Өгіз бен есек

 Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып. – Біз бұл бауға ұрланып кіріп тұрмыз ғой, дыбыс шығарма.

Бұған көнгісі келмеген есек:

– Қарын тойған соң ақыру керек, тоғың басылады. Содан абзал не бар? – депті екіленіп.

Өгіз:

– Қой, қой!.. – десе, тыңдамапты.

Одан әріге төзуге дәті жетпей, еліре ақырып-ақырып жіберіпті. Есектің бау ішін жаңғыртқан ащы даусын естіген соң, бағбан келеді де өгіз бен есекті ұстап алады.

– Есірген екенсіңдер, көрейін күштеріңді, – деп, есекті тас диірменге жегіп, көп машақатқа салыпты. Ал өгізді сойып, етін қақтап, сорпа-суға қарық болыпты.

Сөйтіп, есектің есерлігінен өгіз ажалға ұшырапты да есектің өзі ауыр азап шегіпті.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру