Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта құру процесінің төменгі деңгейімен сипатталады.Негізгі капиталдың істен шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қасқа мерзімді несиелерді құрайды.Мұнда әлі де болса өз шешімін таппаған мәселелер аз емес.Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты.Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің маңызы жоғары.Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы

Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.
Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.
Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазі¬ргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды.
Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрі

Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмыс кіріспеден, екі тараудан, оның ішінде төрт тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу нысаны: Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрінің көркемдік қырларын жан-жақты зерттеу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: бітіру жұмысының негізгі мақсаты Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрінің көркемдік идеясының, эстетикалық қуатының, мән-маңызының алатын орнын анықтау. Кезінде әдебиеттанушылар даулы тақырыпқа айналған мәселенің бірі - Абай мектебінің төңірегі болатын. Абай мектебінің көрнекті өкілі Әріп шығармашылығындағы ұстаз өнегесі дәстүрлі мектептің айқын көрінісі іспетті. Сонымен қатар, Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай тәлімімен қатар авторға тән жеке стильдік ізденістерді, жаңа тыныс пен тың тақырыптарды көтергені жайында сөз қозғау.
Жұмыста қолданылған дерек көздері: ғылыми-теориялық зерттеу еңбектері, диссертация, газет, журнал материалдары, көркем мәтін т.б.

КІРІСПЕ
Әріп Тәңірбергенов ақындығы, ғұламалығы жөнінде кенжелеп алсақ та, қазір ол туралы айтылып та, жазылып та жүр, бұл жағынан жұртшылыққа біршама танымал деп айтуымызға әбден болады. Жан-жақты білімді, көп оқыған кемел ақын Әріп Тәңірбергенов артына мол мұра қалдырды. Өкінішке орай, олар Қасым ақын айтқандай, «арбасқан алақұйын заманалардың» салдарынан бізге толық жетіп отырған жоқ /1,18/. Мұны зерттеуші Қ. Мұхамедханұлы да қадап айтады. Оқырман қауым Әріп өлеңдерімен алғаш рет 1969 жылы «Жазушы» баспасынан «Ұмытпаңыздар мені» деген атпен шыққан шағын жинағы арқылы хабардар болса, екінші рет 1995 жылы Қайымның «Абайдың ақын шәкірттері» атты зерттеу еңбегі жарық көргеннен кейін ғана кеңірек танысуға толық мүмкіндік алды /1,23/.
Өйткені ол ақ патша өкімдерінің әңгір таяғымен азап шеккен қазақ ауылының тіршілік-тынысы ғана емес, оның экономикалық, саяси-әлеуметтік проблемаларын да жақсы білді. Халықтың зорлық-зомбылықтан, озбырлық-заңсыздықтан күйзелген шаруашылығын, титықтаған тұрмысын, аянышты ахуалын да көрді, оның неліктен бұлай болып отырғанын әшкерелеп, оны жөндеу жөнінде өз ой-пікірлерін, өз байлауын ортаға салды. Сондықтан да оқырман қауым оның үніне үнемі құлақ түріп отырды /2,65/.
Әріп ақын қазақ елінің мәдениеті мешеу, тарихы белгісіз «бұратана» ел атануына намыстана қарады. Әсіресе, қазан төңкерісі алдындағы «қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық» деп есептеген шовинистік пиғылдағы пікірлер де намысына тиді. Ол оның халқымыз, ел-жер тарихын білмегендіктен екенін аңғарды. Ұлы ұстазы Абайдың дүниетанымы мен көмегі оған халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп оқуға жөн сілтеді. Әріп өзге халықтардың ғылым, біліміне кітап арқылы саяхат жасап білім іздейді. Ол арабша, парсыша, орысша, қытайша, түркі халықтарының тілінде жазылған трактаттарды, діни кітаптарды оқи білді. Өткен тарихымызға деген қызығушылық, орыстың ғылыми еңбектері ғана емес, әлем әдебиеті мен ғылымына жетеледі. Халық ауыз әдебиетінің қайнарынан мол сусындап, батыс-шығыс елдерінің әдебиеті мен мәдениеті мен мұндалап тартты. Елінің тарихы және мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігі өмірінің соңғы сағатына дейін сақталды /3,54/.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі.
Әріп шығармашылығындағы жанр ерекшелігі сан алуан. Оның шығармаларындағы дүниетаным, көзқарас – сол заманның келбетін сипаттайтын, ел тарихы мен дәстүріне терең үңіле, айшықты жазылған, бірде эстетикалық, бірде діни-философиялық және этнотарихи, қоғамдық пікір-таласқа қызу араласатын сан алуан тақырыпты қамтып, мұның өзі сан алуан ғылым саласына қосар үлесі бар бай қазына десе де болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

Кіріспе
Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.
Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40]
Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Солақайлықтың психологиялық негізі

Кіріспе
Өзектілігі. Адам жан дүниесінің қилы – қилы қыр сыры мен тіршілік әрекеті зерттейтін психология ғылымы – бірден – бір жетекші ғылым психология болғандықтан, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды.
Психология сферасы өте кең және қызықты бүгінгі таңда да көптеген шешілмеген сұрақтар, жасырын феномендер және де түсініксіз құбылыстарға толы.
Солақайлық- баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды және бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.
Солақай – баланың оқу мен тәрбие үрдісінде ерекше ескеретін маңызды жеке бас ерекшелігінің бірі. Ол ауруда, кемістікте емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты болып келеді. Солақайлардың ми қызметінің өзіндік ерекшелігі бар.
Солақай бала деп «сол қол» кестесі бойынша қосулары көп баланы айтамыз. Егер мұндай балалар жазуға үйрену кезінде қаламды сол қолына алып ыңғайланса, онда «оң қолмен жаз» деп талап етудің қажеті жоқ. Кейде бала « оң қол» кестесі бойынша қосуларды көп алса да, бірақ суретті оң қолға қарағанда сол қолмен жақсы салса, онда оң қолымен жазуға итермелеу, талап ету керек емес ( егер бала өзі сол қолмен жазуға талпынған жағдайда) .
Баланың бір қолының басымдылықпен анықтау мектептегі оқу жүгбесіне енген кезде қиындықтардың алдын алу мен баланың табиғи мүмкіндіктерін толық пайдалану зор маңызға ие болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
1) Бала солақайлығының мектеп сатысында кездесетін қиындықтың бірі деп есептеп, зерттеу жұмысын жүргізу.
2) Солақай баланың іс-әрекетті орындау барысында табыстарға жетуі: оң қолды балалармен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсететіндігін айқындауөзектілігі:
Қазіргі кезде солақайлық мәселесі және де оның себебі неде деген сұрақтың әлі нақты анықталған жауабы жоқ, әрі солақайлардың оң қолдардан еш айырмашылығының байқалмайтындығы оның негізінің патологияға қатыссыздығы, әрі ақыл – ойы кемістермен қатысының жоқтығы деуанықталады. Соңғы кезде сол қола жетекші «оң жартышарларлы» балаларға көңіл бөлу қолға алынып отыр. Көптеген зерттеушілердің айтуынша, таңда мұғалім баланың іс-әрекеттегі жетекші қолын анықтап оны І-ші оқу күнінен бастап назардан тыс қалдырмағаны абзал. Және осы мәселе туралы тереңірек ойлану керек.
Қазіргі уақытта, осы солақайлық мәселесі оқу іс-әрекетіне қолай әсер ететінін дігі туралы жан-жақты білім болуы керек. Ол үшін мынадай шаралар қолдану керек: лекция оқу, индивидуалды жұмыс істеу, тренинг жүргізу т.с.с.
Практикалық маңыздылығы:
Қазіргі кезде, уақытта мәселесі негативті құбылыс ретінде емес, керісінше оны нақты булыс ретінде қаратырамыз. Егер мектеп кезінен бастап осы мәселеге көңіл аударып, онымен жұмыс істесе, солақайлық оқу іс-әрекетіне ешқандай қиындық туғызбайды.
Біз жұмысымызда солақайлықтық оқу іс-әрекетіндей ерекшеліктерін, оңақай балалармен салыстырғанда айырмашылықтары бар екенін көрсете алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Macromedia Authorware қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасау

КІРІСПЕ
Macromedia Authorware ең алдымен қашықтықтан оқытуға электрондық оқулық жасауға арналған. Мұның артықшылығы осында. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуға қысқаша тоқтала кетсек.
Қашықтықтан оқыту деп – бұл студентттің өзіндік жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік ашатын, мұғалім мен студент кеңістік немесе уақыт аралығында бөлініп тұрсада, телекоммуникациялық құралдардың көмегімен кез келген жағдайда тапсырма алып, оны орындай алатын соңғы үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етілген оқыту жүйесін айтады.
Қашықтықтан білім берудің негізгі мақсаты – оқушы немесе студен кез келген уақытта ақпараттық кеңістікті еркін пайдалану арқылы жан – жақты білім алу болып табылады. ҚР СТ 34.016-2004 «Қашақтықтан оқытуды техникалық және бағдарламалық құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен 2004 жылғы 10 шілдедегі № 179 бұйрығымен бекітілген.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болады:
• кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
• кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
• оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
• білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар...
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.
Қашықтықтан оқытудың негізгі элементтері мынандай:
• оқыту курстары;
• тестілеу;
• жаңалықтар;
• ішкі почта;
• форум;
• электронды деканат;
• есеп берулер;
Macromedia Authorware – (оқу курстарында) интерактивті мультимедиялық программаларды жасауға арналған. Authorware пакеті материалдарды сан түрлі формада: мәтін, сурет, бейне және дыбыс түрінде бере отырып пайдаланудыда қоса қамтиды. Authorwareнің құрамына енетін құралдар қазіргі заманғы талаптар тұрғысынан алғандағы мүмкіндіктерді береді. Authorware пакеті материал ұсынудың түрлі формаларын: мәтін, сурет, бейне және дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануды есепке алған компактылы мультимедиялық қосымшалар жасауға арналған. Әрине, Сіз бұл аспапты басқа да пакеттредің көмегімен ‹‹әдеттегідей›› электрондық көрмелер (презентация), ұқсас тақырыптар даярлау үшін де пайдалана аласыз. Алайда Authorware ең алдымен, электрондық оқулық жасауға бағытталған. Осыған байланысты, көрме даярлауға арналған пакеттердің мүмкіндігіне қарағанда, мұның мүмкіндіктері анағұрлым кеңірек. Бұған қоса, мұнымен жұмыс істейтін пайдаланушы осы сияқты оқыту жүйесімен жұмыс істей отырып, Authorware туралы толық білім меңгере алады. Authorware пакеті арқылы оқыту курсын Ғаламтор желісі арқылы айқындауға да болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру әдістемесі

І тарау. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері.
1.1. Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні.
Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі- таным теориясы, оқушы тұлғасын жан - жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады.Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс -әрекет ретінде қарастырады.Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.
Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге , өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға , өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді.Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл - ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.Оқушылардың белсенділік танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі -білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде танымдық белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы , алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл - ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б.Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.
Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік -педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады.Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон, Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін- өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан- жақты жетілудің әрі обьекті, әрі субьекті екендігін жан- жақты негіздеген.Олардың пікірінше, белсенді ойлау адамның заттық, тәжірибелік іс- әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады.Өзіндік іс- әрекеті нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды.
Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді.Ол Мишель Монтень, Томас Мор, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты.Енді баланы өз бетінше әрекет ететін, саналы, ойлы, сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады.Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дінтану | Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!
Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық