Жазасын тартқан қу
Бір ханның бас уәзірі ханына өте сенімді болыпты. Не жұмысы болса да сол уәзір бітіреді екен. Хан бұйрығының қалай орындалғанын да сол тексереді екен.
Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе екінші уәзір бас уәзірі өзі болғысы келіп, бас уәзірді қалай да өлтірмек болады. Бас уәзірді әр айда ханға жамандайды екен, бірақ хан көпке шейін нанбаған. Бір күні екінші уәзірі ханға келіп:
— Бас уәзірдің жұқпалы бір дерті бар, қасына жанасқан кісіге де, сізге де жұқса керек. Уәзіріңіз дертін жасырып сізге айтпай жүр, сөйтіп жүріп сізге ол дерт жұқтырар, – деді. Оған қоса: — Сізге келгенде дертін жасыру үшін аузын қолымен басып тұрады, дерттің жаман иісі сіздің мұрныңызға келмесін деп, – деді. Бұл сөзге нанбасаңыз бір кесімді күні, шақырып алып иіскеп көріңіз, дертін жасыру үшін сіздің алдыңызға келгенде аузын басып тұрады, – деді.
Мұны естіген соң хан қорықты. Сонда да бұрын жамандық қылған жоқ еді, егерде дертті болса, жұмыста да мән болмас деген ойға келді. Егерде бас уәзір, ханның сенгенін пайдаланып ханның өміріне қастық қылса, оны аяп та керегі жоқ. Үлкен жазаға бұйыру керек. Хан көп ойланды, рас па, өтірік пе, тексерейін, – деді.
Екінші уәзір хандікінен шығып кетіп, бірінші уәзірді әр түрлі тамақтар дайындап қонаққа шақырды, ол берген тамақтарына сарымсақты көп қосқан екен. Тамақты жеп болғаннан кейін іле ханнан кісі келді, – «бірінші уәзірді хан шақырады», – деп.
Бірінші уәзір ойланды, «Бұған қалай барамын, аузымдағы сарымсақ иісімен», – деп. Сонда да амал жоқ, бармауға болмады барды.
Ханға келгеннен кейін, қасына тақау тұрмады, қолымен аузын басып тұрды. Хан қасына тақау келіп:
— Қолыңды тарт, – деді. Қолын тартып еді, аузынан жаман иіс шықты. Онан соң хан екінші уәзірдің айтқанына сенді де, «рас екен» деп, жазаға тартатын жерге бұйрық жаза бастады. «Бас уәзірді бұйрықты алысымен өлтір» – деді. Мұндай «өлтір» деп жазғанын бас уәзір білмеді. Неге десеңіз бұрынғы уақытта ондай ханның бұйрығын жазаға тартатын жерге бас уәзірдің өзі апарады екен. «Сондай ғой» деп алып кетті. Келе жатқан уақытта екінші уәзір жолығып:
— Қайда барасың? – деді. Сонда бас уәзір қолындағы қағазын көрсетті. Екінші уәзір:
— Бұл қағазды мен апарайын, маған бер, – деп, бас уәзірден сұрады. Бұл ойлады да:
— Мені сыйлап қонаққа шақырып еді ғой, – деп беріп жіберді. Қағазды жаза тартатын жерге әкелген бойда «Осы уәзірді бұйрықты алысымен өлтіру», – деген хан сөзімен, оны өлтірді де тастады. Ешбір сөзіне қарамады. Ертеңіне бас уәзір ханға келген еді, хан көрді де таң қалды. «Бұл қалай, тірі келді, менің бұйрығымды орындамаған екен», – деп ойлады.
Артынан екінші уәзірдің өтірік айтқанын біледі, өзінің сенімді адамы қалады да, өсекшіл уәзір өледі.
«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген осы екен.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Жазасын тартқан қу туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Жазасын тартқан қу для детей на казахском языке, балаларга Жазасын тартқан қу арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Жазасын тартқан қу казакша оку, Жазасын тартқан қу