Зерделі бала

 Зерделі бала

Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.

Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:

Айналайын, таспиғым сенен,

Ешкім күмән қылмас менен.

Аптасында бір ғана,

Лә-или-һа-ал-ал-ла! – дейді екен.

Өзінің Біләл атты бір зерделі шәкірті молданың әлгі сөзін ұғып алып, оны өз әкесіне бұлжытпай бір күні айтып барыпты. Баланың әкесі күдіктеніп, ішінен: «Тегінде, молданың мынасында бір гәп бар екен?» деп, көп ойланыпты...

Ол жұрттан ауыл көшіп кеткен соң, әкесі бес-алты адаммен келіп, шеттегі молда үйінің жұртын қараса, дәл молданың өзі жататын жер төсегінің астынан терең етіп қазылған ұра табылыпты.

Әлгі қамбаның бетін ашса, одан бірнеше тайыншаның көгерген терісі мен саудыраған сүйегі шығыпты. Сонда өз көздеріне өздері сенерін де, сенбесін де білмей, біріне-бірі аңтарылып қарап қалған ауыл ақсақалдары:

— Ас-тағ-пи-рул-ла, енді не десек екен?!

— Басында сәлде, аузында алла!..

— Мол-ла-ңа да болайын, оның тәспиғына да болайын!

— Әне, сенің зерделі балаң! – десіпті.

Салы суға кеткен ақсақалдар ауылына келіп:

— Бұрынғылар «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деуші еді, сол рас екен...

— Енді, мұнан былай біздерге айтқанын тыңдауға, істегенін көруге жазбасын. Мұның ең абзалы – енді «Құтырғаннан құтылған» – ғой!

— Мынау, уағыз айтып елді де жарылқамасын, молда болып өзін көзге де көрсетпесін! – десіп, ұрлаған малдарын өндіріп алмақ түгілі, молласына «мал ұрлапсың» деп айтуға да ұялыпты.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру