Хантығайдың аққуы
Хакім – оқымысты, оқытушы.
Д. Н. Мамин – Сибиряк. Золото.
Москва. «Правда» баспасы 1985 ж.
Орыс тілінен аударған: Сүлеймен Баязитов

— Бай - Соғды хакім қайда? Хантығайдың аққуы қайда? – деп сұрады Бұрым хан өзінің сарай қызметшілерінен.
— Менің мемлекетімнің даңқы және мақтанышы көзіме көрінбеуі неліктен? Қуаныштың мөлдір тамшысы, жұбанышымның жылы жымиысы, ар-ожданымның мөлдір нұры Хантығайдың аққуы - Бай - Соғды хакім қайда?
Бұрым ханның салтанатты шатырына жиналған мырзалар, бектер, шейхтер, тайшалар, князьдер бастарын төмен тұқырып, өз әміршілеріне тура қарауға батылдары жетпей, өздерін кінәлі сезінгендей кейіп танытқан. Шындығында, олар әншейін Бұрым ханды шерлі хабармен қынжылытқылары және оның наразылығын тудырғылары келмеген еді.
— Сендер неліктен үнсізсіңдер?- деп сұрады Бұрым хан ақ кірген бурыл қаһарлы қастарын дамылсыз қозғап.
— Неге сендердің бір де біріңнің шындықты айтқыларың келмейді?.. Дегенмен көрер көзімнен, естір құлақтарымнан, қару ұстар қолдарымнан айырып, менің соқырлығым мен тас кереңдігімді, қартайғанымды өз мүдделеріне пайдаланып, менің тағыма көз тігуші адамдардан шындық талап ету күлкілі... Тек маған Бай-Соғды хакім ғана шындықты айтатын. Мен оны қасымнан көре алмай отырмын. Мырзалар мен бектердің, тайшалар мен князьдердің бірінің ақ шалған, енді бірінің қылау түспеген бастары бұрынғыдан да төмен салбырап кеткен еді. Олардың бір де бірінің әлдене деуге, тіл қатуға батылдары жетпеді. Сонда Бұрым ханның сүйікті қызы Жет сұлу батыл басып ортаға шығып, бір тізесін бүгіп былай деген еді:
— Әке, мені өзгелер айта алмай отырған жайды айтуға бекінген батылдығым үшін кешіре гөр.
Ханның бурыл қасы түзеліп, маңдайындағы қатпарлы әжімдері жазылып, қаһарлы көздері нұрға толып, көңілдене тіл қатты:
— Жет сұлуға ашулана қояр адам табыла қояр ма екен? Сөйле, ғазелім менің!
— Әке, Бай - Соғды әлдеқашан тіптен өзгеріп кеткен. Қазір сіз оны танымайсыз. Ол көптен бері барлық хантыгайлықтар сүйіп айтатын өзінің керемет әндерін шығармайды.
Иә, Бай-Соғды өзінің баспанасын бекітіп алып ешқайда шықпайды. Оның өзі зерігіп, әйелдерін жанарларын жаспен жуғандарына жарты жыл өтті... Әлдекім Хантығайдың күнінің көңіл күйін бұзып, ал ол бұлттардың артына тасаланды.
Хан тағы да қабағын түйіп, Бай-Соғды хакімді алып келуді бұйырды. Ал Жет сұлу жібек перденің ар жағына орналасты. Ұзын бурыл сақалды хакім палаткаға кіргенде, қыз алтын арфада ақырын ойнап, Бай - Соғдының өз өмірінде шығарған сансыз әндердің ішіндегі ең әсем әнін әуелете жөнелді.
— Ал қызыл раушан күлкің сенің,
Бұлбұл әнің діріл қаққан.
Кеудеңде сенің бұғып жатқан...
Жеттен артық бұл әнді бүкіл Хантығайда ешкімде шырқай алмайтын. Сондықтан болар отырғандардың жүзі жылып сала берді. Ал Бұрым хан болса хакімге жымия қарады. Мырзалар да, бектер де , шейхтар да, князьдар да Бұрым ханның тірі айналасындай жымиысып ала берген. Тек Бай - Соғдының өзі хакім ханның алдында жанарын төмен салып, бурыл тартқан кірпіктеріне мөлт-мөлт еткен жас тамшылары ілініп тұрды.
— Бай - Соғды хакім, Хантығайдың аққуы, саған не болды?-деп сұрады Бұрым хан. — Сені ешкім көрмейді. Бәлкім, сенің әлдебір қайғың бар шығар? Мүмкін, сенің иінің жалаңаштанып, көйлегің тозған болар. Жоқ, әлде мал мен басың бақытсыздыққа тап болды ма? Мүмкін, сен ақыр соңында маған ырза емес шығарсың?
Бай – Соғды хакім басын көтеріп:
— Бұрым хан, мен бәріңе де ризамын. Менде бір адамға жетіп артылар, тіпті одан да көп ырзық дәулеттің бәрі бар. Мен сенің күн шұғылалы мейіріміңе буым бұрқырап шомылудамын, — деді.
— Бай - Соғды хакім, мүмкін, сенің жүрегің салқын тартқан болар. Мүмкін, сенің жүдеген жаныңды жұбатар жас ғазелдерің жалынды қос жанары үмітіңді оятып, жан жүрегіңді елжіретер шаттықа бөлер қуанышы қажет болар?..
— О-о, Бұрым хан, ай десе аузы, күн десе көзі менің жеті әйелім, жеті сұлуым бар. Маған солардың жастық қуаныштары жеткілікті, — деп жауап берді бурыл шашты хакім оған ащы мысқылмен.
— Бай - Соғды, әйтсе де саған не керек? Сұра, мен сен үшін бәрін де істеймін, өйткені сен менен биіксің, мен қазір хан болғанмен, ертең мені құрттар жейді. Ал сен өлгенде сенің артыңда керемет әсем тірі әндерің қалады... Хандар көп, Бай – Соғды хакім жалғыз.
— Бұрым хан, менің саған өтінішім бар, Жет сұлу бұдан былай менің әндерімді айтпайтын болсын. Басқа қыздар да ол әндерді естерінен шығарсын. Құс бұтаққа қонып, қамсыз ән салып отырғанда, жақындап келе жатқан пәлені, өзін бас салғалы тұрған кез құйрықты байқамайды. Менің қысым жетті. Ал кезқұйрығым басымды айналып ұшып жүр. Мен оның қанатының суылын сезінемін.
— Сен адамдардың арасындағы биік парасат иесі бола тұрып ажалдан қорқасың ба?
— Жоқ, хан ием, мен ажалдан емес, ұзақ өмір сүргенімнен қорқамын, жұрттың жанын менің ақылсыз жүрегім баурар ән тербеді, жаңа қуаныш шадыман шаттықты аңсады. Енді бұдан былай ол әндер жоқ... Мен көптен бері ғылыми кітаптарға зер салып, терең үңіле бастадым. Ал бұл данышпандық теңізі мені барған сайын өзінің тереңіне, тұнығына тартқаны соншалық – мен өзімнің әндерім мен айнала төңірегімдегілерге қаншама жаманшылық әкелгенімді сезіне бастадым. Мен әдемі де әсерлі даусыммен жастарды да, қарттарды да алдадым.
Мен оларға ешқашанда болмаған, болмайтын қуанышты тықпалап, жандарын раушан гүлінің исімен рахатқа бөледім. Ал біздің барлық өміріміз бар болғаны жылт ете қалған ауадағы құстың тербеліп тұрған көлеңкесі. Қайғы, бақытсыздық, жоқшылық және ауру-сырқаттың телегей теңізінде тербеле жүріп, мен өзімді және басқаларды бір тамшы тәтті умен уладым.
Әндерім енді мені жалықтыра, жабықтыра бастады. Бұрым хан, мен ақылман кітаптарды көбірек оқыған сайын өзімнің соншалықты ақымақтығыма айқын көзімді жеткізгендеймін. Хан ием, мені босатыңыз. Мен басқа көрші мемлекеттерге барып, өмірлерін пайымдаумен, ойланып толғанумен өткізіп, ұлылармен кездесіп, ғылымды жан қиярлықпен алға апарған олардың өмір шындығынан сабақ алсам деймін. Бұл менің екінші өтінішім. Бұрым хан ойға шомды. Ол Хантығайдың даңқы мен мақтанышы әнші Бай – Соғдыны қатты аяды. Бұл аққу ұшып кетер болса, мұнда не қалады. Алайда Бай - Соғды хакім соншалықты қатты өзгерген. Бәлкім, оған саяхат таптырмайтын жақсы дәрумен болар.
— Жақсы, Бай-Соғды хакім, сенің дегенің болсын, — деп келісті Бұрым хан, — қалаған жағыңа бар. Тек қайтып оралатын бол. Ал сен саяхатта жүргенде, Хантығайда сенің әңдеріңді айтпайтын болады. Бар шындықты іздеп тауып, бізге алып кел...
II
Хантығай хандығы өте үлкен еді. Бай-Соғды хакім мұнда тұратын өзінен асқан ғалымды білмейтін еді. Ол жолға тез жиналып, үш түйеге алыс сапарға аса қажетті заттарды арттырып, он қызметшісін жанына ертіп, атақты Тұзақ хакім тұратын көрші Шұбарайғыр хандығына бағыт алды. Керуен шекараға жеткенге дейін аз-кемсіз үш апта жол жүрді. Хантығай мен Шұбарайғыр өзара ұзақ жылдар соғысып, қалалар қирап, ел мекендеген жерлер бос қалған, мыңдаған адамдар өлтіріліп, мыңдаған адамдарды тұтқынға алып кеткен.
Бақыт құбылмалы еді, ал соғыс әскерлер әбден әлсірегенде қор таусылып сарқыла бастағанда және жалпы жоқшылық етек алған тұста уақытша келісімге мәжбүрлейтін. Хандар бір-бірлерін достыққа сендіріп, ал өздері ақырын жаңа соғысқа аңдаусызда шабуыл жасауға дайындалатын. Сондықтан да Бай-Соғды хакімнің керуені шекараға жеткен тұста қорғаныста тұрған күзетшілер оның түйелерін тарпа бас салып тартып алып, Бай - Соғдыны Шұбар ханы Майшықтың тұтқыны деп жариялады. Тұтқынды тура ханның өзіне алып барды. Майшық оның кім екенін және Бай - Соғдының мұның мемлекетіне неге келгенін білген сәтте оған мол сыйлық ұсынып, босатып жіберді.
— Сенің әндерің, хакім, саған қайда барсаң да бақытты жол ашады, — деді даңқты әншіні көргеніне қуанған Майшық хан:
— Егер де менде сенің қабілетің болса, мен өз хандығымды тастап-ақ кетер едім. Алла жолыңды оңғарсын. Қайтар жолда маған соғуды ұмытпа.
Бай - Соғды хакім сапарын одан әрі жалғастырды. Оған қауіп-қатері басым сауда керуендері әманда дала қарақшыларының шабуылына тап болатын бетпақ даланы кешіп өту керек еді. Бұлар да сондай жағдайға тап болды.
Жолға шыққандарына үшінші күн өткенде хакімнің керуенін дала қарақшылары қоршап алды. Олар қызметшілерді байлап-матап тастап, теңдерді шеше бастады.
— Бай -Соғды хакім қарсылық көрсетпей, оларға бей-жай қарап отыр еді. Бұл қарақшыларды таң қалдырды.
— Өз мүлкіңнің талауға түскеніне өкінбейсің бе? — деп сұрады олар.
— Сен кімсің?
— Мен Хантығайдағы Бай- Соғды хакіммін.
— Сонда сенХантығайдың аққуысың ба?
— Иә.
Мұны естігенде қарақшылардың қолдары төмен түсіп кеткендей еді. Олар түйелерге теңдерді қайтадан артып, қызметшілерді босатты. Ештеңесіне соқтықпай, атақты әншіні қоя берді.
— Біз әдетте көпестер мен бай адамдарды тонаймыз, — деді қысыла қызарақтап.
— Хантығайдың аққуының ақ қанатының тіпті бір тал қауырсынан жұлып алған адамды қарғыс атсын...Сенің әндерің саған әманда бақыт сыйлап, сапарыңды сәтті етеді. Керуен жолға шыққан тұста қарақшылардың бірі әндетіп қоя берді.
Ал қызыл раушан күлкің сенің
Бұлбұл әнің діріл қаққан.
Кеудеңде сенің бұғып жатқан.
Тағы да сол ән, тағы да Бай- Соғды хакімнің жан дүниесін астан-кестен ететін ақымақ болған шағының айғағы. Қайда барса соңынан қуалап, ізіне ілесіп жүретін адамның көлеңкесіндей кесірлі ән. -Қыр соңымнан қара көлеңкедей ілесіп қалмауына қарағанда мені қарғыс атқан болар, — деп Бай-Соғды көзін жұмып, бір сәт ойға берілген. Бетпақ даладан соң жабайы таулар басталды.
Тұзақ сонда тұратын. Даңқты хакім тұратын құз жартасты, терең шатқалды, таулы аймаққа керуен асқан қиыншылықпен жетті. Таудан қазып қашалған үңгірде тұратын. Жолаушылар тақуананы тау бұлағының жағасынан іздеп тапты. Ол мұнда өткен-кеткенді терең пайымдауға мойынсұнған. Бай-Соғды хакім оған жақын келіп, сәлем берді.
— Тұзақ хакім, мен сенің данышпандық бастауыңнан қанып ішу үшін алыстан арнайы келдім. Тұзақ келушіге өзінің жүз жасаған жанарын қадай тұрып, таңырқай қатқыл үн қатты.
— Даналықты түйемен тасымайды. Даналыққа сәнді киім де қажет емес. Сен өзіңнің уақытыңды текке жоғалттың...
Бай – Соғды Тұзақпен екі күнді жарастықты әңгімемен өткізді.
Ол жалғыз өмір кешіп жатқан тақуаға өзінің барлық өмірін әңгімелеп берді. Жастық шағында кедей байғұс болғанын, әнінің арқасында кең байтақ Хантығайда атағының қалай жаңғырғанын, Бұрым ханның өзін байлық пен құрметке қалай бөлегенін, өзінің тұтас Хантығай шырқаған әндерімен қалай көкірегін керіп мақтанғанын, ақыр соңында, өзі өмірін неге бұлай өткізгені туралы ойға қалғанын, оның алдамшы көлеңкесін бақыт деп қабылдағанын- түгін қалдырмай әңгімелеп берді. Кәріліктен шаштары ағарған Тұзақ оны зер сала тыңдай келіп былай деді:
— Бай-Соғды, сенің барлық қырсығың өз бақытыңды әлдеқайдан сырттан іздеуіңде. Сен Хантығайдың бүкіл малын, барлық астығын, барлық сұлу әйелдерін тартып алсаң, қуанышты болған болар едің. Тек сен бір дегенде он атқа бірдей ер сала алмас едің. Он кісіге арналған асты ішіп, жей алмас едің. Ал сенің байлығың сені мойынтұрықтай езді... Міне, қазір саған мына түйелердің, қызметшілердің мүлікке толы теңдердің қажеті не? Саған жалғыз жүріп тек өзің туралы ойлау әлдеқайда жеңіл емес пе?
— Сенікі жөн, Тұзақ, — деп келісті Бай-Соғды, — тек менің бұл туралы ерте ойламағаным өкінішті.
Ол өзінің мүліктерін қызметшілеріне бөліп таратып, оларды үйлеріне қайтарды.
— Бай- Соғды, сен әлі барлығын түгел істеп болған жоқсың , — деді Тұзақ,- Шибэ хандығына бар, онда хакімдердің хакімі, данышпандардың данышпаны Ұрымшы - Олой тұрады. Ол саған барлығын үйретеді.
Хантығай хандығынан Шұбар айғыр хандығына дейін үш апта, Майшық ханынан Тұзақ хакімге дейін үш апта жүрген Бай-Соғды Тұзақ хакімнен Ұрымшы- Олой хакімге дейін жаяу тура үш ай жүрген еді. Киген киімінен кедей бақташылар киетін түйе жүнінен тігілген өте қарапайым киім қалды, иығындағы ауыр қоржынында қажетті азығы салулы еді. Жол ауыр еді. Таулар, ормандар, қиын асулар, алайда Бай-Соғды үнемі алға қарай жүрумен болды. Ол Тұзақтың кеңесімен басы артық ауыр жүктен босанғанына өзін бақытты сезінген. Шынында да, сол түйелердің, қызметшілердің және теңдердің жалғыз адамға қаншалықты қажеті бар еді. Жүз жиырма жастағы Ұрымшы -Олай хакім ашық аспан астында тұратын, кәріліктен бет-аузын түк басып кеткендігі соншалық – келген қонақты көру үшін төмен салбыраған ауыр қастарын көтеруге тиіс еді. Ұзын сақалы тізесіне дейін жететін. Көйлегінің сыртынан сарғыш арық денесі көрініп тұрды.
— Хакімдердің данышпанына Алла өзі жар болсын! — деп Бай-Соғды оған жерге дейін басын иіп сәлем берді.
Ол Ұрымшы-Олойға өзі туралы Тұзаққа айтқандарын айтып берді. Оған қоса байлықтан басқа оны әйелдерге деген құмарлық естен тандырғанын қосып айтты. Иә, Бай-Соғды сұлу, сымбатты бетіне нұры төгілген бір де бір аруды назарынан тыс қалдыра алмайтын. Өзінің ең әсем әндерін жанарлары жәудіреген қара көздерге арнайтын оның жеті сұлу әйелі бар еді. Оларға ол жас кездерінде сүйіп қосылған жас әйелдің, қыз кезіндегі әсемдігін ырқына көнген қоңыр көздерінің мейіріміне жетер не бар... Енді ол қартайды. Әйтсе де әйелдің әсемдігі оның құмарлық ынтығын оятып, жастық отын алаулататын. Осы құштарлық сезім оны өмір бойы қажытып қанағаттандыра алмай келеді.
— Бай-Соғды, сен немен коректендің?- деп сұрады Ұрымшы - Олой қатқыл үнмен қабақтарын түсіріп.
— Мен қолыма түскеннің бәрін азық еттім.
Біздегі қылмысқа құмарлық оты тамақтан... ет жемесең, тәтті-дәмдіні және шарапты аузыңа алмасаң, ол өз-өзінен сөнеді. Өне бойды еңбекпен қажытып, ораза ұстап, жақсы-жаманды ой елегінен өткізіп пайымдау қажет. Сонда ғана сен шындыққа жақындайсың. Шошқаның етін жеген адамның өзі шошқаға айналады... Ал қанның дәмін татқан адам қанқұмарға айналады. Егер де менің айтқанымдай өмір сүрсе, бір еркек жеті әйелді сүйе алмайды.
Әйел деген не? Бұл – алдау, арбау ... Ол бірінші түнмен ілесе келеді. Қартайған әйелге қарашы, кезінде сен үздіге әнге қосқан оның сұлулығы қайда кеткен? Мен әлі кемеліме келген жоқпын. Бай-Соғды, Сен Қатын хандығына бар. Онда үлкен өзен жағасында ұлы Ерқұзұл жан сақтауда. Сонда бәрін білесің... Мұны естігенде Бай-Соғды хакім еңіреп жылады. Тұзақ та, Ұрымшы-Олой да оған оның жүрегінің түбіне үңіліп, шындықты айтқан еді. Қанша өтірікті, жамандықты, нәсіпқұмарлықты ол өмір бойы тасып, өзінің әндерімен өзгелерді де адастырған десеңші.
Бай-Соғды өзінің қоржынын түн баласында ши бөрі ұлып жататын шыңырауға атып ұрып, өзі жалаң аяқ, жаяу-жалпы қолындағы таяғына сүйеніп, алға қарай жүріп кетті.
III
Ұрымшы - Олойдан Бай - Соғды хакім Ерқұзұлға дейін үш жыл жүрді. Қаншама қиыншылықты бастан кешті. Қаншама күш жұмсады. Тасты таулар мен қорқынышты ормандар арқылы өтуіне тура келді. Киімдері баяғыда- ақ тозып, жалба-жұлбасы шыққан әр жері алақандай болып жыртылған киімінің арасынан саяхатшы бейшараның сарғыш тартып, кебе бастаған денесі жылт-жылт етеді. Ал аяқтары ірілі-кішілі жараларға толы еді.
Алайда Бай - Соғды хакім данышпандықтың кемеліне жеткен адамдарға жетіп, одан данышпандық соңғы сөздін есту үшін осылардың бәріне төзді. Ол жабайы аңдар сияқты жемістер мен тамырлар, сосын шөптермен тамақтанып, еттің, тәтті шараптың және тәтті жеміс-жидектің дәмін ұмыта бастады.
Жападан жалғыз орманда әлденеше рет қатты ауырып, өзінің өлер сағатын бойұсына күтті. Алайда Алла тағала оған ерлікке тән әрекеттерінің жемісін көруді жазған еді. Бұл үшінші жылдың аяғы болатын. Айнала төңірек гүлге оранып, шаттыққа кенелген көктем күшіне енген сәтте Бай-Соғды хакім Ерқұзұл тұратын үлкен Чече көлінің көкпеңбек жағалауын мөлдір суын көргенде, қуанғаннан жылап жіберді. Бұл өмірлерінде өзі көрген қиялмен көз алдыма келтіруге болатын жер біткенің ең әдемісі еді.
— Ерқұзұл хакімді Алла жарылғасын! — деді.
Бай-Соғды пальма жапырақтарымен жабылған оның шалашына жақындай беріп. Оған қарттығына қарамастан өңін бермеген мығым денелі таза киінген шал қарсы шықты. Дәл мұндай қартты Бай-Соғды хакім кездестірермін деп күтпеген еді.
— Сен шаршадың ба? Сенің тамақ ішкің келе ме? Сен шөлдеп қалжыраған жоқсың ба? Саған киім қажет пе?-деп сұрады Ерқұзұл мейірлене. Міне, Чече өзені, ең бірінші, барып шөліңді басып жуын...
— Мен Хантығайдың Бай-Соғды хакімімін, — деді Бай-Соғды қысылып. — Менің лақап атым – Хантығайдың аққуы.
— Солай де, сен сонда «Алқызыл раушан күлкің сенің»,- деп ән шығарған Бай-Соғдының өзімісің. О-о, пәлі, мен сені, Хантығайдың аққуы, көргеніме қуаныштымын. Маған аяғының жарасын жууға, жаңа көйлек кигізуге және қымбатты қонағым ретінде сені құшып сүюге рахым ет. Сирек құстарың алыстағы елдерге ұшып жететін тәрізді сенің тамаша әндерің маған да келіп жетті.
Олар өзенге келген сәтте Бай - Соғды хакім мөлдір де салқын зәмзәм суға бас қойды. Ерқұзұл оған жымия қарап тұрды. Бай-Соғды шөлін басып, еңсесін тіктеген сәтте Ерқұзұл оған таңдана сауал қойған еді.
— Хантығайдың аққуы, сені шөл өлердей қинаса да, сен мына көлді ішіп тауыса алмағаның қалай?
Бай-Соғды хакім әзілдеп тұрған болар деп ойлап жауап берді.
— Біздің барлығымыз шөл қысқанда оны тіпті тұтас теңіз суы баса алмас деп ойлаймыз.
Ерқұзұл хакім жылы жымиып, өзеннің жағасында жас бұтақты жұлып жеп тұрған тағы ешкіні көрсетіп:
— Сен қалай ойлайсың, Хантығайдың аққуы, егер де ешкі күнде келіп ең жас бұтақтарды жұлып жесе, бұл ағаштың өсуі мүмкін бе? — деп сұрады ол.
— Жоқ, онда ол қурап қалады.
Ерқұзұл тағы да күлді. Ал Бай - Соғды ойға берілді. Осылай олар үш күнді бірге өткізді. Ал Бай - Соғды хакім дем алып, өзінің үстіндегі киімдерін таза киімдерге ауыстырып үлгерді. Ол өзінің саяхаты туралы әдейі тіс жармады. Алғашқы сөзді Ерқұзұлдан тосқан еді. Хакім болса Бай-Соғдыны тап көптен күткен бір бауыры ретінде сынай танытты. Тек төртінші күні Ерқұзұл тіл қатқан еді.
— Хантығайдың аққуы, сенің қазір үйіңе аттануыңа болады. Сен жақсы дем алдың, азық-түлік қорыңды да сайлап алдың. Иініңе жаңа киім ілдің... Менің сені ренжіткім келмейді. Тек сен соншалықты уақытыңды текке жоғалттың және көптеген қиындықты, қауіп-қатерді бастан кештің. Сені мұнда сенің тәкаппарлығың мен басқалардан оқ бойы озық болсам деген тойымсыз менмендігің алып келді. Үйіңе қайт, өз әңдерінді шырқа... Сенің әнің құрғатқан әр тамшы жас, әр қуаныш күлкісі соншалықты бақыт, ол туралы армандауға тіпті хандардың батылы бармайды. Иә, сені мұнда алып келген өзгелер түгілі өзің байқай бермейтін – тәкаппарлығың. Ол сенің нұрлы жанарыңды күңгірт тарттырды. Сол сәт саған әлем күңгірт тартқан секілді болып көрінді.
Сен өзіңнің ақылыңа сендің. Ал бұл барлық қызметшілеріңнің ішіндегі ең екіжүздісі еді. Ол тіпті үш ұйықтасаң түсіңе енбейтін нәрсені ойына салуға тырысады. Біздің бақытымыз бір күнде, ал өмір шындығы өзіміздің арымызда. Ал өмір соншалықты қарапайым. Оның мәні не ішіп, қандай киім киетініңде емес. Аш-жалаңаш адам тек аш-жалаңаштығынан әділетті болмайды.
— Ерқұзұл хакім, мен мұның бәрін түсінемін және сенімен толық келісемін, — деп жауап берді Бай - Соғды. — Тек біздің өміріміз ажалдың алдында тіпті де түк емес екенін біле тұра қалай тыныш ұйықтаймын?..
— Өмір бойғы ізгілікті ісің, жасаған жақсылығың, жаңалығы телегей теңіздей ақылың, даңқың мен сұлулығың сені құрып кетуден құтқара алмайды. Ерқұзұл хакім рахаттана күлді.
— Хантығайдың аққуы, сен жоқ нәрседен қорқып отырсың... Ажал тек бір өзің жайлы ойлағанда ғана, ал өзгелер жайлы ойлағанда ол жоқ... Бұл қаншалықты жай нәрсе десеңші, Хантығайдың аққуы. Піскен жеміс сабағынан үзіліп жерге құлайды, бұл өлім бе?..
Осы бір қарапайым сөздерден соң Бай-Соғдының жан дүниесі жадырап сала берді. Ерқұзұл хакімнің аузына нені алмай отырғанын түсінді. Оны өзінің кәрілігі, әлсіздігі, уақытша күңгірт тартқан жүрек сәулесі қорқытты...
Он жылдан соң Хантығайдың аққуы үйіне қайтып оралды. Іле бүкіл хандыққа көктемде ұшып келген құстардай жаңа әндері кеңінен тарай бастады. Ол әндер еңбекшілердің бақыты, бірін-бірі өліп- өшіп сүйген жандардың махаббаты, қарапайым адамдардың бақыты жайлы еді. Даладағы бақташылар, соқа соңындағы диқандар, өрмек төгуші қыздар да, оттың қасында өздерінің тонған денелерін жылытып отырған шалдар да бұл әндерді жаңғырта қайталады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Хантығайдың аққуы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Хантығайдың аққуы для детей на казахском языке, балаларга Хантығайдың аққуы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Хантығайдың аққуы, ертегилер казакша оку, Хантығайдың аққуы