Зеректік
Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:
— Беймезгіл жүрген түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.
Жолаушының біреуі:
— Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді? – дейді.
Жоқшы:
— Иә,– деп басын изейді. Екінші жолаушы:
— Түйеңнің оң жақ артқы аяғы ақсақ па еді? – деп сұрайды.
— Дұрыс! Сол жақ артқы аяғының сылтығы бар еді,– дейді. Сонан соң, үшінші жолаушы:
— Түйеңнің құйрығы шолақ па, еді? – деп сұрайды. Жоқшы:
— Иә, құйрығы шолақ, – деп, асығып жауап береді де: – ол түйені қайдан көрдіңіздер? – деп сұрай бастайды. Жолаушылар:
— Көргеніміз жоқ, – дейді.
— Көрмесеңдер, түйемнің белгісін қайдан білдіңдер? Түйемді сендер ұрладыңдар! – деп жоқшы жабыса кетеді. Жолаушылар:
— Ау, жаным, денің сау ма? Түйеңді ұрламақ түгіл көргеніміз де жоқ, – дейді.
Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбайды. Төртеуі бір биге келіп, жүгінеді. Би сұрастыра келе:
— Ұрламасаңдар, көрмесеңдер, ол түйенің бейне-белгісін, көрген кісідей анықтап, байқап, қайдан білдіңдер? – дейді. Жолаушылар:
— Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруаның балаларымыз, сондықтан білдік. Біз тоғышар емеспіз, – деп, жауап береді.
— Қалай білдіңдер? – деп, би қайта сұрайды.
Жолаушылар:
— «Түйенің оң көзі соқыр ма еді?» дегеніміз: түйе бара жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, оң жақтағы шөпті жемепті. Аяғының ақсағын білгеніміз: тұрған жерінде, түйе артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты. Түйенің құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті. Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, – депті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Зеректік туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Зеректік для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Зеректік, ертегилер Зеректік казакша оку, Зеректік