Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.
Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) - қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі - Орта жүздің Қыпшақ тайпасының алтыбас руынан.
Ауылдың той-томалағы көкпарсыз, күрессіз өткен бе? Сондай жиын-тойларда кішкентай Қажымұқан да күреске қатысып, өз қатарын былай қойып, ересек жігіттердің өзін жығып кете беретіндіктен "бала балуан" атанады. Алайда оның алып күштің иесі ретінде алғаш танылуы О. Масляков деген орыс саудагерінің үйінде жалшылықта жүрген кезінен басталады.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05. 03. 1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27. 09. 1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған іздері сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.
Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ.
«Айтылар күні айтылмаса сөздің атасы өледі» деген екен бұрынғылар. Елтануға есепсіз үлес қосып отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңында сол хандықты құруға, нығайтуға, қорғауға еңбегі сіңген тарихи тұлғалар жөнінде де шындықтың бетін ашу мақсатымен «Тоғас хан» деген мақала жазып едім.