Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын сақа

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, етек жеңін сыдырып, әулие қоймай қыдырып, бір бала сұрап алыпты Бай бір күні жылқысын суаруға көлге құлатса, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп, құрықтап қанша айдаса да, суға жаба алмайды.

Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен тартып кетеді. Өкпе суға батып кетеді де, әлдене уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Байдың көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

—Ат басындай алтын берейін, қоя бер,—дейді.
Жалмауыз кемпір жібермейді......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын топай

Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға түспей қояды. Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп құдыққа қанша айдаса да суға түсіре алмайды.

Сол арада бай құрығын қолына алып суда жүзіп жүрген өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді. Сол арада байдың көзі алақандай боп қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге жалынады. «Ат басындай алтын берейін, қоя бер»,—дейді. Жалмауыз кемпір қоя бермейді. «Осы жылқылардың бәрін берейін, қоя бер»,—дейді. Кемпір қоя бермейді. Бай ақырында не берсе де кемпірден құтыла алмайтын болады. Бай: «Енді не берейін?»—дегенде кемпір айтады: «Жалғыз балаңды бер, сонда қоя берейін»,—деді. Жан—тәтті. Бай жалғыз баласын бермекші болады. Сонымен кемпір байды қоя береді. Кемпір айтады: «Балаңды қай жерде бересің?»,—дейді. Бай айтады: «Ертең жайлауға көшемін, сонда баламның алтын топайын қыстауға тастап кетейін, сен қыстауда сол топайдың жанында отырасың»,—дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.

Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.

—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......
Ертегілер
Толық

Ғажайып түс

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан...
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп, жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті.
Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.
Екі күн өткесін, қыздармен танысып, үйреніскен Ақбай Бибісарадан: «Сіздің басыңыз бос па?»—деп сұрапты.
Бибісара айтыпты: «Мен дүнияға келгелі өзімнің алдыма қойған шартым бар еді. Сол шартымды толық орындаған жігітке тиемін,—деген. — Неше адамдар таламан болып аламын деп келсе де, менің қойған шартымды орындай алмайды».
Сонда Ақбай отырып: «Шартыңызды айтып көріңізші, мен де бағымды сынайын!»—дейді......
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық

Қара батыр

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты:
- Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.
Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды.
- Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана...
Сауысқан шық-шық етті де....
Ертегілер
Толық

Үш жетім

Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге.....
Ертегілер
Толық