Жүктілік, екі қабат болу, аяғы ауыр
Түсінде жүкті болсаңыз, аяғыңыз ауыр, екі қабат, бала көтеру.
Аюрведалық түс жоруы – Ауыр аяқ болу
Егер, тұрмысқа шықпаған əйелге бала босанғаны түсіне кірсе, ол оның сөзсіз жеңіл жүрістілігін көрсетеді. Ал тұрмыстағы əйелге бұндай түс жеңіл босану туралы хабар береді.
Миллер түс жоруы – Жүкті болу
Бала босану түске кірді.
- Егер, сіздің түсіңізге бала босанғаныңыз кірсе, бұны қуаныштың нышаны деп қабылдаңыз. Түстің бұл түрі өмірлік жағдайларыңыздың жақсаруын хабарлайды жəне алдыда шынымен де құрсақ көтеруіңіз мүмкін екендігін меңзейді.
- Отбасылы болмай тұрып бұндай түсті көру – арыңызды сақтап, беделіңізге мұқият болуыңыз керектігінің нышаны. Сонымен қатар, баланың дүниеге келгені туралы түстер қуанышты жаңалықтар мен мұраға ие болу туралы да хабар беруі ықтимал.
Фрейд түс жоруы – Аяғың ауыр болса
Фрейд түс жору бойынша құрсақ көтеру туралы түстің мағынасы Əйел адамға аяғының ауырлағаны түсіне кіретін болса, шынайы өмірде бұндай жаңалық өзін ұзақ күттірмейді. Ал, ер адам көрген жүктілік туралы түс оның өз жарынан бала сүйгісі келетіндігін білдіреді.
Цветкова түс жоруы – Жүкті болу
Жүкті əйелдің түсіңізге кіруі
- істеріңіз бен жеке өміріңіздегі өзгерістер туралы;
- əйел үшін – бақталастың пайда болуы туралы;
- ер адам үшін – оған қарсы қастандық туралы;
- таныс əйел кірсе – ұрыс туралы сыр шертеді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Жүктілік, екі қабат болу, аяғы ауыр, жүкті, әйел, қыз, түс жору, түс көру