Малхуан сұлу
Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты.
Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен.
Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.
Сөйтіп, сарайдың кілтін өзінің шашбауына тағып жүретін болды. Күндердің күнінде ханның жалғыз баласы бас уәзірдің баласымен ойнап жүріп, сарайларды ашып көрмек болды. Көруге көңілі кетіп, шешесіне келіп, сарайлардың кілтін сұрады. Кілттерді алып, сарайларды ашып, аралап, қызығына құмартқан бала бір кезде бір кілттің жоқ екенін сезеді. Шешесіне келіп қайта сұрап еді, шешесі:
— Шырағым, ол кілт әкеңнің шашбауында. Оны алу қиын. Әкең намаз оқығанда ғана шешіп қояды, басқа кездерде өзінде болады, – деді.
Баласы әкесін аңдып жүріп, кілтті ұрлап алып, уәзірдің баласымен сарайға келеді. Келсе, бір тамаша сұлу ай десе аузы, күн десе көзі бар қыздың суреті тұр. Суретті көріп, ханның баласы есінен танып құлайды. Бала біраз жатып есін жинап, уәзірдің баласының сүйеуімен үйіне келеді. Сонан былай науқасқа ұшырайды. Хан тәуіптен тәуіп қоймай қаратып, баланың ауруына шипа іздейді. Тәуіп:
— Балаңыз сары ауру. Оның емі – Малхуан сұлу. Сол қызды тауып, балаңызға қоссаңыз, балаңыз жазылады. Қазір ол қыздың туғанына сегіз жыл. Ол Шыңғырлы деген тауда тұратын Дәуіт дегеннің қызы екен, – дейді. Хан жалғыз баласына уәзірінің баласын қосып, екеуіне бірдей ат-тұрман, ер-тоқым беріп, бірдей киімдер кигізіп, жолға шығарып салады. Сонымен екі бала Шыңғырлы тауын іздеп, жолға шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, кім білсін, бір кезде екеуі қырық күншілік қараңғылыққа түсіп кетеді. Оларды қолына шырақ ұстаған бір қария жер үстіне шығарып салады.
Қария айырыларда жөн сұрады. Жігіттер жөндерін айтты. Сонда қария тұрып:
— Балаларым, бұл жол ауыр жол екен. Әуелі алдарыңнан бір жалмауыз кемпір кездеседі, сол кемпір бір қойшы баланы көрсетер. Сол қойшы бала Шыңғырлыдағы Малхуан сұлудың шаһарына жеткізер! – деп, шал батасын береді.
Екі жігіт жүріп келеді, жүріп келеді, бір кездерде аспанға қарай будақтаған түтінді көреді. Бұл кемпірдің үйшігінен шыққан түтін екен. Кемпір екі жігітті көріп, қуана қарсы алады.
Жігіттер сәлем берін үлгіргенше болмай-ақ, кемпір хан баласын жұтып жібереді де қайта түсіреді. Рақымшылығы түсіп, екі баланың сұлулығына таң қалып, жөн-жосығын сұрайды.
— Балаларым, жолдарың болсын. Менің рақымшылығым түсіп, сендердің биліктеріңді өздеріңе бердім. Енді менен бұйымтайларыңды сұраңдар.
Балалар қуанып кетті. Жөндерін айтты.
— Мақсаттарыңа жетесіңдер. Ол қыз осы арадан қашық емес, мынау көрінген - Шыңғырлы тауы. Алдарыңда қалың орман бар. Сол орманның ішінде Малхуан сұлудың мекені бар. Малхуан білімді, көрікті деп, дабылы жер жарып жатыр. Қазір қызды қулық-сұмдыкқа оқытып жүр, оны оқытатын сиқырлы кемпір. Ол үнемі хайуан қалпында жүреді. Кемпірдің құлқыны – алтын. Сол кемпірді алтынмен өздеріңе қаратып ала алсаңдар, Малхуан сұлуды да оңай көндіресіңдер. Менің айтарым - осы. Ал енді қалғанын қойшы бала түсіндірер деп, кемпір де жөнелтіп салды.
Екі жігіт көп кешікпей орманға тап болды. Орманға кірісімен, кешікпей қойшы балаға да кездесті. Жөндерін айтысты. Қойшы тұрып:
— Мен сендерге еш нәрсе айтуға міндетті емеспін, керек етсеңдер, жөн-жосықты сілтеп көрсетемін, ақылды болсаңдар, өздерің ойлап шешіңдер, – деді.
Қойшы оң жаққа қарай қолын көтерді де, артына да қарамай жүре берді. Екі жігіт аң-таң болды. Уәзір баласы хан баласынан:
— Сен не түсіндің? – деп сұрады.
— Сен ше?
— Жоқ, мен еш нәрсе түсінбедім, – деді хан баласы. Көп ойлаңқырап уәзір баласы:
— Анау құс ұшқан жерді көресің бе, сол шаһар болуы керек, – деді.
Аяғын баса беріп, екеуі де тұра қалды. Қарсы алдарында өкірген өгіздерді көрді. «Сиқырлы кемпір» деген сөз естерінде, екі жігіт сасып, қалталарынан мың ділдәні алып шашып жіберіп, ағашқа тасаланған болды.
Әлгі өгіздердің бірі кемпір бола қалып, ділдәні жинап алды да:
— Азамат, бері кел! – деді. Екі жігіт сасқалақтап, еш нәрсе дей алмай біраз тұрды. Сонда кемпір:
— Иә, жігіттер, жөндеріңді айтпасаңдар да біліп тұрмын. Малхуан менің қолымда оқып жүр. Сендер онымен сөйлесу үшін бірің менен бірер күн оқыңдар. Менің Малхуанды оқытатын сабағымды үйреніп барып, бір күні сабақ беріңдер, кейін Малхуан сұлудың өзімен сөйлесерсіңдер, – деді.
Екі жігіт біріне-бірі «сен үйрен, жоқ, сен үйрен» десіп, ақыры уәзір баласы оқымақшы болды. Уәзір баласы сабақ беруге келеді. Малхуан оны сезіп қалып: «Кімді алдағың келді», – деп, тартып-тартып жібереді.
Жігіт есінен танып қалады. Сонда Малхуан аяушылық жасап әрі баланың көркіне қызығып, жөнін сұрапты.
Жігіт өзінің уәзір баласы екендігін. хан баласының Малхуанды іздеп келгенін айтады. Малхуан тыңдап болып:
— Мен сіздерге ризамын. Елімізге қалмақ ханы келіп, әкемді қорқытып, мені зорлап алмақ болып жатыр. Міне, тойым бітіп, ойынымның басталғанына үш күн болды. Мен сендермен бірге қашайын, бірақ қалмақ ханынан құтылу үшін үлкен айла керек. Мен өздеріңе де мағлұм қалмақтың қасында боламын. Ал, сендер осы арада менің әкемнің әкесінің тамы бар, сонда болыңдар. Біз жақындағанда, мен ханнан рұқсат сұрап, кіріп шығармын. Біреуің әзір тұрып, менің киімімді киіп, қалмақ еліне барыңдар. Қайта қалай келесіңдер, оны өздерің білесіңдер, – дейді қыз.
Екі жігіт тамға барып, күтіп жата береді. Бір мезгілде салдыр-гүлдір етіп, күймеге мінген күйеу мен қалыңдық өте берді.
Сонда Малхуан:
— Тақсыр, рұқсат болса, мынау әкемнің әкесінің тамы еді, кіріп, зиярат етіп шығайын, – деді.
Зорға деп қолына түсірген сұлудың айтқанын хан екі етпейді, баруға рұқсат етті. Малхуан ішке кірісімен, уәзірдің баласы сылдыраған келіншек болып шыға келді. Сөйтіп, қалмақтың еліне кете барды. Оның кім екендігінде ханның жұмысы да болған жоқ, себебі уәзірдің баласы да асқан сұлу болатын-ды.
Хан ат шаптырып, той қылды. Келісімен Малхуан (уәзірдің баласы) ханға шарт қойды:
— Тақсыр, сіз менің қасыма қырық күнге дейін жоламаңыз, менің осы тілегімді орындасаңыз, мен сізді өлгенімше, шексіз сүюге әзірмін, – деді.
Хан рұқсат етті. «Келіншектің» келген жерінде қайын сіңілісі бар еді. Екеуі бірі «жеңге», бірі «қайын сіңілі» бір жатып, бір тұрды.
Бір күні «келіншек»:
— Еркежанды атқа үйретем, – деп, ханнан екеуіне екі тұлпар алдырып мініп қашты. Сөйтіп, екеуі қашқан бетімен баяғы там ішіндегі ханның баласы мен Малхуанға келді, төртеуі сонда жасырынып жата берді.
Малхуан сиқырлап, тамның есігі, тесігі де жоқ болып жабылып қалды.
Осы кезде қалмақ елі бүліншілікке тап болып, астаң-кестеңі шығады. «Ойбай, келіншек те жоқ, қыз да жоқ» десіп, шуласып, тұс-тұстан іздеуге кіріседі. Таба алмайды, бірақ баяғы қойшы бала олардың тамда жатқанын айтып қояды. Хан тамға келсе, есігі жоқ, тек бір бітеу күмбез тұр. Өтірік айтты деп қойшыны сабатады.
Ақыры шаршап. хан еліне қайтты. Хан кеткеннен кейін, сиқырлы кемпір:
— Балаларым, енді барыңдар, сендерді іздегенмен қорқыныш жоқ, жолдарың болсын! – деп, қайтарып жібереді жолға салып.
Балалар елге төртеу болып қайтты. Жүре-жүре бір бұлаққа келді, тынығып дем алмақшы боп әрі-бері отырғаннан кейін, көздері ұйқыға кетті. Бәрі ұйықтап кетті, тек уәзірдің баласы ғана ұйықтай алмады.
Бір кезде теректің басына қонған қос қарға адамша сөйлесе бастады. Бірінші қарға:
— Пай! Пай! Хан баласының сұлуын-ай. Бірақ өмірінің қысқасын-ай! – деді.
Екінші қарға:
— Неге? – деді.
Сонда бірінші қарға тұрып:
— Е, неге дерің бар ма, оның әкесі Малхуанға ғашық. Баласын құрту үшін әкесі әрекет жасап отыр. Хан баласының үйінде өзі үйреткен тұлпары бар екен, әкесі сол тұлпарды улап, баласының алдынан жіберіп, өлтірмек көрінеді. Осыны хан баласына жеткізген кісі тізесіне дейін қара тас болсын! – деді.
Әлден соң әлгі қарға отырып:
— Баланың әкесі тамаққа да у қосып әзірлепті, – деді де: «Осыны хан баласына жеткізген адам емшегіне дейін қара тас болып қатып қалсын!» – деді.
— Пай! Пай! Хан баласына төніп тұрған қауіптің жаманын-ай, үйінде өзімен бірге өскен мысығы бар екен, әкесі оның да үстін улаған екен, бала оны ұстамай отыра алмайды ғой! – деді де ұшып кетті.
Уәзір баласы ренжіп, жолдастарын оятып «жүрейік» деді. Сөйтіп, төртеуі елге келіп жетті. Бір мезгілде жұлқынып, тізесін кеміріп, баланың тұлпары алдынан шықты. Уәзір баласы оны шауып өлтіреді.
Хан баласы жолдасының мұндай жайсыз қылығына ішінен ренжісе де досын сыйлағандықтан, үндеген жоқ. Бұлар үйіне келісімен, хан тойдың жабдығына кірісті. Екі қызды бөлек сарайға сыйлады. Тамақ әзір болды. Уәзір баласы әкелген дәмнің күл-талқанын шығарды. Кеш болды, төртеуі бір бөлмеге жатуға келісті. Бір мезгілде маң-маң басып келе жатқан мысықты уәзір баласы шабамын деп салып қалды. Қаны шашырап Малхуан сұлуға тамды. Тамған қанды сорып алмақшы болып ұмтыла бергенде, хан баласы оянып кетті.
— Е, сен мені күндеп жүр екенсің ғой, әкеме айтып дарға астырам, – деп әкесіне келіп шағым етті.
— Ойбай, әке, өзім ұйықтап жатқанда, мына уәзірдің баласы Малхуанды сүйіп жатыр екен, енді мұны жоқ қылу керек, – деді.
Хан дарды әзірлетті. Дар түбіне барша халық жиналды. Уәзір баласы өлерін біліп, енді манағы басынан кешкен жайларды әңгімелеп, қарғаның айтқандарын жыр ете бастады. Соны айтқанда, өзі қара тас болып, қатып қалды. Жолдасының адалдығын біліп, хан баласы уәзірге келіп:
— Не істесеңіз де қолыңыздамын, айып менен, – деп жылай берді. Уәзір хан баласының екі көзін ойып алды да домалақ тасты арқалатып қоя берді. Хан баласы тасты көтеріп, шаршап, шалдығып, бір жерге келсе, бірталай андар жиналып, сөйлесіп отыр екен.
Қасқыр тұрып:
— Япырым-ай, осы араның шөбі де, суы да тамаша, кем-кетігіңді түзеуіңе, жоғыңды табуыңа, тамақтануыңа – бәріне де шипалы, – деді.
Түлкі тұрып:
— Я, оның рас, анада менің аяғымның кемдігі осының суынан жазылды ғой, – деді.
Бала осының бәрін естіп, суды табуға әрекет жасады. Ол суға келіп, көзін сипап жіберіп еді, көзі шайдай ашылып кетті. Арқалаған тасты суға салып алған екен, өзінің жолдасы бұрынғы қалпына келіпті. Сөйтіп, екеуі ақылдасып, елді іздемей-ақ, енді осы жерде еңбек етейік десті.
Олар жылқы бағып, бір ханға жалданады. Күндердің күнінде бір тойға барамыз деп, бүкіл жұрт кете бастады. Екі жігіттің де барғысы келді, бірақ хан оларға ат бермеді. Хан баласының қалтасында өз аттарының бір-бір тал қылы жүр екен. Соны тұтатып жіберіп еді, аттары жетіп келді.
Тойға бұлар да келеді. Келсе, той болын жатқан ел өз елі екен. Хан Малхуанға, уәзірі Еркежанға үйленемін деп жасаған тойы екен. Екі қыз сағынған жарларын сырттан таниды, бірақ қуаныштарын білдірмейді.
Бір кезде хан мінбеге шығып, сөз сөйлейді. Өзінің шектен тыс қуанышын айтып: «Кім сөйлесе де рұқсат, тек мені мақтайтын болсын», – дейді ол. Сонда уәзірдің баласы шығып, қасындағы өмірлік досының өмір тарихын айтып:
— Хан қасқыр, уәзір түлкі болсын! – деп, сөзін бітіреді.
Бала айтып аузын жиғанша, хан қасқыр болып, уәзір түлкі болып, бірін-бірі қуа жөнеледі.
Екі жігіт өздерінің сүйген жарларына қосылып, барша мұраттарына жетіпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Малхуан сұлу туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Малхуан сұлу арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Малхуан сұлу казакша оку, Малхуан сұлу