердің