Бөгелек
Ерте, ерте, ертеде жәндіктер өздерін-өздері мансапқа қойыпты. Сона – хан, бөгелек – уәзір, шіркей – жасауыл сайланыпты.
Күндердің күнінде ызылдап ұшқан бөгелек өрісте жайылып жүрген жылқыны, сиырды, есекті кездестіреді. Қараса, жылқыға жал, сиырға жая, есекке қоң біткен. Бөгелекті мүлде әкім екен деп танымайды. Бұған қаны қайнап, көзі алайып кеткен бөгелек ызыңдап, әрқайсысына бір төнеді. Оған жылқы да, сиыр да, есек те мыңқ етпейді.
Сонымен, әбден ыза болған бөгелек ұшып келіп, сона ханға арыз айтыпты:
— Осылай да осылай, хан тақсыр! Жан-жануарлар сізді хан деп елемейді, салығын төлемейді.
Мұны естіген сона хан кәріне мініпті. Шіркей жасауылдарын шақырып, жарлық беріпті:
— Бөгелекке еріңдер,
Салық жинап келіңдер!
Төлемесе салықты,
Сыбағасын беріңдер!
Сонымен, бөгелек уәзір бастап, шыбын-шіркей қостап, жан-жануарлардан салық жинауға аттаныпты. Бұлар дуылдап, ең алдымен жылқыға келіпті.
— Салығыңды төлемей, сона ханды елемей жүрген сенің сыбағаңды берейін, – деп, бөгелек пен шіркей тап бергенде, жылқы бұларды құйрығымен шықпыртып-шықпыртып, көлдің қалың құрағына қойып кетіпті.
— Қой, қанатымыз су болар, мұны көлден шыққан соң көрерміз, – деп, бөгелек енді есекке келеді.
— Әй, бақырауық, кәне, төле салығыңды! – деп, зіркілдей ұмтылғанда, есек:
— Қыс-қарт, қыс-қарт! – деп, құйрығымен басы-көзін сабалап, борпылдақ күлге аунай беріпті.
— Қой, мына бәленің астына түсіп, күлге көміліп қалармыз, жүріңдер, сиырды тауып алайық, – деп, салық жинаушы бөгелек өзінің шіркей жасауылдарын ілестіріп, сиырды іздеп әрі қарай жөнеледі. Сиырды тауып алып:
— Кәне, төле салығыңды, төлемесең, қаныңды түгел сорып, қу сүйегіңді қалдырамыз! – деп, төбесінен төне түседі.
Мұны естіген сиыр:
— Қане, бөгелегім, салығыңды қуып жетсең, аларсың! – деп, құйрығын көкке шаншып, зыта жөнеліпті.
Ештеңе өндіре алмаған бөгелек қайтайын десе, сона ханнан қорқып, әлі күнге дейін салығын ала алмай, сиырды қуалап жүр деседі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Бөгелек туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Бөгелек для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Бөгелек, ертегилер казакша оку, Бөгелек