Зерделі
Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
- Әкең Қазақбайды білуші едім. Үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесіне жете туады, енді бір бала бар, ол кері кете туады. Сен соның қайсысы боласың? - деп сұрапты.
- Ата, өте туған бала боларымды алдағы өмірім білер, кері кете тудым ғой деп білем, - депті. Қария тағы бір сұрақ беріпті.
- Балам, өтірік пен шындықтың арасын өлшедің бе? - депті.
- Өлшедім өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, - деп, бала оң қолының төрт саусағымен көз бен кұлақтың аралығын басыпты.
Қария:
- Балам, ақыл кімнен шығады, асыл неден шығады, қанат неден шығады, жанат неден шығады, санат неден шығады, оғат неден шығады, соны білдің бе? - депті.
- Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады, тату болса ағайын бірі құйрық, бірі жал, қанат содан шығады, қой терісін қорлама жанат содан шығады, халқы үшін қарттар қам жесе, санат содан шығады, өнерсіз болса бозбала - оғаш содан шығады - депті. Қария Зерделіге риза болып үйге түсіп, дәм татуға шақырады. Қымыз ішіп отырып, Зерделі:
- Ата, екеуіңіз қалай? - деп сұрапты. Қария: - Екеуім үшеу болады, - депті.
- Алысыңызбен қалайсыз? Жақыныңызбен қалайсыз?
- Жақыныммен жауша жағаласып, жамандарша найзаласамын. Алысым араздасты.
- Тәттіңізбен қалайсыз?
- Балам-ай, тәттінің де дәмі азая бастады ғой, - депті.
- Несиеңіз тие ме, ата? - депті, Зерделі тағы да. Сонда қария:
- Жасымда берген несием, қартайғандағы несібім екен, үй тігіп, қымыз сапырып отырғаным соның арқасы, - депті.
Қариямен қош айтысып, атқа қонған соң, былай шыға, Зерделінің жолдастары:
- Қариямен екеуіңнің соңғы сөздеріңді біз ұқпадық соны түсіндірші, - деп өтініпті.
- «Екеуіңіз қалай дегенім, екі аяғыңыз қалай өздігіңізбен жүре аласыз ба?» дегенім еді. Қария: «Екі аяққа бір таяқ қосылып, үшеу болды»,
- деді. Алысыңызбен қалайсыз дегенім - алыстағыны көре аласыз ба?
- дегенім еді, қария алысты көрмейтін болдым деді. Жақыныңызбен қалайсыз дегенім - тісіңіз бар ма? Тамақ ішіп жеуіңіз қалай дегенім еді, қария әр жерде бірден ғана тісім қалды, сонымен арпалысып күн көрем деді. Мен тәттіңізбен қалайсыз дегенім - ұйқыңыз қалай дегенім еді, қария - ұйқым азайды деп жауап берді. Несиең тие ме дегенім - балаларың күте ме, жасында сіз оларды бағып-қағып өсіріп едіңіз, енді олар сол еңбегіңізді өтей ме дегенім еді. Қария: дұрыс тәрбиелеп, жақсы өсірген бала адамға қартайғанда бақыт екен. Балаларымның қызығын көріп отырмын, - деді.
Зерделінің жолдастары бұған өте риза болыпты да: - Сен өзің бізбен құрдассың, қариядан асыра білім көрсеткеніңе таң қаламыз, - депті. Сонда Зерделі:
- Мен өзім жас болсам да, әкем Қазекең көп жасады ғой - деген екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Зерделі ертегісі, Зердели ертеги сказка, зерделі ертегісі