Адам өмірі
Дүние түгел жаралып болғаннан кейін, жер бетін алғаш мекендеушілерге өмір сүру мерзімі үлестіріле бастапты. Бұл хабарды естіген адам өмір сүру мерзімі үлестірілетін жерге басқалардан бұрынырақ барған екен, өмір сүру үлесін үлестірушілер:
– Адам, – депті, мән-жайды түсіндіріп, – жер бетін мекендеушілердің ішінде сенің сипатың бөлекше, бәрінен артықсың. Сен сөйлей аласың, төрт мүшең түгел өз қажетіңе жұмыс істейді, ойлай да аласың, ақылың да мол. Басқа жануарлардың бәрі сенен көш төмен, олардың бәрі сенің мұқтажыңды өтейді. Кейбіреуі ашсаң, алақаныңда, жұмсаң, жұдырығыңда болады. Бәріне сенің үкімің жүреді. Сай-сала мен қыр-қыраттағы жеміс-жидек, ағаштың мәуесі, телегей теңіз, арынды өзен, шалқар көл, асқар таулар – бәрін сен өзіңнің қажетіңе жаратасың. Сөйтіп, қам-қайғысыз өмір кешесің. Сондықтан жер бетіндегі қызықты сенен көп көретін ешкім жоқ. Осыны ескеріп, саған отыз жыл өмір береміз.
Адам бұған разы болмай, бір шетке бұрылып кетеді де өзіне-өзі: «Егер мен жер бетінің қожасы болсам, маған әлемдегі ең әдемі сипат тиісті болса, тек отыз-ақ жыл өмір сүргеннің не қызығы бар?» – деп, ойланып тұрады да өмір сүру мерзімін алып жатқан жан-жануарларға қызыға қарап тұрады.
Бір мезгілде кезек есекке келеді. Өмір сүрудің үлесін үлестірушілер:
– Сен тіршілігіңде көп жазаланып, ауыр азап шегесің, – депті, алдағы көрер күнін баяндап. – Өмір бойы ауыр жүк тасисың, қалжырап шаршап, болдырып жүресің. Сонда орныңнан тұра алмай жатсаң да үстіңе таяқ жауады. Тыныштығың аз болады. Жейтін жемге жарымайсың, саған арнап шөп әзірленбейді, тіміскіленіп жүріп тапқаныңды талғажау етесің. Сондықтан саған елу жыл өмір сүру үлесін береміз.
Мұны естіген соң, есек шөге түсіп, тізерлей отыра қалып:
– Аяңыздар мен байғұсты, – деп жалбарынып, зар еңірейді. – Егер мен бұл дүниеде соншама азап шегіп, сансырап жүретін болсам, оны қайтем? Маған берілген өмірдің мерзімін азайтсаңыздар екен. Менің үлесіме бөлінген сол өмірдің жиырма жылын алып қалыңыздар. Қалғаны да жетеді. Өмір сүрді деген аты болсын.
Сол кезде мұны естіп тұрған адам өмір сүру үлесін үлестіріп тұрғандарға жетіп барып:
– Есектің алғысы келмей тұрған жиырма жылын маған, менің өмір сүру мерзіміме қосуларыңызға бола ма? – деп сұрапты.
– Болады, ала ғой, – депті өмір үлестірушілер.
Одан кейін кезек итке келіпті. Өмір үлесін үлестірушілер оған да алдағы болатын ісін баяндап беріпті:
– Сенің негізгі жұмысың – үй күзету, мал-мүліктерді қарауылдау. Бөтен біреу көрінсе үріп, жан-жағыңа хабар таратасың. Өзің жазда үйдің көлеңкесінде, қыста шөп ығында жатасың. Қалған-құтқан ас ішіп, сүйек кеміресің. Сенің өмір сүру мерзімің қырық жыл болсын.
Мұны естіген ит жерге бас ұрып, зарлана арыз айтыпты:
– Егер мен бұл дүниеде соншама қорлық көріп, үй-баранды, мал-мүлікті күзетіп, сүйек-саяқ кеміріп күнелтетін болсам, маған ондай өмірдің қызығы жоқ. Менің жасымнан жиырма жылды алып қалыңыздар!
Сол уақытта адам қайтадан жүгіріп келіп:
– Иттің алмай қойған жиырма жылын менің жасыма қосыңыздар! – деп өтініпті. Бұл тілегі де орындалыпты.
Ең соңында кезек маймылға келіпті. Оның да болашақ өміріне шолу жасалыпты.
– Сенің сыртқы кейпің адамға ұқсайды. Бірақ өмір бойы балаға ұқсап ақымақ, ұшқалақ, шалағай боласың. Балалардың ермегіне айналасың. Үлкен кісілер де ойыншық қылып, тәлкек етеді. Сондықтан саған алпыс жыл өмір сүру үлесін береміз, – депті өмір үлестірушілер маймылға.
Мұны естігенде маймыл отыра қалып, еңіреп қоя беріпті:
– Егер сыртқы кейпім адамға ұқсағанымен, өзім өмір бойы ақымақ болып өтсем, балалардың ермегіне, үлкендердің ойыншығына айналсам, оның не қадірі бар. Қорлықпен өтем ғой. Менің өмір сүру үлесімді отыз жылға қысқартсаңыздар тәуір болар еді...
Маймылдың зарын естіп тұрған адам тағы да жетіп келеді:
– Мына маймылдың алғысы келмей тұрған отыз жылын менің жасыма қосып, маған беріңіздер! – деп сұрапты. Ерінбей, жалықпай өмір сүруге құмартып жүрген адамға қалауы беріледі, бұл жолы да тілегі орындалыпты.
Содан соң барлық жан-жануарлар алдағы уақытта не істейтіндерін, қалай күн көретіндерін біліп, өздеріне бөлінген өмір сүру мерзімдерін алып, бет-бетімен тарап кетіпті.
Бірталай жылға ие болған адам да қуанышпен қайтыпты.
Содан адам әуелден өзіне бөлінген отыз жылдық өмірінің ішінде қызықты да көңілді дәурен сүріпті, ешбір уайым-мұңсыз қылшылдаған жігіт болып тұрыпты. Одан кейінгі отыз бен елу жасының аралығында жұмыс істеп жан бағу үшін талай-талай қиыншылықтарды бастан кешіріпті. Көп ауыртпалық көріпті. Тіршілігі үшін әр алуан шаруамен айналысып, қатты қиналыпты. Сөйтсе, бұл қиналған мерзімі есектен алған жиырма жылы екен. Одан кейін адам елу мен жетпіс жастың арасында үйінен ұзап ешқайда шықпай, аулына айналшықтап, үй ішіндегі көр-жерді күйіттеп, қыбырлай беріпті. Не болса, соған ренжіп, әркімге тиісіп, істеген ісіне, қылған қылығына алара қарайтын болыпты. Шекесі тырысып, кім болса, соған айқайлап, жанжалдасудан тайынбапты. Күнделікті кіржіңі көбейіпті. Сөйтсе, бұл мерзім адамның иттен алған жасы екен. Жетпістен асқан соң, адам жеңілтек мінез тауыпты. Бала тәрізді ойынпаз болып кетіпті. Бұл уақытта белі бүкірейіп, кішкене балалармен ойнап, солардың ырқына көніпті. Бала қылықтарын ермек етіп, балаша сөйлеп жүріпті. Оның қылығына басқалар күлетін болыпты. Кейбір үлкен кісілер күлу үшін сөйлетеді екен. Осылайша адам өзінен кішілердің әзіліне айналыпты. Сөйтсе, бұл адамның маймылдан алған жасы екен. Осылайша адам тек өз үлесіне тиген өмір сүру мерзімінде ғана айбатты, айбарлы болыпты. Ал қалған жасында үлестерін сұрап алған жануарлардың мінез-құлықтары байқалып қалады екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Адам өмірі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Адам өмірі арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Адам өмірі казакша оку, Адам өмірі