Қыран қарақшы
Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.
Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып, үйге кіріп келсе, бір сұлу қыз төсекте жатыр. Сұлулығын адам суреттеп келтіре алмайды. Қыздың сұлулығына қызығып әлі отыр, әлі отыр. Сөйлесейін десе, қыз сөйлеспейді. Тіл жоқ, жанында отырумен қанша уақыт өткенін өзі де білмейді, бірнеше айлар өтті. Бір күні далаға шықса, бедеу белуардан жерді қазып тастаған, киіз үйдің түндігін жұлып жеп тастаған. Құсын беліне бөлеп алып, жолдастарына келсе, жолдастары әбден ашығып, аттарын сойып жеп жатыр екен.
Жолдастарын ертіп қайтты. Жолдастарымен бұрынғысындай емес, сөйлеспейді, не көріп-білгенін айтқан жоқ. Бұрын көрген-білгенін айтып келетін еді. Ханның баласы қайғылы, сұраған адамға айтпайды. Үйіне келген соң, ханның баласы жатып алды. Тұрмайды, ешкіммен сөйлеспейді. Тамақ ішпейді. Сары ауру болып жүдеп, өлер болды.
Хан баланың құрдасын жіберіпті: «Балама не болды, не қыл дейді, сұрап бер», – деп сұратты.
Жолдасы келіп, жатқан жігітті оятып, жүзіне қараса, жүдеп, әбден сары ауру болған. Баланың құрдасы келіп:«Е, жаным, не болды? Осынша неге жүдедің?» – деп сұрады. Жігіт ештеңе айтпады, жасырды.
Құрдасы сөзін тоқтатпай айта берді. «Нендей тілегің болса да әкең орындаймын деді. Жасырма, сенің ауруың тегін ауру емес», – деді. Жігіт тұрып: «Олай болса, мен жеті қабат көктің үстінде, бір ақ үйде бір сұлу қызды көрдім, әкем мен десе, сол қызды алып берсін, барлық ауруым да, барлық дертім де сол», – деді. Құрдасы бұл сөздің қаймағын бұзбай ханға жеткізеді. Хан мұны естіген соң: «Балам қолға түспейтінге құмар болған екен. Оны алу қиын, балам түгіл мен де ол қызға жасымда ғашық болып, ала алмағам. Ол жатқан қыз - перінің қызы, оның жаны жоқ. Оны алып бере алмаймын, олай болса, баламның еншісін, қолын қақпай аламын дегенін беремін, өзі алсын», – деді. Бұл хабарды баласына жеткізген соң, баласы бұрынғыдан да әрі қайғыланды. Құса болып өлер болды. Хан бір күні баласын шақыртып алып, енші бөлді. Сексен нарға жүк артып, сексен күңі, құлы мен мүлкін бөліп берді. Жасауын алып, бала жүріп келеді. Күндерден күн өтті, бір күні қара бедеумен көштен озып келе жатса, алдында бір топ адам келе жатыр. Оның ішінде бір адамның үлкендігі сондай, басқалар атпен келе жатқанда, онан анағұрлым ұзын. Жақындай келсе, бұл ұзын адамның аяқ-қолы кісендеулі, артынан жаяу айдап қорлық көрсетіп келе жатыр. Ханның баласы: «Бұл үлкен адамдарың кім?» – деп сұрады. Сонда көптің бірі тұрып: «Бұл Қыран қарақшы деген ұры еді. Еліміздің дүние малынан түк қоймай ұрлады, қысқасы, қойнымызда жатқан қатынымызды білдірмей ұрлап кететін де күні болды. Осыны қолға түсіре алмай жүргенімізге төрт жыл болып еді, осыны жаңа ғана қолымызға түсіріп алып, өлтіргелі әкеле жатырмыз», – деді. Ханның баласы тұрып:
— Олай болса, мұны маған сатыңдар, бір қасық қанын қиыңдар, – деді.
— Жарайды, не бересің? – деді.
— Осынау келе жатқан сексен қара нар жүгімен, күң, құлымен алыңдар! – деді.
— Жарайды, – деп қарақшының қол-аяғын шешіп, жігітке ертіп қоя берді, олар нәрсені алып, мәз болып кете барды. Қарақшы мен ханның баласы келе жатыр. Қарақшы алдында, ханның баласы артында, біраз уақыт өтті, бір-біреулеріне сөз де қатыспады.
Бір мезгілде жігіт ойға түсіп: «Мен жындымын ба? Қанша мүлік-дүние беріп, осы ұрыны қайдан, неге алдым?» – деп артына бұрылып қарап, енді алдына қараса, қарақшы жоқ.
«Енді масқара болды», – деп, келе жатқан бетімен біраз жер жүріп келсе, Қарақшы алдында бір тасқа құйрығын қойып отыр. Жігітті көріп: «Е, достым, келдің бе?» – деді. Басқа сөз қатыспады. Жүріп келе жатыр, ол күні күнімен, ертең түнімен жүрді. Арғы күні таң ата бір көлдің жиегіне жетті. Көлдің жиегінен Қарақшы біраз жоңқа теріп алды. «Бұл не?» – деп жігіт сұраған жоқ, ол айтқан жоқ. Ол күні жүріп отырып кешке жақын бір қалың ағаштың ішіне таман келді.
Келген соң қарақшы бағанағы жоңқамен от жақты да айтты: «Мына жоңқаны бір-бірлеп отқа салып отыр. Жоңқа біткен кезде от қызыл шоқ болып жатады, сол уақытта ұйықтама. Егер ұйықтасаң, мен саған жоқпын. Және мен бір қыз әкелемін, оны сенің қолыңа беремін. Сол уақытта шашынан білегіңе орап ал да мына қамшымен сой. Жалынар, онда да жіберме, «кетпеспін» дер, онда да жіберме, «енді кетпейін, кетсем, әкеме қатын болайын» дер, сол уақытта жібергейсің», – деді.
— Жарайды, – деп ханның баласы бір-бірлеп жоңқаны жағып қала берді. Әлі келеді жоқ, әлі келеді жоқ, бір уақытта жоңқа да бітті. Енді келер деп, екі көзі мөлдіреп отыр. Бір заманда оттың қызыл шоғы таусылып, күлге айнала бастады. Жігіттің ұйқысы келіп қалжырап кетсе, әуеден салдыр етіп, бір-екі адам түсе қалды. Жігіт те басын жұлып алып жалт қараса, досты екен, бір сұлу қызды алып келіпті. Оған сөйлесіп, өңін қарап тұратын уақыт бар ма, тапсырма бойынша жігіт қыздың шашынан білегіне орап алып тұрып ұрды, қыздың құлындағы дауысы құраққа шықты, қыз: «Жібер, кетпеймін»,– деді. Жібермеді. «Жібер, кетпеймін»,– деді. Жібермеді. Бір уақытта: «Енді кетсем, әкеме қатын болайын, жібер, кетпеймін», – деген кезде қоя берді.
Әйел қылып алды. Құрметті түн сонымен өтті. Таңертең жігіт қараса, қыз - баяғы өзінің ғашық болған қызы. Үшеу болып енді жүріп келеді. Әлгі тоғайдың қалың жеріне қарай кірсе, алыстан бір алтындаған үлкен шаһар көрінді. Жігіт мұны көрген соң:
— Мынау жарқырағаныңыз немене? – деді.
— Ол шаһар - менің мекенім, тұрағым, осы шаһар, яғни, менің шаһарым, менің бір тоғай тола жылқым бар. Шаһарым салтанатты. Осы шаһарда сендер тұрасыңдар. Шаһар қызықты, күнде ойын-сауық болады, оны көресіңдер. Мен өзім дүниенің төрт бұрышын аралап тұрушы едім, көптен бері аралағаным жоқ, жұрттың пітір, садақа, зекеттерін бермегендердікін ұрлап алып тұрам, мынау жылқы сонан өскен жылқы еді, – деді.
Сөйткенше болған жоқ, шаһарға да жетті. Өте қызықты десе, қызықты екен. Қарақшы балаларға қырық бір кілт берді. «Осында қырық бір сарай бар. Соның қырқында күніне қырық түрлі ойын болады, күніне біреуін ашып көріп тұрыңдар. Қалған біреуін ашпаңдар. Оған дейін өзім де келермін», – деді де қарақшы жүріп кетті. Бұлар бір сарайды ашып көрсе, өте қызықты ойын бар екен. Екіншісін ашып еді, онан да қызық екен. Қызыққан соң, бұлардың қырық сарайын қырық күнде ашудың орнына бір-ақ сағатта ашып көріп болды. Бір мезгілде жігіт тұрып: «Жүр, қырық бірінші сарайға барайық», – деді. Әйелі: «Қой, онда бір жасырын жұмысы бар шығар, бармай-ақ қояйық». Ері: «Жоқ, бізге қалған сарайларды ашуға болғанда, бұл сарайды неге ашуға болмайды, көрейік», – деп, болмай барып ашты.
Ашса, әлгі сарайда екі көк арғымақ тұр. Жоғарғы еріндерін сарайдың төбесіндегі арқалыққа шегелеп, төменгі еріндерін табалдырыққа шегелеп қойған екен. Жігіт келіп көрді де:
«Япырым-ай! Хайуан малды былай қойғаны несі? Обал ғой!» – деп екеуінің еріндерінің шегесін босатып, далаға алып шықты. Алып шығып, «шөлдеген шығар, суарайық» деп, судың жиегіне алып барып еді, екі арғымақ екі адам болды да жігітті ауыздан бір қойып талдырып тастап, қызды алып кетті де қалды. Қарақшы келсе, сарайлардың бәрінің аузы ашық жатыр. «Аһ! Құдай ұрған екен», – деп жүгіріп, судың басына келсе, жігіт талып жатыр, қыз жоқ. Жігітті су бүркіп тірілтіп алды да айтты: «Ол екі арғымақ болып тұрған қыздың ағасы перінің жаны еді, енді ол қызды қолға түсіріп алу қиын болар», – деді де — «жарайды, мен соны қайткен күнде де тауып әкелемін», – деп, кетті де қалды. Жігіт сарайда жата берді. Қарақшы ұшып отырып, баяғы жігіттің бедеумен ұшып келген ақ отауға келді.
Келсе, қыз төсекте жатыр. «Е, мұның не, неге келдің?» – деді қарақшы.
— Қайтейін, ағаларым тартып әкелді, мен не айла істейін? – деді перінің қызы. Бағанағы байлаулы тұрған екі арғымақ қыздың екі ағасы: Қара пері, Ақ пері деген екі перінің жаны екен.
— Сен бүгін ағаларың келгенде, есіктен төрге домалап жыла. Сонда «неге жылайсың?» десе, мен үйде сарғайып, ойын жоқ, күлкі жоқ жатамын. Сендер барлық қызықты көресіңдер, тым болмаса, ойнап отырайын, маған жандарыңды беріп кетіңдер де, – деді де қарақшы тығылып кетіп қалды.
Әлден уақытта қыздың екі ағасы Ақ пері мен Қара пері келді. Келсе, қарындасы шашын жайып, есіктен төрге, төрден есікке домалап жылап отыр. «Қарағым, саған не болды?» – деді екі пері.
— Күн бататын емес, сарғайып отырамын, қызықтың бәрін сендер көресіңдер, тым болмаса ойнап отыруға жандарыңды беріп кетіңдер, – деді.
— Ойыншық тауып әкеліп береміз, – десті де түнде жатып, аздан соң олар кетіп қалған кезде, қарақшы келді.
— Айттың ба? Не деді? – деді қарақшы.
— Ертең ойыншық тауып әкеліп берейік, – деді.
— Жарайды, бүгін тағы солай жыла, бүгін неғып бермес екен, Ақ пері ақ көңілдеу еді, сол берсек берейік дер, дәл Қара періні білмеймін, мінезі жаман еді, – деді қарақшы. Соны айтты да қарақшы шығып кетті. Қыз тағы да күндегідей жылап отырғанда, екі пері келді.
— Неге жылайсың? – деді перілер. Күндегі сөзін айтты. Ақ пері тұрып: «Жылатпай, берсек берейік», – деп еді, Қара пері: «Тек, болмайды», – деп қағып тастады. Ол күн онымен өтті. Ертеңгісін қарақшы келіп сұрап еді, қыз айтқандарын түгел айтып берді. «Бүгін тағы жыла, бүгін неғып бермес екен» – деді де тығылып кетті қарақшы. Күндегідей шашын жайып, есіктен төрге домалап қыз жылап отырғанда, перілер келді. «Неге жылайсың?» – деді перілер.
— Әбден ішім пысып өлер болдым. Тек осы үйді күзетем де отырамын, маған ойнап отыруға, тым болмаса, жандарыңды беріп кетпейсіңдер! – деді қыз.
Перілер ақылдасып: «Жарайды, таңертең судың жиегіне бар, кішкене жел тұрса, сумен ағып бір ақ сандық келеді. Оның ішінде сары сандық бар, сары сандықтың ішінде екеуіміздің жанымыз бар. Соны ал да ойнап отыр. Сол ермек болады», – десті. Қыз қуанып кетті, перілер күндегісіндей кетті. «Ау» деген кезде қарақшы келеді. Айтқанындай, перілер кеткен екен, жалғыз қыз қуанышты отыр.
— Не деді? Жандары қай жерде екен? – деді қарақшы.
— Осылай судың жиегінде екен, – деді қыз. Қарақшы қызды жетектеп алып, айтқан судың басына келді. Келіп әлі тосып тұр, әлі тосып тұр. Бір уақытта жел тұрды. Сөйткенше болмай, сумен бір сандық ағып келді. Сандықты қолтығына қысып алып, қызды жетектеп, қарақшы сарайына келді. Келсе, жолдасы да жүдеп қалған екен. Қызды қосып беріп қоя берді. Сонымен бірсыпыра уақыт өтті. Бір күні жігіт: «Үйімді, әке-шешемді сағындым, соны қалай көріп келсем екен?» – деді.
— Ол оңай, – деді қарақшы. Жігіт бағанағы сандықтың ішін ашса, бір адамның суреті тұр екен. Алып, қабырғасынан қысып қалып еді, екі пері: «Ай, ағатай, не қыл дейсің?» – деп жетіп келді. Қарақшы перілерге:
— Сендер бүгін түнде осы шаһарды пәленше ханның шаһарының жанына қондырыңдар! Біздің ұйқымызды бұзбаңдар. Сонан соң біздің шаһардың салтанаты ол ханның шаһарының салтанатынан артық болсын. Шаһардың түбінен бұлақ сылдырап ағып жатсын, құстары қиқулап ойнап жүрсін. Бұлақтың жан-жағында жемісі пісіп, ағаштары мөлдіреп тұрсын, қаз, үйректер бұлақта ойнап жүрсін, – деді.
Екі пері кетіп қалды, бұлар жатып ұйықтады. Бұларда дыбыс жоқ. Жігіттің әкесінің шаһары тозыңқыраған ескі шаһар еді. Таңертең уәзірлері тұрып жүрсе, Құдайдың құдіретімен бір шаһар пайда болып қалыпты. Уәзір ханға айтып келді:
— Сұмдық бір шаһар қонып қалыпты, кеше кешке жоқ еді, жын ба, шайтан ба, білмеймін, – деді.
Хан: «Жылдам барып, біліп келіңдер! Ол не қылған адам өзі, ханнан сұраусыз жанына қонған», – деді. Хан жарлығы екі бола ма, уәзір жүгіріп келді. Келіп ханнан кіруге рұқсат сұрады. Хан кіруге рұқсат берді. Ханның ордасына кіріп барса, баяғы кеткен өзінің ханының баласы. Жанында бір сұлу әйел отыр. Оны көрді де талып қалды. Мұны ханның баласы танып, бетіне су бүркіп тірілтіп алды да жөн сұрап, әкесінің амандығын сұрады. Үйінің амандығын айтып, ханның «бұл кімнің шаһары екен, біліп кел» дегенін айтты. Мұнан кейін уәзір үйіне қайтып келіп ханға айта келді: «Сіздің балаңыздың шаһары екен, сондай қызықты, жақсы. Оның хандығы мен сіздің хандығыңызды салыстырсақ, сіздің хандығыңыз оның қасында хандық емес және балаңыздың бір әйелі бар екен, ол сондай сұлу екен, ол әйелді мен ол балаңызға теңемедім, сіздің өзіңізге лайықты екен», – деді.
— Ол әйелін мен қалай көрер екенмін? – деді хан.
— Ол оңай, балаңызды ерулікке шақырыңыз, сонан соң көресіз, – деді. «О да дұрыс екен», – деп, баласын қонаққа, ерулікке шақырды. Жігіт әйелімен барды. Хан келінін көргенде талып қалды. Есін жиып алып, келініне ғашық болды. Қонақасын жеген соң, баласы кетіп қалды. Хан уәзірімен ақылдасты: «Бұл келінімді қалай аламын? Баламды қалай өлтіремін?» – деді. «Оған айланы мен табайын», – деді уәзір. Бұл ханның қаздары, құстары көп еді. Су болмаған соң, құстары баласының шаһарының жанындағы бұлақтан су ішіп, жайылып келіп тұратын еді. Қарақшы жер жүзінде малдың да, адамның да, аңның да тілін білетін еді.
Бір күні есік алдында тұрса, қаздар қаңқылдап сөйлесіп тұр. Қарақшы тыңдай қалды. Тыңдап тұрса, ана ханның келген қаздары бұл ханның қаздарына айтады: «Сендердің хандарыңды біздің хан өлтірейін деп жатыр, мұны сіздің ханға айтушы адам тас болып қатып қалмақ, бүгін у шашып, балама деп арнап, біздің хан киім тіккізді. Соны бір нарға артып әкелмек, оны кисе, сендердің хандарың өледі», – деді.
Қарақшы мұны естіп алып, көше жаққа қараса, алыстан нарға артып әкеле жатқан бірдемені көреді. Үйге келіп, еңкілдеп жылай бастады. Хан жүгіріп келіп: «Неге жылайсың?» – деді. «Жыламай қайтейін, сенің әкең саған киім тіккізіп әкеле жатыр. Менің әкем болса, маған да әкеліп бермес пе еді?» – деді. «Е, жылама, маған әкелген киім, саған әкелген емес пе? Неге жылайсың?»
«Жоқ, сонда да әркімнің маңдайына басқаны жақсы ғой», – деді. «Ендеше, сол киімді саған бердім. Соны сен-ақ ал», – деді. Мұны естіген соң Қарақшы қуанып, далаға шықса, бір нарға артқан киім келіп тұр. «Бұл не?» – деп сұрады.
— Бұл ханның баласына беріп жіберген киімдері, – деді.
— Жарайды, бері әкел! – деп, қарақшы нарымен қосып, көшенің сыртына шығарып, үстіне май шашты да өртеп жіберді. Жігіттің көңіліне келіп жүрді, «бұл несі, маған деген нәрсені не өзі пайдаланбай, не маған кигізбей өртеп жібергені несі?» – деді ішінен. Мұнан кейін бірнеше уақыт өтті. Хан баласын мұнымен өлтіре алмаған соң, басқа амалдар істепті. Тағы бір күні қарақшы далада тұр еді, қаздардың өзара қаңқылдасып, әңгімелесе бастағанын тыңдай қалса, бір қаз бұл жақтың қазына айтып жатыр:
— Сендердің хандарыңды өлтіруге бір сары маса, бір осырақ қоңыз, бір жылан асырады. Жыланның шаққаны – у, шағып өлтірмек, қоңыздың осырғаны - у, ол осырып өлтірмек, ал сары масаның шаққаны - у, о да шақпақ. Егер мұны айтушы адам болса, өзі тас болып қатып қалмақ, – деді. Мұны естіп алып, қарақшы аңдуға кірісті. Бір күні түнімен аңдып отырса, бір жеті құлаш жылан есіктен ақырын кіріп келеді екен. Басын кесіп алып, жыланды бір жерге көміп тастады. Ол күні онымен өтті. Келесі күні тағы аңдыды, қарап отырса, түн уақытында бір осырақ үлкен қара қоңыз шымылдықтан кіріп барады екен жорғалап, оны өлтірді. Ол күні онымен өтті. Қарақшы тағы аңдуда тұрып жүрді. Біраз уақытқа дейін ештеңе білінбеді. Енді бір күні қарақшы аңдуда тұрса, жігіттің бетінде бір сары маса ызыңдап жүр. Жылдам жүгіріп барды да қолымен қағып аламын дегенде, шынтағы жігіттің танауына тиіп кетіп, оянып кетті. Тұра келсе, шымылдықтың ішінен қарақшы шығып бара жатыр. Жігіттің ойына тікелей арамдық кірді: «А, мынау шіркін, менің әйеліммен бір шатағы болмаса игі еді. Бұл біздің шымылдыққа кіретін не жұмысы бар? Әнеугі әкемнің жіберген киімін өртеп жібергенде де «мені әдеміленіп кетеді» деп, өртеді-ау, ә?» – деп көңіліндегі сұмдықтың бәрін көз алдына келтірді. Мұнан кейін қарақшы келе жатса, ала кететін әзірейілдей көрді. Мұны қарақшы білді. Енді не істеу керек? Айтып өлейін десе, жан тәтті. Айтпайын десе, жанын алып қалған жолдасы, қанша еңбегі далаға кетіп барады.
— Қой, енді мұны айтпай болмас, – деп ханның баласын әйелімен екеуін жетектеп баяғы өлтіріп кеткен жыланның қасына алып келіп, жыланды қысып алып қараса, жылан өлмей шала-жансар жатыр екен. Суырып алды да бір тірі қойды алып келіп құйрығына жыланның басын апарғанда, жылан қойды шағып алғанда, қой сол сәтінде сеспей қатты. Мұны көрген соң, қарақшы айтты: “Өлім біреу, сенен күнде өлгенше, бір-ақ өлейін, мұны айтсам, мен қара тас болып қатып қалмақпын, мынау сенің әкеңнің әйеліңді алу үшін сені өлтіруге жіберген уы, мұны мен көріп өлтірдім. Және қоңыз жіберді, «шаққаның у болсын» деп, оны өлтірдім. Және сары маса ұшырып жіберіп еді, оны өлтіру үшін қолыммен қағып қалғанымда, сенің ойыңа арамдық кірді, әкеңнің «сені өлсін киіп» деп жіберген у шашқан киімін өртеп жібердім, оны сен қастық деп…” сөзін бітірер-бітірместе қара тас болып қатып қалды. Көр жыла, жер жыла ештеңе болмады, талықсып қалысты. Ертеңгісін естерін жиысып алған соң, әйел тұрып: «Ойбай, сол ағатайдың өзі ана бұрышта бір жапырақ жинап жүретін, бір тірілтсе, сол тірілтеді», – деп, жүгіріп үйдің бар бұрыштарын аралап жүріп, бір жапырақ шөп тауып алып келді. Жаңағы жапырақты кісі қалпында тұрған тастың қолтығынан, шабынан сипап еді, тас кісі қалпына келіп, тіріліп кетті.
Хан ат шаптырып той қылып, тойда халқына жариялап әкесін, уәзірлерін өлтіріп, оның орнына қарақшыны хан қылып, әкесінің он бес қатыны бар еді, оның жас тоқалын тигізді.
Сөйтіп, екеуі екі жерге хан болып мұратына жетіпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Қыран қарақшы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қыран қарақшы для детей на казахском языке, балаларга Қыран қарақшы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Қыран қарақшы, ертегилер казакша оку, Қыран қарақшы