Арыстан (жолбарыс емес)


Түсінде Арыстан болса. Арстан түсте көру

Миллер түс жоруы бойынша- арыстан

  • Түсінде аң патшасын көру – сізге үлкен күштер ықпал етеді.
  • Арыстанды өзіне бағындыру- кез келген істе сəттілікке ие болу.
  • Арыстан сізді бағындырса, достарыңыздың қысымына қорғансыз боласыз.
  • Аң патшасын торда отырғанын көру – сіздің жеңісіңіз сізге қарсы шыққан адамдарды құртуыңызға тəуелді.
  • Торда жəне одан тыс арыстанның іс-əрекетін қадағалайтын жаттықтырушыны көру – істің табысты болуын хабарлайды. Сіздің біліміңіз бен жоғары деңгейдегі іскерлік машығыңыз адамдар арасында қолдауға ие болуыңызға көмектеседі.
  • Жас арыстанды көру – сжеткілікті көңіл бөлсеңіз сәтті жүріп кететін жаңа істің бары.
  • Жас арыстанды түсінде көрген жас ару жаңа сымбатты ашынамен көңіл жарастырады.
  • Арыстанның ақыруын есту – істің күтпеген табысқа, ал жігіттің əйелдердің ықыласына ие болуы. Басыңыздың жоғары жағында ақырғаннан азу тісі көрінген аң патшасының басын көрсеңіз, билікке деген ұмтылысыңыз нәтижесіз қалады.
  • Ал, оның терісін көру – байлық пен бақытқа.
  • Өзіңізді арыстанның үстінде көру – сынақтарды өтуде табандылық пен қайсарлық танытасыз .
  • Түсіңізде өткір пышақпен балаларыңызды арыстаннан қорғап қалсаңыз, шынайы өмірде сіз тіпті бірер сəтке ғана өз парызыңыз бен іскерлік жауапкершілігіңізден көз жазатын болсаңыз, жауларыңыз өз дегеніне жететін болады.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу