Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Биология | Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы тұқым шаруашылығын енгізіу

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық, экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын, экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды, әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1].
Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді (ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені, тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30 пайызға дейін жоғарылатуға болады [2].
Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар, түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3].
Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау тұқымдық материалдарды қолдану керек.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ күй философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық қатынастар | АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты

Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады.
Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылдық округінің топырақтарының мониторингі және оларды пайдалану жолдары

«Майбұлақ» совхозынан өзгертілген Ағыбет ауылдық округының 1980 және 1981 жылдардағы Шымкент филиалы «Казгипрозем» институты мамандарының жүргізген ірі масштабты топырақ зерттеу жұмыстары жаңартылды.
Топырақты ауқымды зерттеу жұмыстарының мақсаты топырақтың құнарлылығын арттыру және топырақтың құнарлығын жоғарылатуға бағытталған шараларға қажеттіліктерді айқындай отырып, жерді пайдаланудың ең тиімді әдістерін әзірлеу үшін топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, ауыл шаруашылық жерлерін анықтау және есепке алу болды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ШБҚРМК ЖКҒӨО (Шаруашылық басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы) филиалының мамандары тағайындаған мерзімге байланысты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылының аумағында 2017 жылы топырақ материалдары жаңартылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы сауын қондырғыларын санитариялық өңдеу шараларының тиімділігін бағалау

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Iрі қара шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Сапалы жем-азық базасы, қазіргі заманғы озық технологиялар шошқа шаруашылығын дамытуға, мал басын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік беретін алғышарттар дейді жергілікті ғалымдар.
Біздің өңірде шошқа шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол дейді мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Виктор Сиволап. Бірінші кезекте аграрлық өңір болғандықтан мол астық өсіру шошқа басын көбейтуге жағдай туғызады. Десек те, соңғы жылдары аталған саланың мейлінше кенжелеп қалғаны рас. Бүгінде облыста 280 мың шошқа өсіріледі. Бұл тоқсаныншы жылдардағы деңгейдің 60 пайызы.
Ғалымдардың пікірінше, шаруашылықтарда ресурс үнемдеу технологияларын пайдалануға аз көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде үздік әлем стандарттарына сай ет өндіруге мүмкіндік береді. Әдетте технологиялар үлкен шығынды қажет етеді. Дегенмен, осы күні олар шошқа өсіруде мүлде қолданылмайды деп айтуға болмас. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Кәсіпорындағы менеджментті тиімді ұйымдастыру жолдары

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің шығармашылық өрісі және лирика жанры

Кіріспе

"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. Сөз жоқ, аты аталған ақындардың ішінде Сұлтанмахмұт, Сәкендерді, олардың мол туындыларын кешегі мен бүгінгі қазақ баласы түгел дерлік білері анық. Әйтсе де сол ақындар қатарында оқырманға есімі таныс емес, шығармалары халыққа таралмаған, әлі де болса филолог-ғалымдардың тарапынан зерттеуді қажет ететін ақын бар. Ол - Бернияз Күлеев.
Б.Күлеев XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, жалынды жырлар жазып, кезінде қоғам ісіне де араласып, өмірден жастай өткен ақын.
Бернияздың өмірбаянына қатысты деректер өте мардымсыз, тапшы. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ газеттеріне шыққан замандастарының бірлі-жарым естеліктері мен бірді-екілі монографиялық еңбектердегі ақын өміріне қатысты айтылған деректер ғана.
«Ақын өмірбаянының алғашқы, негізгі биографы - ақынның замандасы жақын жолдасы Мерғали Ешмухамедұлы. М.Ешмухамедұлының ақын өмірбаянына қатысты алғашқы дерегі оның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты жазылған «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 30 наурыз күні шыққан №72 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз» деген мақаласында берілген.
Бұдан кейін «Еңбекші қазақ» газетінің 1923 жылғы №19 санындағы ақын қазасына байланысты берілген «Бернияз Күлеев» деген азанама - мақаласын, «Тілші газетінің» 1923 жылғы 20-наурыздағы №28 санындағы Мағжан Жұмабаевтың «Бернияз Күлеев» деген мақаласын ақын өмірбаянына қатысты аздап деректер алуға болатын нұсқаларға жатқызуға болады.
1976 жылы шыққан Қазақ Совет энциклопедиясының 6 томында ақын өмірбаянынан қысқаша мәліметтер берілген. Сондай-ақ Қазақ Совет әдебиетінде Бернияз есімі қысқаша айтылып өтсе, «XX ғасырдың басындағы әдебиет» (Хрестоматия. А., 1994), «Екі мыңдық дала жыры» атты жинақта (А., 2000 ж.) өмірі жайлы қысқаша дерек беріп, бірді-екілі өлеңдерін «Қазақ әдебиет» энциклопедиясында сөз етсе, А.Нұрқатов өзінің «Жалғасқан дәстүр» (1980, А.) еңбегінде ақынды Абаймен салыстыра талдау жасайды, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1997, 1990, 2000, т.б. жылғы сандарында мақалалар жарияланып тұрды.
Б.Күлеевтің өмірі мен шығармаларына тереңірек тоқталған Ы.Дүйсенбаевтың «Эпос және ақындар мұрасы», Жәмбеков Сәбит Нұрмухамбетұлының «Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасы» деген тақырыпта 1997 ж. қорғалған диссертациясы, т.б. деп атауға болады.
Б.Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы, Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының №1-ші ауылында (қазіргі Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның үйінде дүниеге келген. Жанұясында оқыған, көзі ашық адамдардан тәрбие алған болашақ ақын жастайынан зейінді зерек болып өседі. Талапты да зейінді, Бернияз көркем әдебиет нұсқаларын құштарына оқып, орыс, қазақ татар классиктерінің шығармаларымен жете танысуды мақсат етіп, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай, Тоқайлардың өлең-поэмаларын ерекше ынтамен оқиды. Кейінірек С.Торайғыров, С.Дөнентаев тағы басқа өзінің замандас жазушылардың шығармаларына ерекше назар аударып, солардың жеке жинақтарын басып шығару жүмысына белсене атсалысады. Сонымен қатар, М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтардың шығып жатқан дүниелеріне зер салып, ерекше назар аударып отырады. Әсіресе, ақын лирикасының болашақ сипатына әсер еткен М.Жұмабаев, С.Дөнентаев және Бөртеде оқып жүргенде Ресейдегі болып жатқан дүниежүзілік маңызы бар әртүрлі қоғамдық сілкіністер ақын сана-сезіміне әсер етіп отырған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | С.Қирабаевтың шығармашылығы

Кіріспе
Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар:
«Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос».
Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы.
Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ.
Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек.
Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз.
Тақырыптың өзектілігі: Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір тану дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен қатар, шығарманың қоғамдық маңызын оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен жетістіктері көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте алынып сипатталады.
Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.....
Дипломдық жұмыстар
Толық