Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Тұмарбас батыр

Бұрыңғы заманда бір бай бар екен. Үш қатыны бар да, баласы жоқ екен. Бір күндері бай қатындарына айтады: «Мен қартайдым, сендерден бала тумады, қыдырып әулиеге түнейін, құдай бала бермес пе екен?» – дейді. Темір таяқ алып, темір етік киіп жаяу бала тілеп жүріп кетеді. Айлардан ай өткенде, жылдардан жыл өткенде, темір таяқтан тебендей қалғанда байдың алдынан бір жұлындай жерден түтін шығады.......
Ертегілер
Толық

Етікші

Ерте заманда бір кедей етікші болыпты. Бала-шағасы көп екен. Үй-ішін асырау үшін ол ел аралап, қобдиын құшақтап жүріп, етік тігіпті.

Күндердің күнінде қобдиын қолтықтап, таныс емес бір ауылға аттанады. Бұрын жүрмеген жолы болған соң, етікші адасып кетеді. Түн болады. Ақырында, етікші далада жалғыз тұрған иесіз үйге кездеседі. Иесіз қыстаудың ішіне кірген етікші пештің үстіне шығып, қобдиын басына төсеп жата кетеді.......
Ертегілер
Толық

Күлсе аузынан будақ-будақ гүл түсетін жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құс

Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты Асан, ортаншысының аты Үсен, ал ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңіл бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса, маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
Ертегілер
Толық

Үббе қаласында болған Аманқұл

Қазақтар бұрынғы бабаларының айтып кеткен әрбір түрлі ертектерінен естіп, Үббенің суда болатындығын біліпті.

Бағзы уақытта адамдар суда жүргендерінде қорқыныш бола қалса: «Маған тиме!» – деп айқайлайды екен.

Өткен заманда бір қалада Аманқұл атты кісі болыпты. Аманқұлға қатыны:

— Тамақ пісіруге су жоқ, – деген соң, су алып келейін деп, қолына......
Ертегілер
Толық

Достық

Бұрынғы өткен заманда бір жігіт аңға шығып, құс салып жүреді екен. Бір күні биік бір тасқа келіп отырған көк құсты көреді. Құстың қасына жақындап барады. Бірақ, құс ұшпайды.

«Бұл не қылған құс?» деген оймен ұстап алып қараса, оның қанат, құйрығы жұлынған екен.

Көк құсқа рақымы түсіп, жігіт оны үйдегі атасына апарып көрсетеді.

Атасы құсқа қарап отырады да:

— Балам, бұл құсты он бес күн бақ. Сонан соң қалаған жағына ұшырып жібер, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Алтын мүйізді киік

Ертеде Бұлды мерген деген аңшы болыпты. Өзі әрі мерген, әрі қарулы, ақылды, ержүрек адам екен.

Бір күні ол аңға шығады. Күні бойы жүріп, бір де бір аң кездестіре алмай шаршаған Бұлды мерген бір ағаштың көлеңкесіне келіп дем алады.

Осылай қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырып, оның арғы жағасынан жарқырап көрініп тұрған бір нәрсеге көзі түседі. Байқап қараса, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Мүйізі күнге шағылысып жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлды мерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, алтыннан жаралған екен.

Ол атып алмақ болып, мылтығын кезейді. Сонда алтын мүйізді киікке тіл бітіп:

— Сабыр ет, балам! – деп, Бұлды мергенді тоқтатады. Сенер-сенбесін білмей тұрған аңшы киіктің жанына келеді.......
Ертегілер
Толық

Алтын пышақ

Ерте, ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда, бір орта шаруалы адам өмір сүріпті. Сол адамның үш баласы болыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, күндерде бір күн бұл адам ауруға шалдығып, өлер халге жетіп, өлер алдында, көзінің тірісінде, өз қолымен бар дүниесін үш баласына бөліп бермек болып, үш баласын қасына шақырып алады. Сонан балаларына кеңес етіп, сөзін бастайды: «Өмір өтті, уақыт жетті, мен енді өлер халге келдім, енді өз қолыммен тең етіп, дүниені бөліп бергелі отырмын», – деп сөзін аяқтады. Ең бірінші үлкен баласын шақырып алып......
Ертегілер
Толық

Қарашаш қыз

Ертеде бір хан болыпты, өзінің қырық қатыны бар екен. Үлкен бәйбішесі бір күндері екіқабат болады. Ханның өзі бір жаққа жол жүруге сайланып, орнына қалдырған уәзіріне айтады: «Осы қатынымнан қыз туса, ол қызды өлтір де басын өзіме алып қойып, келгенімде көрсет, ұл тапса, алдымнан сүйінші сұрап шық», – деді. Хан сапарға шығып кетеді.

Бірнеше күндерден соң бәйбішесі босанып, қыз туыпты. Ханның тапсырған уәзірі қызды айдалаға апарып өлтір деп, бір адаммен жіберіпті. Ол адамына жолда бір қу кемпір жолығады, бұл қызды өлтіруге апаратынын білген соң, оған айтады: «Сен бұл қызды тектен-тек өлтірме, онан да маған бер, мен жеті қабат жер астына салып асырайын», – дейді. Әлгі адам кемпірдің мұнысы да дұрыс екен деп, қызды беріп қоя берді.......
Ертегілер
Толық

Түс көрген патша

Ерте заманда бір патша бір күні халқын жиып алып: «Мен бір түс көрдім, кімде-кім менің қандай түс көргенімді табатын болса, ол адамға мың ділдә беремін. Менің түсімді таппақшы болып, менің беретін ділдәларымды алған соң, көрген түсімді таба алмаса, ол адамның басын аламын», – депті.

Патшаның бұл түсін ешбір адам таба алмай, бірнеше күн өткен кезде, сол шәріде тұрушы бір адамның әйелі ерін жақтырмай, ерінің бір жаққа кетуін немесе бүтіндей өлуін тілейді екен. Бір күні әлгі әйел еріне:

«Сен патшаның көрген түсін табамын деп, патшаның мың ділдәсін алып алсаңшы.......
Ертегілер
Толық

Мезгілдер жайлы ертегі

Күн мен Ай қатты ренжісіп бір – бірімен мәңгілікке айырылысады. Көп ұзамай олардың өз балалары дүниеге келеді. Айдың балаларын санап бітіру мүмкін емес болды. Ай өзінің жарқыраған балаларына жұлдыздар деп ат қойды. Күнді көргісі келмей балаларын ертіп ғарыш......
Ертегілер
Толық