Тұрғын үй алу жолдары

Тұрғын үй алу жолдары

Жеке тұрғын үйге қол жеткізу – әр отбасы үшін бірінші кезектегі қажеттілік: оны қамтамасыз етпей, қоғамның қандай да бір әлеуметтік басымдылықтары туралы сөз қозғай алмаймыз. Тұрғын үйге қол жеткізудің бірнеше жолы бар:

Бірінші жолтұрғын үйді мемлекеттік бағдарлама бойынша алу. Бұл бағдарлама балалары бар жас отбасыларға (29 жасқа толмаған), мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларына арналған. Халықтың көп бөлігінің алдын ала төлемді өтеуге қаражатының жеткіліксіздігін ескере отырып, несиелеу тұрғын үй құрылыс жинақ қоры арқылы алдын ала несие алу арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй алу мақсатында пайыздық төлемі жылына 4 %-дан аспайтын алдын ала және аралық несиелер береді. Осы несиелердің қолдану мерзімі – 8,5 жылға дейін, ал осыдан кейінгі тұрғын үй несиесінің мерзімін есептегенде (15 жылға дейін) несиені қолданудың жалпы мерзімі 23,5 жылға дейін болады.

Екінші жол – «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы «жалдамалы тұрғын үй». Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер кейіннен сатып алу мақсатында жалға беріледі немесе бірден сатылады. Жалға алу мерзімі 13 жылды құрайды, одан соң келісімнің шарттары дұрыс орындалған болса, тұрғын үй сіздің меншігіңізге өтеді. Сіздің төлемге қабілеттілігіңіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен расталады. Сіздің тұрғын үйдің бағасының 50 %-на дейінгі мөлшерде алдын ала төлем жасауыңызға, тек 5 жыл мерзімнен кейін ғана оны мерзімінен бұрын сатып алуға құқығыңыз бар. «Жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы жайында толық мәліметті www.kazproperty.kz сайтынан оқи аласыз.

Үшінші жол – несиеге тұрғын үй алу. Ипотекалық несие дегеніміз кепіл (несие алушының меншігіндегі мүлік немесе сатып алынатын мүлік) бойынша берілген несие. Сіз алдымен пәтерді алып, ал содан кейін ипотекалық несиені төлейсіз. Бұл іске банктер, сақтандырушылар, бағалаушылар араласады. Біріншілері ай сайынғы төлемнің тым көп болмауын қадағалап, ең тиімді ипотекалық бағдарламаны таңдауға көмектеседі. Екіншілері сізді және банкті келеңсіздіктерден қорғайды, үшіншілері пәтердің құнын орташа нарықтық деңгейде бекітеді.

Төртінші жол – тұрғын ғимараттар құрылысына үлестік қатысу арқылы пәтер сатып алу. Үлестік құрылысқа қатысушылардың саны төртеу: құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент. Мұнда банк-агент инвестор ретінде қатыса алады.

Мұнда құрылыс салушы үлестік құрылысқа өзі қатыспайды, ол әрбір тұрғын үйге жобалау компаниясын құрады, құрылыс салушы жобалау компаниясының жарғылық капиталына ақша, жер учаскесі, жобалау-сметалық құжаттама және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мүлік түрінде салым енгізеді.

Жобалау компаниясы банк-агентпен үлескердің ақшасын (депозитін) қабылдау туралы және инвестормен аталған объектіні қаржыландыру туралы шарттар жасасады.

Жалпы тұрғын ғимараттардың құрылысына үлестік қатысу тетігі мынадай:

1. Құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент арасында төрт жақты шарт жасалады.

2. Үлескер банк-агенттің депозитіне шарт бағасының кемінде 15 % мөлшерінде бастапқы жарна енгізеді және оны шартқа сәйкес толтырып отырады.

3. Жобалау компаниясы өз қаражаты немесе инвестордың, оның ішінде банк-агенттің кредиті есебінен тұрғын үйді салады және пайдалануға береді.

4. Үлескер тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлесін алғаннан кейін банк-агент ақшаны үлескердің депозитінен жобалау компаниясына аударады, ал жинақталған сыйақы мөлшеріндегі ақшаны үлескерге қайтарып береді.

Алдағы міндеттемелерді толық орындағаннан кейін жобалау компаниясы жаңа жобаға қатысуы мүмкін.

Жобалау компаниясына ғана емес, сондай ақ құрылыс салушыға да біліктілік талаптары бар – кемінде үш жыл тұрғын жайлар тұрғызуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кемінде жүз пәтерді пайдалануға беруге, кемінде жүз мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өз капиталы болуына міндетті.

Бесінші жол – өз меншігіндегі тұрғын үй құрылысы. Жер үлестеріне қол жеткізу арқылы, мемлекет 2008-2010 жылдарға жеке меншік тұрғын үй құрылысын ынталандыру қарастырылған.

Есте сақтаңыз: несие арқылы үй алу Сіздің мойныңызға ұзақ мерзімді қарыз жүктейді. Тәуекелдің жоғары болуы, табыстың тұрақсыздығы, инфляция, қайғылы оқиғалар себебінен межелі уақытта несие төленбей қалуы мүмкін. Бұл баспаналы болу бақытына емес, керісінше, кепілде тұрған баспанадан айрылу және көп көлемдегі қарызға апарып соғуы әбден мүмкін. Сарапшылар несие арқылы баспаналы болу жолдарын таңдамауға кеңес береді.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Гость Баян
    Гость Баян 19.12.2020 14:24
    0 + 0 -
    Активты қалай переадресацияға қалай қоюға болады жане шығару жолдары
  2. Макпал
    Макпал 06.02.2019 21:03
    0 + 1 -
    менин жасым 22 бир балам бар.жас отбасы аркылы калай уй алуга болады
  3. Оразкул Ишанова
    0 + 0 -
    баспананы калай алуга болады