Бақыт құсы
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.
Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы Асаубайға түсін жорытпақ болады. Таң атып, ел тұрады. Қазанқап Асаубайға түсін айтады. Асаубай қызыға тыңдап тұрады да:
— Маған осы түсіңді сат. Төрт түлік малдан қанша алсаң да берейін, – дейді. Қазанқап: «Мүмкін, сатсам сатармын, жауабын үш күннен соң берермін», – деп, қозысын айдап кете береді. Қазанқап далаға барып, әрі ойлайды, бері ойлайды. «Тегі, бұл түсім жақсы түс болар. Сараң байдың баласы маған мал да бермес, алдар, немесе сатпадың деп сабар, асылы, мен қашып кетейін де алдымнан бақыт іздейін», – деп, қозыны тастап, құла дүз далаға қашып кетеді. Жүре-жүре күн батып, түн болады. Таң атып, күн болады. Бір күні шаршап, кешке қарай бір шоқ терекке жетеді де демалып, тәтті ұйқыға кетеді.
Бұл маңда Таусоғар деген хан болады екен. Ханның екі әйелі болады, екі әйелінен екі қызы болады. Бірінің аты - Гүләйім, екіншісінің аты - Гүлмаһира екен. Бұл екі қыз әрі құрдас, әрі тату екен. Екеуі де ақылды. Әсіресе Гүлмаһира жын-перінің тілін біледі екен. Екі қыз бір жүреді, бір тұрады, бірге сырласады. Сүйтіп жүріп, екеуі өмірі айырылмасқа, тіпті екеуі сүйген бір адамға, барып, тату-тәтті өмір сүруге уәделеседі.
Күн артынан күн, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтеді. Екі қыз өсіп, бойжетеді. Таусоғар хан екі қызын екі байдың мырзасына бермек болып, құда түседі. Бірнеше күн той-топыр жасап, көп мал, дүние шашылады. Құдаларымен сөйлесіп, келесі жылы осы уақытқа той жасап, екі қызын бір күнде ұзатуға уәде жасап, тарқасады. Қыздар бұл байлардың балаларын сүймейді, өздерінің уәдесінде болады. Елде өздері сүйіп, сөйлесіп жүрген Сағит деген бір жігітті сырттай жаратып жүреді. Сағит қуана құптайды. Үшеуі қашпақ болады. Әуелі Гүләйім мен Сағит қашып кетпек болады, олар орныққасын Гүлмаһира бармақ болады. Сонымен Сағитқа бүгін түнде ауылдың шығыс жағындағы шоқ теректе күт дейді. Гүләйім қос атпен өзі барып, сол жерден әрі жүріп кетуге сөз байласады. Сағит асыға жолға шығады. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы. Ол жүре-жүре адасады.
Ақыры жүріп келіп кездескен бір шоқ терекке жата кетеді. Гүләйім өзі ерлерше киінеді. Қалған киімдерін қоржынға салады. Азық, жол қаржылық алтын, Сағитқа киім алады. Садақ, қылыш, найза сияқты қаруларды да алады, түн ішінде бір атты мініп, бір атты жетектеп жүріп кетеді. Шоқ терекке келеді. Келсе, түбінде біреу ұйықтап жатыр.
— Тұр, мына атқа мін! – деп оятады. Ұйықтап жатқан адам шошып оянады. Қару асынған бос атты адамды көріп зәресі ұшады. Өзін қуып келген Асаубай шығар деп, басын төмен иіп жылай береді. Гүләйім де қайран қалады. Бірақ аялдауға уақыт жоқ. Естіп қалса, қуғыншылар ұстап ала ма деп қорқып, ақырын дауыспен:
— Тез, мына атқа мін де маған ере бер! – дейді. Кісі мінеді де Гүләйімге еріп тарта береді. Жүйрік аттар сол түннің ішінде бірнеше патшалықтан өтіп, таң ата бір бұлақтың басына келіп тоқтайды. Бұлар аттан түсіп, бір-біріне қарасады. Қарап, өз-өздерінен таңқалысады. Екеуі де бірін-бірі танымайды. Гүләйім ойға кетеді. Сағиттың адасқанын, оның орнына басқа бір жігітті алып қашқанын сезеді. Қыз жігітке қарайды, жігіт қызға карайды. Қыз абайлап қараса, қасындағысы - үсті-басы алба-жұлба, бет-аузы кір-кір, бірақ көзінен оты жанған орта бойлы жас жігіт. Гүләйім енді болар іс болды, не де болса, маңдайыма жазғаны осы шығар деп, бастан-аяқ сырды айтады. Сырласып, мұңдасады, бірін-бірі ұнатады, аты-жөндерін сұрасады. Гүләйім тамақ ішкісі келгеніне қарамастан, өзенге Қазанқапты жуындырады. Ескі киімдерін өртеп, таза киім кигізеді. Тамақ ішіп әлденеді. Қазанқап әп-әсем жігіт болады. Ағаштан күрке жасап алып, құс, балық аулап тұра береді. Аттарын көзге түсірмей, терең сайға арқандап бағады. Гүләйім Қазанқапқа көңіл қосады. Бірақ біреу-міреу біле қалса, екеуіміз де жетімбіз дерсің деп айтып қояды. Күндерде бір күн бұлар өздері тұрған жерден онша қашық емес бір қаланың бар екенін біледі. «Асықпай аралап кел» деп, елеусіз бір киім кигізіп, қыз Қазанқапты қалаға жібереді. Қазанқап қаланы ертеден кешке дейін аралап қайтып келеді. Бұл Асаухан деген ханның қаласы екен. Хан ауру болып, ханның орнына қаланы бас уәзірі Қасен басқарады екен. Күндерде бір күн Қасен жолдастарымен аң аулап жүріп, Гүләйімдердің күркесінің үстінен түсіп қалады. Уәзір қайтып қалаға келген соң, ханға сондай бір сұлу қыз көргенін, ол қыздың тек ханға лайық екенін және қасында інісінің бар екенін айтады. Хан жазылған соң алармын деп ойлайды да жазылғанша інісінің көзін жоюды тапсырады.
Ертеңінде Қасен Қазанқапты шақыртып алып: «Хан науқас еді. Ол аурудың емі Сүлейменнің «ақ дәрісі» деген көрінеді. Соны тауып әкеліп бер. Бармасаң, не таба алмасаң, басыңды аламын!» – дейді.
Қазанқап күркесіне бір түрлі мұңайып келеді. Оны Гүләйім сезеді де: «Мұңаймасым, неге мұңайып келесің?» – дейді. Қазанқап Қасеннің бұйрығын айтады.
— Ол ешнәрсе емес, мұңайма, уәзірге бар да ханның бар жылқысын ертемен алдымнан шұбыртып өтіңіз, ішінен таңдап бір ат аламын да соны мініп дәріні іздеймін де, олар оны мақұл көреді, – дейді.
Қазанқап қайта келіп уәзірге айтады. Хан да, уәзір де мақұл көреді. Ертеңіне Гүләйім мен Қазанқап жылқыларды аралап жүріп, бірнеше жүз жылқы өткеннен кейін, басқа бір жүз жылқының орта шенінде келе жатқан бір қара семіз ат пен бір арық көк атқа көздері түседі. Қазанқап қара атты ұстағысы келеді. Бірақ Гүләйім қара атты ұстатқызбайды.
Қазанқаптың көңілі толмайды. Сонда Гүләйім тұрып:
Ей, мұңаймасым!
Ешнәрсені білмейсің.
Ержігітте мін болмас,
Тұлпар атта сын болмас.
Қазанат мініп қас батыр
Өмірінде жау алмас, – дейді. Қазанқап кететін болады. Гүләйім бір хат жазып қолына ұстатады.
«Күннің батысында Таусоғар деген хан бар, оның Гүлмаһира деген қызы бар. Бұл дәріні тапса, сол табады. Осы хатты сол қызға табыс ет, бірақ оның қақпасына ену қиын. Қақпасына екі тау қондырған. Ол екі тау лезде ашылып, жабылып тұрады. Арасында қалып қойсаң атың да, өзің де жаншылып мерт боласың. Тек ашылғанын бағып тұрып, тез өтіп кетесің», – дейді. Қазанқап жүріп кетеді. Күндерде бір күн Қазанқап Таусоғар ханның еліне жетеді. Есік ашылғанын аңдып тұрып ханның ордасына өтеді. Ретін тауып хатты Гүлмаһираға табыс етеді. Гүлмаһира хатты оқып қуанады. Қазанқаптың атын да, өзін де оңаша жерге қойып күтеді. Бір күн түнде өзінің сиқыр орамалдарын желпіп, перілерді шақырады. «Сүлейменнің ақ дәрісін» сұрайды. Бұл дәрі біреуінде бар екен. Содан бір мысқалын алып, өздерін таратып жібереді. Ертеңінде Қазанқапты аман-есен аттандырып салады. Қазанқап келгенше, Асаухан өліп қалады. Өлсе де дәріні әкеп Қасенге береді. Ел ханның орнына хан сайламақ болады. Бұл елдің заңы бойынша «бақыт құсы» деген құс болады екен. Сол құсты үш күндік жерден ұшырып, құс кімнің үйінің төбесіне қонса, сол кісі хан болады. Мезгілді күні елді жиып, сол заңдары бойынша құсты ұшырады. Құс Гүләйім мен Қазанқаптың күркесіне келіп қонады. Бір емес үш рет ұшырады, үшеуінде де сонда келіп қонады. Қасен елге де, Гүләйімге де қысым жасайды. Гүләйім енді қорқады да әкесіне хат жазып, барлық жағдайды баяндап, Қазанқапты жібереді. Таусоғар хан көп әскерімен Асауханның еліне келеді. Барлық жайды ұғады да елді жинап алып, мерзімді жерден бақыт құсын ұшырады. Құс төртінші рет келіп күркеге қонады. Сонымен бүкіл ел болып жиналып, ақ түйе сойып, той жасап, Қазанқапты хан көтереді. Қасенді уәзірліктен алып, халық алдында жазалайды. Таусоғар хан мен Гүлмаһира бірге келеді. Кетерде екі қыз өздерінің ойларын әкесіне білдіреді. Таусоғар хан мақұлдайды. Қазанқап той жасап екі қызды да алады. Қазанқап өте әділ және қайырымды хан болады. Бұның тұсында ұрлық, кісі өлтіру, біреуге біреу зорлық қылу сияқты әдеттер жойылады, хан жарлығы құлдарға жәрдемдеседі. Гүләйім мен Гүлмаһирадан екі ұл болады. Екеуі де бір күнде дүниеге келеді. Бірінің аты Ередік, екіншісінің атын Біредік қояды. Балалары жақсы өседі, бірімен-бірі тату болады.
Бір күні Қазанқап күндегісінен ертерек ұйықтауға жатады. Жанында екі ұлы Ередік пен Біредік асық ойнап отырады. Екеуінің де екі алтын сақасы бар екен. Ханның көзі ілініп кеткенде, бір нәрсе сарт ете қалады. Хан селк етіп, көзін ашып, жан-жағына қараса, бірі басында, бірі аяғында екі әйелі отыр. Екі баласы өзінің баяғы түсінде көрген қошқарша екі сақаны шарт-шарт соғыстырып жатыр. Сонда хан: «Баяғы түсімде көрген ай мен күн – екі әйелім, екі қозым – екі ұлым болды-ау», – деп сақылдап күліп жібереді. Қайран қалған Гүләйім мен Гүлмаһира күлген мәнісін сұрайды. Қазанқап бастан-аяқ түсін айтып береді. Қазанқап келесі жылы Таусоғар ханға қонаққа барады. Сұрастырып Сағитты тауып алады. Сағит орта жасқа келген, әйел алмаған, бір байдың құлшылығында жүр екен. Елге келгенде Сағитты өздерімен бірге ала кетіп, таңдаған қызын алып береді. Өзіне уәзір етіп алып, өле-өлгенше дос болады.
Сөйтіп, Қазанқап барша мұратына жетеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Бақыт құсы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Бақыт құсы для детей на казахском языке, балаларга Бақыт құсы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Бақыт құсы, ертегилер казакша оку, Бақыт құсы