Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дене шынықтыру | Жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымы және қимыл-қозғалысы қабілеттерінің дамуы

Спорттық жаттығу өзіне даярлықтың негізгі бөлімдерін немесе салыстырмалы түрде дербес қырларын: техникалық, дене қасиеттері, тактикалық, психологиялық, теориялық және интегралдық қырларын қосады [9,13,28].
Осындай құрылым спорттық шеберліктің құрамдас бөліктері туралы түсінікті ретке келтіреді, оларды жетілдіру тәсілдері мен әдістерін, спорттық жетілдірілу процесін басқару мен бақылау жүйесін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.
Бұл ретте даярлықтың қырларының әрқайсысының оның басқа қырларының жетілгендік дәрежесіне байланысты болатындығын, олармен анықталатындығы және, өз кезегінде, олардың деңгейін анықтайтындығын ескерген жөн болады [11,23,45,].
Зертеудің өзектілігі.Волейболдағы жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің, қасиеттерінің көрініс табуы айтарлықтай алуан түрлі, сондықтан олардың әрқайсысын дамыту мен тиімді жетілдіру тиісті ғылыми негіздеуді талап етеді. Басқа да спорттық ойындардағы секілді, волейбол ойнау барысында қарсыластардың күтпеген әрекетеріне жылдам жауап қайтару, ойынның жекелеген техникалық тәсілдерін орындаған кезде жоғары жылдамдық қасиеттерін көрсету, бағыт-бағдар алу жылдамдығы, уақыттың қатаң тапшылығы жағдайларында орын ауыстырулардың, шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттердің қажеттілігі, командадағы серіктерімен күрделі өзара ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары

«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады.
Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Бүгінгі БАҚ-да әсіресе, мерзімді баспасөзде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің ең бастысы - халықтың өз Отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу болса, біздің міндетіміз қазақстандық патриотизмді орнықтыруға, әрі қарай дамыта түсуге, яғни жастардың осындай сезімін күшейтіп, сол арқылы кез-келген азамат пен азаматшаны өз ұлтын, тілін, ділін, дінін сүюге бағыттау. Оларға патриоттық тәрбиені насихаттап, сол жолмен жүруге итермелеу. Бұл азаттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, қазақстандық патриотизмді орнықтыруды мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс.
Сондай-ақ, оларды тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратын нәрсе - ол өз еліміздегі патриоттық, яғни қазақстандық патриотизмнің өркендеу, даму тұсы. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті де өз кезегінде жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу, тарихи тұлғалар арқылы үлгі-өнеге насихат жүргізу бағытындағы шығармашылық ізденістері көңілге қонымды. Расын айту керек, «Атырау» газетінің көтеретін жүгі салмақты, тақырыптары сан алуан. Әсіресе, «Заң және заман», «Атамекен», «Талбесік», «Ғибрат», «Бірінші байлық», «Ақжаулық», «Сымбат», «Күміс қоңырау», «Сыр қайнар», «Сұраңыз, жауап береміз» сияқты арнаулы беттер оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Әр оқырман ең алдымен өзіне, қызметіне қатысты мақалаларды іздейтіні даусыз. Осы ретте газетте оқырман сұраныстарының барлығы да қамтылады десек артық айтпаған болармыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезенінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен кәсіпорынның өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Яғни өнеркәсіп орындарда еңбек ақы төлеу жүйесін қалыптастыруда, тек жекелеген жұмысшылардың ғана емес, тұтас өндірістегі жұмыстың қарқыны мен нәтижесін көтеруге сонымен қатар жұмысшыларды ынталандыру жүйесін, құрылымын ұйымдастыруға, жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік - экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.Және үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстваларда тіркеу арқылы заңдастыру жөнінде бір реттік акциялар өткізіп, тетіктерін әзірлеуде.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақ кітабы таралымы мен тарату мәселелері

Бітіру жұмысымды Абай атамыздың мына бір өлеңімен бастағанды жөн көрдім:
Пайда ойлама ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,- деп өлеңге қосуы тегін емес.
Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы тауар – өтімді тауар.Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз тауар деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Мемлекеттiк бюджеттік саясат және бюджет жүйесін реформалауды жетілдіру жолдары

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Жаңажол кен орында электрлі ортадан тепкіш сораптардың тиімділігін арттыру

Кіріспе
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсібінің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда, олардың қатарында Жаңажол кен орны жатады.
Жаңажол кен орны 1978 жылы ашылып, пайдалануға 1986 жылы берілді. Каспий маңының мұнай – газдылық мүмкіндігі, тұзасты кешенінде ірі кен орындарының бірі Жаңажол ашылғаннан кейін күрт артты.
1 Техникалық – технологиялық бөлім.
1.1 Кен орын бойынша жалпы мәлімет.
Мұнайгазконденсатты Жаңажол кен орыны Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 240 шақырым жерде, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Мұғалжар таулары мен Ембі өзенінің дала аймақтарының арасында орналасқан.Жақын қоныстанған бекеттер болып ,кен орыннан солтүстік – шығысқа қарай 15 шақырым жердегі Жаңажол совхозының аумағы және солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жердегі жұмыс істеп тұрған Кеңқияқ мұнай кәсіпшілігі саналады.Жақын маңындағы теміржол станциясы болып, кен орынның ауданынан 100 шақырым жердегі Мәскеу – Орталық Азия теміржол торабында орналасқан Ембі станциясы болып табылады. Жаңажол кен орынынан солтүстікке қарай 130 шақырым жерде, Октябрь қаласында МГӨБ АҚ “Ақтөбемұнайгаз” өңдірістік кәсіпорыны орналасқан.
Жер бедері әлсіз жоталы жазықтан тұрады. Жер бедерінің абсалютты белгілері +125 – 270 м аралығында болса,ал минималды белгілері кен орынды оңтүстік – батыстан шектейтін Ембі өзенінің маңында кездеседі.
Ауданның гидрографиялық бөлігі Ембі өзенімен байланысты сипатталады. Ол кен орынның оңтүстік – батысында 2 – 14 шақырымға созылған.Суы минералданған,техникалық мақсаттарда пайдаланады.Ал тұрмыстық мақсаттарда құдықтардан алынатын су пайдаланады. Ембі өзенінің және құдықтарда судың деңгейі 2 м немесе оданда көп құрайды. Ембінің сол саласы – Атжақсыда тұрақты су ағынының болмауынан,суға тек қана көктем мезгіліндегі су тасқындарының арқасында толады.
Ауданның ауа-райы құрғақ,жоғары континентальды және жылдық пен тәуліктік температуралардың болуымен, аса төмен ылғалдықпен сипатталады.Қожай метеостанциясының мәліметтеріне сүйенсек,қыстағы температура минимумы –40 градусқа жетсе, ал жаздағы температура максимумы +40 градусқа жетеді.Ең суық қаңтар мен ақпан айлары болса,ал ең ыстық шілде айы болып табылады. Қатты желдер мен борандардың соғуы, қаңтар мен ақпан айлары үшін тән.
Топырақтың қату тереңдгі 1,5-1,8 м – ді құрайды. Ортажылдық, атмосфералық жауын – шашын мөлшері үлкен емес және жылына 140 – 200 мм – ге жетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау

Дипломдық жұмысының мақсаты – берілген өзен бекеті бойынша жылдық ағынды сипаттамаларын анықтау. Ол үшін алаптың физикалық-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады. Есептік кезеңді таңдау үшін, айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және қатар біртектілігін тексеру үшін, жиынтык интеграл қисығын, сондай-ақ, қалыпты ағындының қамтамасыздық қисығы тұрғызылады.
Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы,
3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.
Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.
Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0,03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.
Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км2) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық